Туризм

Катонқарағай ауданында туризм кластерін дамыту туралы ақпарат

  Рахман қайнары шипажайы  
  Оңалту орталығы  
  Пантымен емдеу орталықтары  
  Қонақ үйлер  
  Шағын қонақ үйлер  
  Мұражайлар  
  Катонқарағай МҰТП туристік маршруттары  
  Катонқарағай ауданының туристік ресурстары  
  ҚР туристік қызмет туралы заңы *.doc 205 KB
  Туристік және емдеу-сауықтыру объектілері бойынша ақпарат *.doc 127 KB

 

 


kn Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі  
kn Мараловодческие хозяйства и пантолечебницы  
kn Шипажайлар  
kn Пантымен емдеу орталықтары  
kn Туристік және емдеу-сауықтыру объектілері бойынша ақпарат  

Туризм

Катонқарағай ауданы ертеден өз республикамызға, әлемнің көптеген елдеріне жақсы таныс. Олардың назарын өздеріне аударған жұмыр жердің бетінен онша кезіге бермейтін, еш жердегіге ұқсамайтын әсем де сұлу табиғатымыз, табиғи байлықтарымыз. Қазақстанның қиыр шығысындағы Төр Алтай – барша түркі жұртының кіндік отаны, ақ жайлау ата қонысы болған киелі мекен екені тарихтан белгілі. Алтайдың көне қойнауында тылсым жұмбақ сырларды ішіне бүгіп жатқан ескі обалар, таңбалы тастар, керуен соқпақтар алыста қалған ғасырлардың үнсіз куәгерлері іспетті. Орманы нулы, өзені шулы, бұлағы шипалы, ауасы дуалы, шұрайлы да құйқалы жерұйықты мекен еткен ата-бабаларымыздың көзі болған тарихи жәдігерлер қазіргі таңда әлем жұртының назарын аударуда.
Катонқарағайдың қар басқан тау шыңдары, ну орманы мен шалқар көлдері, мөлдір бұлақтары мен асау өзендері, су құламалары мен қоймалары, аң мен құсы,  көздің жауын алар көрікті келбеті кез келген жанды тамсандырмай қоймайды.  Аудан аумағында орналасқан Берел қорымдары, Көккөл кеніші, Рахман қайнарлары, Көккөл, Арасан, Қараайрық, Рахман сарқырамалары, Қаракөл, Үшкөл, Марал, Қаумыш, Шәнген сынды көлдері, тарихта терістіктегі Алтын Тармақ деген атпен қалған Ұлы Жібек жолының Солтүстік тармағы, өзіндік ерекшелігімен тарихи құндылыққа ие Австриялық жол Табиғат-Ананың сыйлаған баға
жетпес байлығы десек болады. 
Ауданымыздағы туристік саланың негізін  емдік-сауықтыру,   экологиялық, ауылдық , мәдени-танымдық  және белсенді
туризм құрайды. 
Жыл сайын ауданымызға жақын және алыс шетелден, республикамыздың түпкір-тупкірінен мыңдаған туристер келеді. Туристер мен демалушыларға 1 шипажай («Рахман қайнарлары» шипажайы), 1 оңалту орталығы («Ұзақ өмір сүру») ,12 пантамен емдеу орталықтары («Жанат» Барлық ауылы, «Ақ-Қайын» Катонқарагай ауылы, «Баян» Топқайың ауылы, «Ақмарал», «Ақбұлақ Алтай» Ақмарал ауылы, «Маралды» Маралды ауылы,  «Абзал» Сенное ауылы, «Жазаба» Жазаба ауылы, «Беловодье» Бекалқа ауылы, «Верх-Катунь» Акшарбақ ауылы, «Димаш» Шұбарағаш ауылы, «Темірлан» Белқарағай ауылы), 5 қонақ үй, 12 шағын қонақ үй, 12 дәмхана, 5 мейрамхана, 9 ЖҚС, бал өнімдері мен пантаны  қайта өңдейтін  1 фармацевтикалық цехы  (АҚ «Ақсу ДЭЕН) , бал өнімдерін қайта өңдейтін 2 цех («Қасенов» ШҚ, «Нектар Катон-Карағай» ӘКК, 2 автобекет, 1 паром (маусымдық)  өз қызметтерін көрсетеді. Ауданның шипажайлары мен пантамен емдеу орталықтары  сыйымдылығы күніне 920 орындық 105 номерден тұрады.

2018 жылы келген туристердің саны туралы ақпарат


2018 жылдың 10 айында Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына 3699 адам келді, оның ішінде 213 резидент емес.
Соңғы жылдары ауданда мәдени- танымдық туризм қарқынды дамуда. Жыл сайын Берел қорық-мұражайына, ашық аспан астындағы шыны «Саркофагқа» мыңдаған туристер келеді, 2018 жылғы есеп бойынша Берел қорымдарына 10000-нан астам адам келген.

1 кесте 2016-2018 жылдарға арналған туризмнің даму көрсеткішінің динамикасы

Көрсеткіштердің  атауы

Өлшем
бірлігі

2016 жыл

2017 жыл

2017 жылдың
3 тоқсаны
(қаңтар-қыркүйек)

2018 жылдың
3 тоқсаны
(қаңтар-қыркүйек)

1

Орналастыру орындарындағы ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілген келушілердің саны (Резиденттер),  өткен  жылға қарағандағы  өсу қарқыны %

Адам

 

3936

6270 (159,2%)

4993

5640
(113%)

2

Орналастыру орындарындағы кіру туризмі бойынша қызмет көрсетілген келушілердің саны (Резиденттер емес), өткен  жылға қарағандағы  өсу қарқыны %

Адам

58

114 (197%)

114

176
(154,3%)

3

Орналастыру орындарының саны (ұсынылған төсек-тәулік)/ өткен  жылға қарағандағы  өсу қарқыны %

 

5599

10838 (158,2%)

8859

12350 (139,4%)


2018 жылы атқарылған іс-шаралар


Туризмді дамыту және ілгерілету мақсатында ауданның қатысуымен марал шаруашылығы күні, «Медовый Спас» этно-фестивальі, Discover Kazakhstan түсіру тобы, Қазақстанның 3-D турының виртуалды картасы, қытай блогерлерімен инфотур, «Шелковый путь верхом на лошади» ат экспедициясы, МТРК  «МИР»  телеарнасының бейне түсірілімі, ауданның табиғи және тарихи объектілеріне арналған «МИР –24» телеарнасының эфиріндегі «Дала аңыздары» бағдарламасы сияқты бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Жеке кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен де, ауданымызда туризм саласы ойдағыдай дамып, қосымша жұмыс орындары ашылып, аудан бюджетіне түсімдер салынуда.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бастар жол: Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» («Киелі жерлер географиясы»)  жобасын құру жөнінде бастама көтерді, жоба шеңберінде киелілердің мәдени-географиялық белдеуі құрылған. ҚР Ұлттық мұражайының «Киелі Қазақстан» орталығымен Қазақстанның 100 жалпыұлттық киелі орындарының тізімі анықталды. Бұл тізім қатарына Катонқарағай ауданы аумағынан Берел қорымдары мен Мұзтау сияқты  2 нысан кірді. Олар қазақ халқының қайталанбас бағалы ерекше, ұлттық бірлік пен өркендеудің нышаны ретінде айтылатын табиғи және мәдени мұра ескерткіштері.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бастар жол: Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» және «Киелі жерлер географиясы» бағдарламалары аясында ШҚО киелі жерлер картасы жасалынды, мұнда ауданымыздан Берел қорғандары, Кіндік тас, Мұзтау және Рахман көлі сияқты 4 киелі орын және 1 табиғи көрнекті жер (Равновесие көлі)  белгіленген.
Катонқарағай ауданы өте бай туристік - рекреациялық әлеуетке ие болғандықтан, туризмді дамытудағы басым кластерлердің біріне айналды және ішкі және кіру туризмін дамыту бойынша әзірленген Туристификация картасы мемлекеттік бағдарлама аясында Катонқарағай ауданы Қазақстанның ТОП-50  туристік нысандарының  қатарына енді. (туризм нысындары- Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Рахман қайнары шипажайы)
Қазіргі таңда пантымен емдеу орындары  құрамында панты бар өнім, дәрілік өсімдіктер, ара шаруашылығы мен қымыз өнімдерін қолдана отырып  емдеу-сауықтыру шараларының дәстүрлі әдістерін  көрсетеді. Көптеген жылдар бойы пантымен емдеу және құрамында панты бар дәрі- дәрмектер ерекше танымал болып келеді, тәжірибе көрсеткендей, оларды қолдану әлсіреген адам ағзасына жақсы әсерін тигізеді және күшін қалпына келтірген.
Пантымен емдеу,  адам ағзасына күрделі және көп жақты әсер ететін панты шикізатын (маралдың пантысы ) және бұғы шаруашылығының басқа да өнімдерін пайдалануға негізделген:
- ағзаның және иммундық жүйенің қорғаныш функцияларын  жандандырады; 
- тірек-қимыл жүйесінің қызметін жақсартады;
- остеохондроз, атеросклерозбен ауыратын науқастардың жағдайын жақсартып,  бұзылған перифериялық қан айналымы, сүйек, буын бұлшықетінің адам жасына сәйес өзгерісін реттеп,  қартаю процесін баяулатады.
Бұқтырма өзенінің таңғажайып тамаша жағалауына, Листвяга жотасының етегінде теңіз деңгейінен  1200 м биіктікте  орналасқан,  ғылыми ортада "Патшалар жазығы" атауын алған, 70-ке жуық қорғандары бар Берел қорымы , әсіресе әлем мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосқан 11-ші қорғаннан табылған скиф-сақ дәуірінің жәдігерлері туристердің қатты қызығушылығын тудыруда және соған орай ауданымызда мәдени-танымдық туризмде қарқынды дамуда. Жыл сайын мыңдаған туристер тарихи-мәдени мұра объектілеріне келуде.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2004 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында Берел қорғандарын зерттеуге және «Берел» мемлекеттік тарихи -мәдени қорық- мұражайы ашылды. 
Б.з.д IV – III ғғ. жататын  Берел қорғандары өзінің жер үсті сәулет өнері мен қорғандардың  қабір ішіндегі конструкцияларының   ерекшелігі және өте көркем бұйымдарға, ат әбзелдері, көшпелі элита қоғамының  жоғары  өкілдерінің  заттары мен  жерленген киімдерінің ерекшелігімен дүние жүзіне танымал болды. Сонымен қатар Берел жазығының ежелгі тұрғындары мәйітті бальзамдаудың құпия 
әдістерін жақсы меңгерген, ал олардың тас құрылыстарды тұрғызу тәжірибесі обаның жерлеу камерасында маусымдық тоңқабатының қалыптасу мүмкіндігін де есептей білген деген болжам жасауға болады, себебі табиғи тоң әдетте 2500-2700 м биіктіктен бастап қалыптасады, ал қорым болса теңіз деңгейінен 1200 м биіктікте ғана орналасқан.
Берел  қорымында 2-ші үстінен "Ашық аспан астындағы мұражайдың" шыны Саркофагының құрылысы аяқталып, 2016 ж. 09 қыркүйекте таныстырылған болатын.  2018 жылы қазба жұмыстарының басталғанына 20 жыл, «Берел» қорық-мұражайының ашылуына 10 жыл толуына орай әйгілі 11-ші қорған үстіндегі музей-саркофагтың құрылысы аяқталынып, қолданысқа берілді. Берел қорық-мұражайының www.berel.kz  жеке ресми сайты бар. 
Мыңжылдық қарағайы мен самырсыны, балқарағайы жайқалып өскен нулы мекен, қаз қаңқылдап, сансыз құстар сайрап ұшқан осынау бір ғажап жерде бұдан 16 жыл бұрын Үкіметіміздің 970-ші қаулысы бойынша Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды.
Ұлттық парктің мақсаты еліміздің құрып бара жатқан орман байлығын, қызыл кітапқа енген бағалы құс-жануарларды қанатының астына алып қорғау, әлпештеу, жат пиғылдылардың қанды шеңгелінен құтқарып қалу, тіпті өлшеусіз кесіліп, ұрланып жатқан ағаштарды күзету болып табылады.  Қазіргі таңда елімізде 12 мемлекеттік ұлттық парк бар болса соның ішінде ірісі мен бірегейі Катонқарағай ұлттық табиғи паркі, оның жалпы ауданы 643 мың 477 гектарды құрайды.
Ұлттық парктің жануарлар әлемі бай әрі сан алуан. Сүт қоректілердің 68 түрі, құстардың – 280, қосмекенділердің – 3, бау­ырымен жорғалаушылардың – 6, сүйекті балықтардың – 17, омыртқасыздардың 10 мыңнан астам түрі ұлттық парк аумағында кездеседі. Ол ол ма, парк аумағын еліміздің  «Қызыл кітабына» енгізілген жан-жануарлардың көптеген түрі мекен етеді. Сирек кездесетін және құруға таяу қалған қар барысы, алтай тау арқары, тас сусары және Иконников жарқанаты, құстың 30 түрі, олардың ішінде дентұмсық тұрпан, лашын, ителгі, балықшы тұйғын, бүркіт, қарақұс, үкі, сұр тырна, ақбас тырна, алтай ұлары, балықтың аса сирек кездесетін түрі – таймен, омыртқасыздардың ішінде жәндіктің екі түрі – Михайлов бақылдауық қоңызы, керемет барылдауық қоңыз, басқа да түрлері ұлттық парктің байлығы әрі мақтанышы. 
Ұлттық парктің флорасы да ғажайып. Мәселен, парктің өсімдіктер әлемі жоғары  сатылы өсімдіктердің 2 мыңнан астам түрімен, мүктер, қыналар мен саңырауқұлақтардың алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Алтай желайдары, сібір ушырмауығы, тәтті жапырақты тас­па, алтай қоңыроты. Қорғауды қажет ететін өсімдіктердің сирек түрі ерекше құндылыққа ие, ал олардың 30-ға таяуы құрып кету алдында тұрғандықтан «Қызыл кітапқа» енгізілген. Бұлардың қатарында алтай рауғашы, алтай сібір қандығы, ала күлтелі қызғалдақ, ірі гүлді және кәдімгі шолпан кебістер, алтай суықшөбі, таңдамалы плаун, дала шұғылдығы, қызғылт семізот, марал түбірі, алтай қасқыржидегі де бар. 
2014 жылы Халықаралық үйлестіру кеңесінің шешімімен ЮНЕСКО «Адам және биосфера» бағдарламасы бойынша ұлттық парк Халықаралық биосфералық қорықтар жүйесінің құрамына қосылды.
Ұлттық парктің басты мақсаттарының бірі экологиялық туризмді ұйымдастыру мен оны дамыту болды.
Туристер неғұрлым көп баратын орындарда қонақ үйлер құрылыстары жүргізілуде. Бұдан басқа ұлттық парк келушілерге  көлік беру, жылқы беру, қонақ үй қызметтері, инспектор- жол көрсетушінің  қызметі сияқты  әр түрлі қызметтерді көрсетеді.
«Катон-Қарағай МҰТП»  РММ бекітілген 10 туристік маршруттар және 4 экскурсиялық соқпақтар бар. Барлық маршруттар мен соқпақтардың жалпы ұзындығы 680 км құрайды. Оның ішінде 333 км – ат маршруты, 247 км – жаяу маршрут, 100 км – автомобиль маршруты.

1 маршрут – «Ақ Берел» 
2 маршрут – «Алтай соқпақтарымен»
3 маршрут – «Көлді»
4 маршрут – «Марал соқпақтарымен»
5 маршрут – «Тихое көліне»
6 маршрут – «Бұландыкөл көліне»
7 маршрут - «Туған өлке» 
8 маршрут - «Берел қорғандарына»
9 маршрут – «Сарымсақты»
10 маршрут- «Тасшоқы»
11 маршрут-«Орман жолдары»
12 маршрут- «Ирек»
13-маршрут- «Бүркітауыл»
14-маршрут-«Рахман қайнары»

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде парк туралы ақпараттар жарияланатын www.gnppkaton.kz жеке WEB сайты бар.
Сондай-ақ ауданда  2012 жылдың 4 қаңтарында аудан әкімінің № 610 қаулысыменашылған «Жас турист бекеті» коммуналдық мемлекеттік қазыналық мекемесі жұмыс істейді. Қазіргі таңда мекемеде 7 үйірме бар (геология-археологиялық, спорттық туризм, жас экскурсовод, тау туризмі, вело-шаңғы, жаяу туризм, экология). Әр 15 үйірмеде оқушыдан. Бекет жыл сайын облыстық экология-туристік, спорттық жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленеді. Басты мақсаттары оқушылардың санын 150- ге жеткізіп, ауданда «Берел қорғандары» туристік базасын ашу.
2005 жылдан жұмыс істеп келеді Өрел орта мектебінде «Кедр» мектеп орманшылығындағы «Гид- жолсеріктер» клубы жұмыс . «Гид-жол көрсетушілер» мектебінің негізгі міндеті қоршаған ортаны қорғауда кәсіби маман жол көрсетуші-инспекторлар, туристік бизнесте-жол бағыттаушы, шағын туристік фирмалар, қонақүй, мейрамхана, сувенир жасаушылар басшыларын даярлауға кәсіби бағыттық жұмыстар жасайды.  Қазіргі таңда мектепте өлкетану бойынша қосымша сабақ жоспарлары әзірленген. Өлкені танудың айтарлықтай атқаратын рөлі бір жағынан дәстүрлі отандық білімді дамыту, екінші жағынан заманға сай ойды қалыптастыру. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру өскелең ұрпақты тәрбиелеуді көздейді. Бүгінгі күні клубтың жұмысы оқушылардың мамандық таңдауларына байланысты жоспарланады.

 

Парақтар өзгертілді: 23-05-2019