Туризм

Шағын қонақ үйлер

«Самай» шағын қонақ үйі

«Самай» қонақ үйі Тарбағатай жотасының тау бөктеріндегі жайлы қайың орманда орналасқан. Өрел ауылына 12 км жетпей, сіз алдымен үйдің қызыл шатырын көресіз, содан кейін жол көрсеткіш бойынша оңға бұрыласыз, 150 м жүріп жайлы мекен-жайға жетесіз. Мұнда қонақтарды үй иелері Амангел мен Валентина Карабалиндар қарсы алады,демалуға қажетті барлық нәрсе бар екі қабатты жеке үйге орналастырады. Қонақ үй 6-8 адамды қабылдауға арналған. Бірінші қабатта ас үй бар, онда сіз өз бетінше тамақ дайындауыңызға болады, сондай-ақ үй иелеріне ақысын төлеп таңғы ас, түскі ас және кешкі ас дайындауды сұрай аласыз.

  • Туризм

 

«Ясная поляна» шағын қонақ үйі

Қонақ үй таза таулы өзеннің жанындағы аралас орманның жиегінде кең даласында орналасқан. Қонақтар үшін әрқайсысы бес адамға арналған үш аил бар. Аилдар нармен, матрастармен, көрпелермен, жастықтармен жабдықталған. Электр қуаты жүргізілген. Жақсы кең монша, екі сыртқы дәретхана салынған. Үйде тамақ дайындауға болатын асхана мен ас үй бар.

  • Туризм

 

«У Михалыча» шағын қонақ үйі

Қонақ үй Өрел ауылының жоғарғы жағында шекара заставасының маңында орналасқан. Үй иесі Юрченков Евгений Михайлович қызықты танымдық турлар, Өрел ауылының маңына экскурсиялар ұйымдастырады, ат серуендерін, Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің қызықты табиғи нысандарына, б.з.д. IV-III ғғ. Берел қорғандарына сапарларды ұйымдастырады. Қазақстан Алтайдың тарихы мен мәдениеті туралы қызықты әңгімелер айтады.

  • Туризм

 

«Шәкәрім» шағын қонақ үй»

Қонақ үйде үш бөлек бөлме, душ, дәретхана, қажетті шаруашылық керек-жарақтары мен ыдыстары бар ас үй бар. Тағамды өз бетінше дайындауға немесе үй иесі Токушева Бақыт Әбдекаримовнадан қазақтың ұлттық тағамдарын дайындауды сұрай аласыз. Тамақтану үшін жайлы асхана бар. Үйлену тойы, мерекелер және корпоративтік демалыс сияқты басқа да үлкен іс-шаралар өткізуге болатын 60 адамға арналған үлкен әдемі зал бар.

  • Туризм

 

«Заимка Климова» шағын қонақ үйі

Қайыңды ауылынан 3 км жерде орналасқан. 8-10 адамды қабылдауға есептелген. Аумақта часовня бар. Климова қыстауынан «Орман құпиялары»  бағыты (маршрут)  басталады.

  • Туризм

Дом отдыха  «НЕС» ( КЕМПИНГ)

Расположен 6 километрах от села Чингистай, вдоль республиканской трассы Основной вид деятельности: Оказание гостиничных услуг среднего и высокого уровня. Вместимость  15 человек. К Вашим услугам уютная столовая и сауна. Режим работы круглосуточно.

  • Туризм

 

Гостевой дом «Арман-Нұр тур»

Расположен в 13 км от села Урыль. Имеется гостевой дом юрта и кумысхана. Вместимость 15 койко-мест. Средняя цена 5000-7 000 тг за проживание

 

Парақтар өзгертілді: 24-05-2019