Туризм

Пантымен емдеу орталықтары

«Жанат» сауықтыру кешені

1998 жылдан бастап жұмыс істейді. Маусымдылығы - 25 мамырдан тамыз айына дейін. Шығыс Қазақстанның Катонқарағай ауданында, Үш Бұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5,5 км жерде орналасқан. Қызметтің негізгі түрі пантамен емдеу болып табылады. 1000 бастан артық маралы бар жеке марал шаруашылығы. Маралдар мүйізін кесуге жеке қатысу мүмкіндігі бар. Кешеннің жалпы сыйымдылығы -105 төсек орын. Бір қабатты стандарт нөмірлі үйлер, 2 қабатты люкс және vip коттедждер бар. Ұлттық және еуропалық тағамдар дайындайтын мейрамханада үш реттік тамақтану бар (жолдама құнына кіреді).
Емдеу курсына кіреді: табиғи панты өнімдерінің ваннасы, ыстық ингаляция, самырсын фито және пантыбөшкелер, панты өнімдерімен орау, денені скрабтау, аяқ ваннасы, бетке арналған пантогематогенді маскалар, кәсіби массаж, коктейльдер, фито шайлар, Марал пантыларының препараттары, дәрілік өсімдіктер мен ара шаруашылығының өнімдері, хиджама (қытай медицинасы), инемен емдеу, қымызбен емдеу (саумал, қымыз), бие сүтінен жасалған сүт ванналары. Сонымен қатар  жабайы маралдардың мекендейтін жерлеріне және көрнекі жерлерге атпен турларға, Бұқтырма өзенінің жағасына пикник -автотураларға, балық аулауға, фотоохотаға,  жидектер, саңырауқұлақтар мен дәрілік өсімдіктерді жинауға, фин саунасында,  Sony PlayStation 4 ойын бөлмесінде, кітапханаға барып уақыт өткізуге болады.
Кешенге жеткізу жолдаманы сатып алу кезінде келісіледі. Алдын ала өтінімдер бойынша трансфер - жайлы жеңіл машиналар және жол талғамайтын көліктер (4 отыратын орын); 11-21 адамнан тұратын топтық өтінімдер үшін Toyota Hiac, Mercedes-Benz Sprinter шағын автобустары; Ми2, МИ8 тікұшақтары және сыйымдылығы 7-ден 20 адамға дейінгі АН 2 ұшағы.
Кешен шекаралық аймақта орналасқандықтан, шетел азаматтары үшін рұқсатнамалардың болуы талап етіледі. Қазақстан азаматтарының өзімен бірге жеке куәлігі болуы қажет.

  • Туризм
  • Туризм

«Баян» пантымен емдеу кешені

«Баян» пантымен емдеу кешені Катонқарағай ауданының Белқарағай ауылына жақын маңда орналасқан орналасқан. Кешенде 50 адамға арналған 10 коттедж бар. «Баян» пантымен емдеу кешені емде- сауықтыру рәсімдерін ұсынады: панты өнімдерінің ваннасын қабылдау, панты өнімдерімен тыныс алу, панты-бөшке, фито-бөшке, панты өнімдерінен жасалған маска, орау, аяқ ваннасы, массаж және т.б. Бос уақытта жаяу серуендеуге, атқа мінуге, аңшылық, балық аулауға, мүйіз кесетін орындарға экскурсия жасауға, моншаға түсіп, билярд ойнауға болады.
Катон-Карағай ауылында «БАЯН»  марал шаруашылығы базасында емдеу-сауықтыру қонақ үй кешені құрылды. Емдеу-сауықтыру кешенінің өзінің  панты өнімдерін өндіру зауыты бар. 19 түрлі өнім шығарады. Әрқайсы өнімнің өзінің ерекшелігі бар және де өнімдер табиғи емдік шөптер мен маралдың пантысынан жасалады. Маралдың мүйізінің ерекшеемдік қасиеті бар. Көктемде маралдың мүйізі жұмсақ әрі, қоректік заттарға толы, микроэлементтерге бай болады.

  • Туризм
  • Туризм

 

«Олений парк» сауықтыру кешені

«Олений парк» сауықтыру кешені мүйіз кесу кезеңінде жұмыс істейді (маусым-тамыз). Кешеннің қызметінің негізгі бағыты – сауықтыру, оның ішінде:
1.Панты өнімдерімен жылу рәсімдері: панты өнімдерімен  небулайзерлік рәсім, панты өнімдерімен ванна қабылдау, ылғалды  панты өнімдерімен орау. Панты өнімдерімен жергілікті рәсімдер: микроклизма, панты өнімдерімен ингаляция, жергілік  ті аппликация.
2.Панты өнімдерімен косметикалық рәсімдер: денеге арналған тазалау пилингі, денеге арналған панты- бал орамы, бетке арналған нәрлендіретін панты өнімдерінен жасалған маска, мойын және декольте аймағына арналған панты өнімдерінен жасалған косметикалық маска, қол мен табанға арналған панты өнімдерінен жасалған косметикалық  маска.
3.Панты өнімдері ерітіндісімен массаж: панты-бал  массажы, жалпы сергітетін массаж, емдік массаж (буын аурулары, остеохондроз және т. б.); Панты өнімдерінен жасалатын коктейльдер: пантокрин, эррегин, эликсир "Шығыстық" (алкогольсіз), пантогематоген, бальзам, фитосбор.

  • Туризм
  • Туризм

 

«Ақбұлақ-Алтай» пантамен емдеу кешені
«Ақбұлақ-Алтай» пантамен емдеу кешенінің құрамында 3 коттедж және 2 үй бар.  Кешен 12 адамға арналған.  Нөмірлер заманауи қонақ үй үрдістеріне сай жайлы жиһаздармен жабдықталған. Ұлттық телеарналар мен интернет әлемде болып жатқан жаңалықтардан қалмай, туған-туысқандар, жақын адамдармен байланыс үзбеуге мүмкіндік береді.  4 уақыттық тамақтандыру ұйымдастырылған.
Ерекше асхана, жағымды атмосфера барлығы сіздің көңіл күйіңізді көтеруге, демалуыңызға, уақытты жақсы өткізуіңіз үшін арналған. 
Көптеген жылдар бойы пантымен емдеу мен құрамында  панты өнімдері бар препараттар танымал болып келді, тәжірибе көрсеткендей, оларды қолдану адамның әлсіреген ағзасына күш жинауға септігін тигізіп, жақсы әсер еткен.
Панты өнімдері рәсімдерін күнделікті қабылдау жолдаманың құнына кіреді.

  • Туризм
  • Туризм

 

«Салтанат» пантамен емдеу кешені
Катонқарағай ауданы, Ново-Поляковка ауылынан 12 шақырым қашықтықта орналасқан. Күніне 12 адамға дейін қабылдайтын аудан орталығынан 60 км. жерде табиғаттың сан-алуан әсем көріністерінің арасында орналысқан пантамен емдеу базасы. Негізгі көрсетілетін қызмет түрлері: пантымен  сауықтыру (оның ішінде: комплексті терапия, құрғақ саунотерапиясы), Туристік (оның ішінде: марал шаруашылығының базасына серуендеу,  атпен тауға шығу, жаяу серуендеу, біріктірілген маршруттар). Жеке-жеке орналасқан жоғары және орта деңгейлі 3 қонақ үй қызметі көрсетіледі. 8 ванна жұмыс істейді.

  • Туризм

«Верх-Катунь» пантымен емдеу кешені
Орналасқан жері: Катонқарағай ауданы, Ақшарбақ ауылы.
Кешен Алтай тауларының жүрегінде, Шығыс Қазақстаның өркениеттен алыс аймағында орналасқан. Әртүрлі емдік шөптер, таза тау ауа, минералды бастау сулары кешенді нағыз қаладағы күйбең тіршіліктен демалатын орын қылып отыр.
Әсем пейзаж бен бүлінбеген табиғаттағы ұлы тыныштық өз-өзіңмен және қоршаған әлеммен үйлесімділік табуға толық мүмкіндік береді. Ал кешеннің мақтанышы- ескі марал шаруашылығы келушілерге рухани тепе-теңдігін қалпына келтіріп, денсаулықтарын жақсартуға мүмкіндік береді. Марал пантысы негізіндегі рәсімдердің қысқа курсы қартаю процесін тоқтатып, өмірлік тонусты қайтарады.
Көрсетілетін қызметтер:
1.Пантымен емдеу
2.3 реттік тамақтану
3.Тасымалдау
4.Массаж
5. Белсенді демалыс

  • Туризм

«Маралды» пантамен емдеу кешені
Орналасқан жері: Катонқарағай ауданы, Маралды ауылы. Кешенде 40 адамға арналған 4 коттедж бар. Мұнда мүйіз кесу маусым-тамыз аралығында  жүргізіледі, яғни емдік ванналарға қайнатпа сол жерде әзірленіп труба арқылы таратылады.
Көрсетілетін қызметтер: панты өнімдерімен ванна қабылдау, фито бөшке,  ыстық монша, мүйіз кесетін орындарға экскурсия жасау, ваннадан кейін фито шай және атпен серуендеу.
Ұсынылатын курс: 5-7  күн.

  • Туризм

«Ақ-Қайың» пантамен емдеу кешені

«Ақ-Қайың» пантамен емдеу кешені сіздерге құрамында пантысы бар өнімдермен, емдік шөптермен ауыл шаруашылығы өнімдері мен қымызбен емдеу сияқты дәстүрлі емдеу- сауықтыру рәсімдерін ұсынады. Панты шикізатын (мүйізді) және бұғы өсірудегі басқада панты өнімдерін пайдалануға негізделген  пантымен емдеу  адам ағзасына күрделі және көп қырлы   әсер етеді.
Төмендегідей емдеу- сауықтыру рәсімдері ұсынылады: панты өнімдерінің ваннасы, панты өнімдерімен тыныс алу, панты өнімдерінің буын қабылдау, қосымша массаж. 2-4 орындық 1 бөлмелі нөмірлерде орналастыру ұсынылған, жалпы сыйымдылығы 25 адам («Стандарт» санатындағы). Бөлмелерде жиһаздар, теледидар және қолжуғыш бар. Жайлылық дәлізде де, далада да ортақ. 
Турдың құнына кіреді:
1.Емдеу-сауықтыру рәсімдері ( 2 панты өнімдерінің ваннасы, панты өнімдерімен тыныс алу, панты өнімдерінің буын қабылдау)
2.3 реттік тамақтану;
3.Тұру, түнеу;
Жаяу, атпен серуендеу, балық аулау, үстел теннисі, бадминтон, кәуапқа арналған алаң, барбекю сияқты бірқатар экскурсиялық қызметтер ұсынылады.

  • Туризм
  • Туризм

«Беловодье» пантамен емдеу кешені

«Беловодье» пантамен емдеу кешені тау шатқалдарымен үндесіп жатқан керемет табиғат ортасында, марал ұстап, мүйіз кесетін орынға жақын маңда орналасқан. Кең аумақ бірнеше туристің бір-біріне кедергі келтірмей еркін демалуына мүмкіндік береді. Кешен 2-4 орындық нөмірлерден тұратын 4 тұрғын үй корпусынан тұрады, 4-5 орындық жасақталатын киіз үй ұсынылады. Емдеу- сауықтыру рәсімдерін жасайтын емдеу корпусы мен демалатын  бөлмесі бар монша жеке орналасқан. Дәретхана мен қолжуғыш- корпустың аумағында. Кешенде электр автономды генератормен өндіріледі.

  • Туризм

«Жазаба» пантамен емдеу кешен

Пантымен емдеу орталығы Катонқарағай ауданының Жазаба ауылында орналасқан. Қызметін 2008 жылы бастаған.  Сыйымдылығы 12 адам. 
Қызметтің негізгі түрі:
1. Пантымен емдеу (кешенді терапия, саунотерапия).
2. Туристік (серуендеу, атпен серуендеу, жаяу серуендеу, аралас маршруттар).
Пантымен емдеу орталығы аумағында 1 үй,  12 адамға арналған асхана, монша бар.

  • Туризм

Пантолечебница «Димаш»

Местоположение: Катон-Карагайский район, с. Шубарагаш. Пантолечебница расположена в живописной природной местности, вместимость 18 койко-мест. Имеется 1 коттедж и 2 юрты. Средняя цена 25000 тенге в сутки. Предлагаются лечебно-оздоровительные процедуры: пантовые ванны, пантовая ингаляция, пантовая паровая, дополнительно массаж.

  • Туризм

База отдыха «Темирлан»

Расположен около села Белкарагай (Медведька) в доль дороги. В каждом номере имеются кровати, шкафы, раковина, туалет. Комнаты просторны и удобны. К Вашим услугам уютная столовая и ресторан. Кымыз, саумал, а особенно воздуз, отдых, который не приемлем каждому из нас. Оснащён современными ваннами. Также имеются фито — бочки, лечебный массаж.
База отдыха - это идеальное место для проведения семейного отдыха, семинаров, тренингов, корпоративного отдыха, торжественных мероприятий различного плана. 4/х разовое питание, 1 сеанс пантовая ванна, 1 сеанс фито бочка и проживание с 1чел/ в сутки - 12000тг

  • Туризм

База отдыха «Таутекелі»

Расположен в  4-х километрах  от села Арчаты, на участке «Тау текелі», в живописном месте на берегу реки Бухтармы. Это идеальное место для проведения семейного отдыха, корпоративного отдыха. Чистый воздух, густые кедровые леса,  бурная река, водоемы, животные, птицы и красивый многоцветный  пейзаж с яркими полевыми цветами заставляют восхищаться всех кто побывал на территории базы отдыха. Комнаты просторны и удобны. К Вашим услугам уютная столовая,сауна. Дополнительные услуги - пантолечение, кумысолечение, конный, пеший  туризм, рыбалка.

  • Туризм
Парақтар өзгертілді: 23-05-2019