Туризм

Мұражайлар

«БЕРЕЛ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы

«БЕРЕЛ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 шілдедегі № 674 қаулысымен еліміздің аса маңызды мәдени-ағартушылық, ғылыми және туристік орталығы ретінде Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруі туралы Ұлттық идея мен мемлекеттік міндеттер контекстінде құрылды. «Берел қорғандары» ескерткіші мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2004 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық бағдарламасы аясында зерттеледі.
«Берел» мұражай-қорығы құрылуына негіз болған ескерткіш Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км қашықтықта орналасқан.
Нақтыланған деректер бойынша мұнда 100-ге жуық оба және басқа жерлеу-еске алу құрылыстары бар.

  • Туризм

 

«Ашық аспан астындағы мұражай» саркофагы

Шығыс Қазақстанда археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытудың аймақтық жоспары аясында Патшалар алқабында қорғандарды қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы атақты жерден ғалымдар адам сүйектері мен жеті құрбандық жылқы табылған б.з. д. IV ғасырдың соңына жататын № 2 қорған және б.з.д 294 жылы жерленген патша мен патшайым, олармен бірге жерленген 13 жылқы табылған, олжаға бай №11 қорғанды тапты. 2016 жылы №2  қорғанының аумағында шыны Саркофаг «ашық аспан астындағы мұражай» ашылды. Жерлеу орны үстіндегі шыны саркофаг келушілерге жерлеу шұңқырына түсуге және археологиялық құндылықтарды жақын көруге мүмкіндік береді.
Шыныдан жасалған ғимараттың ауданы 90 шаршы метрге тең, ал артефактілердің биіктігі 8,5 метрге жетеді. Саркофаг ШҚО әкімі Д. К. Ахметов пен «Элхон» ЖШС басшысы Лұқбек Тумашиновтың бастамасымен салынды.
2018 жылы 11 қорғанда ашық аспан астындағы мұражай ашылды. Жобаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасы бойынша «БЕРЕЛ» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы жүзеге асырды. Айта кететін жайт, қорған толығымен қалпына келтірілді, экспонаттардың көшірмелері қазба барысында қалай табылса, солай қойылды.

  • Туризм

 

Әбдікерім Ережепұлының мектеп-мұражайы

Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылындағы мектеп тек оқу орны ғана емес, нағыз тарих куәгері. Мектепті  1907 жылы Әбдікерим Ережепұлы Омбы дала генерал-губернаторының рұқсатымен салды, сол кезде «Ережеп орыс-қырғыз мектебі» деп аталды. Мұнда оқуға Ұлан, Күршім, Тарбағатай, Зайсан, Марқакөл, Катон-Қарағай аудандарының жастары келді. Әр жылдары мұнда қазақтың белгілі ағартушылары Сұлтанмахмұт Торайғыров және Оралхан Бөкей дәріс берген. XX ғасырдың ішінде оның атауы жеті рет өзгертілген. Ал 90-шы жылдары, тәуелсіздік алғаннан кейін, ғимарат жергілікті халыққа берілді, білім ғибадатханасы бұзылды.
2017 жылы «Элхон» ЖШС директоры Тумашинов Лұқбек Шабданұлының бастамасымен тарихи нысан қалпына келтірілді. Ауылдық мектептің тура көшірмесі Катонқарағай ауылынан әкелінген ескі қарағай қималарынан тұрғызылды. Мұрағатта сақталған фотосуреттердің негізінде ғимаратты өткен ғасырдың бас кезіндегі бейнесінде қалпына келтіруге мүмкіншілік туды.
Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында НКВД орналасқан ескі қарағай қималарынан құралған қабырғаларда араб, орыс әріптерімен жазылған ату жазасына кесілген, қамауда отырған адамдардың аты-жөндері осы күнге дейін сақталған. Қазіргі таңда кішкене сынып бөлмелерімен қатар тарихи құжаттар, тұрмыста қолданылған заттар қойылып, өткен заманда бақилық болған адамдардың аттары жазылған қабырға экспозиция болған бірегей мұражай орналастырылған.

  • Туризм

 

Оралхан Бөкейдің мұражай-үйі

Шыңғыстай ауылына келгендер қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ прозасының нағыз шебері Оралхан Бөкейдің мұражай-үйіне бара алады. Жақында О. Бөкеевті жас жазушы деп атаған еді. Енді ол қазіргі қазақ әдебиетінің орта буынын құрайтын, оның беделі, бүгіні мен болашағы үшін жауапкершілікті мойнына алатындардың қатарында. Роман, он бес повесть, сегіз пьеса, қырыққа жуық әңгіме, беделді атақ, Германиядан бастап Жапонияға дейінгі шетелді мойындату - осының барлығы оның ерекше талантын еселей білген үлкен еңбегінің арқасында болды. Жазушының отанында, Катонқарағай ауылында О. Бөкейдің «Кербұғы» повесі бойынша фильм түсірілді. Бұл біздің жерлесіміз шығармасының алғашқы экранизациясы.Таңдау кездейсоқ емес. «Қазақфильм» шығармашылық тобын повесттегі тек қана баяндаудың бірегейлігі емес, сонымен қатар автордың философиялық бастамасы қызықтырды.

  • Туризм

 

Катонқарағай аудандық тарихи-өлкетану мұражайы

Катонқарағай аудандық тарихи-өлкетану мұражайы 2012 жылдың 1 қыркүйегінде жұмыс істей бастады. 2013 жылдың 3 мамырынан бастап ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының №58 бұйрығымен «Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК-ның Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы филиалы ретінде тіркелді.
Музей қорында жұмысын жаңадан бастаған кезде 32 экспонат ғана болған, бүгінгі таңда мұражай қоры 5058-ден астам экспонатты құрайды. Жалпы ауданы 140 ш. м. ,ғимарат күрделі жөндеуден өткен. Бөлімдері: фауна және флора; археология және палеонтология; ақындар мен жазушылар; даңқ бөлмесі; музыка бұрышы.

 

Парақтар өзгертілді: 27-05-2019