Туризм

Рахман қайнары шипажайы

Рахман көлі, Арасан - Катонқарағай ауданындағы шипалы жылы су. «Рахман қайнарлары» шипажайы облыс орталығы Өскемен қаласынан 450 шақырым, төрт мемлекеттің Қазақстан, Россия, Монғолия, Қытай елдерінің шекарасының қиылысқан жерінде, Алтайдың кішкене тектоникалық ойпатында Арасан көлі жағасында теңіз деңгейінен 1760 м. биіктікте орналасқан. Бұл родонға бай термиялық қайнар. Суы буын, тері, жүйке ауруларына шипа болып табылатын санаторийге еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам келіп, елге де, жерге де алғысын айтып қайтып жатады. Рахман қайнарының суы асқазан, ревматизм, гинекологиялық, жүйке, тыныс ауруларын және әр түрлі улану мен жараларды емдеуде қолданылады. Қосымша массаж, ЕДТ, физиотерапия, фитотерапия кабинеттері қызмет көрсетеді. Шипажай емдеу корпустарынан, асханадан, тұрғын котедждерден тұрады. Демалушыларға арналған қайықтар, катамарандар, салт атты жүріске арналған аттар прокаты жұмыс істейді.

  • Туризм
  • Туризм
  • Туризм
Парақтар өзгертілді: 22-05-2019