Спорт және туризмді дамыту

 «Аудан бойынша спортты дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы»

Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 30 шілдедегі №228 «Дене шынықтыру және спорт туралы»-Заңына енгізілген өзгерістерді, ҚР «2050 стратегиялық жоспарын басшылыққа ала отырып, аудан аумағында спортты дамыту бағытында жұмыстар жүргізуде.
Қазіргі уақытта орта есеппен алғанда аудан бойынша 26603 адамның 7800 спортпен шұғылдануда. Бұл 29,3% құрайды. Тәжірибеге ат - спорт ойындары кіргізіліп жерлестер атындағы жүлде үшін жарыстар өткізілді.(О.Бөкей, К.Искаков, Қаратай батыр). Волейболдан өтетін сайыстарға ауданымыздағы волейбол ойынының президенті Н.К. Шаухин үнемі демеушілік көрсетеді. Шахмат ойындарының президенті Е.Кешилбаев шахматтан өткізілетін жарыстарға демеушілік жасайды.
Аудан аумағында спорттың бокс, волейбол, шағын футбол, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы сайыстары өтетін 3 спорттық кешені (ДСК, «Алтай», «Қаратай») жұмыс істейді.
Аудан бойынша 150 спорт құрылысы бар. Оның ішінде 1-дене шынықтыру сауықтыру кешені, 37 спорт залы, 2 спорт кешені (Үлкен Нарын ауылында «Алтай», Катонқарағай ауылында «Қаратай»), 19 хоккей қорабы, 49 спорт алаңы, 1 тир, 38 футбол алаңы, 1 шаңғы базасы, 2 бассейн бар.
2015 жылы дене шынықтыру сауықтыру кешені мен Қ.Дамитов атындағы орта мектебі спорт залымен қолданысқа берілді.
Спорттық шараларды өткізуге арналған орындардың барлығы қанағаттанарлық жағдайда. Аудан көлемінде демалыс күндері тұрғындардың спорт залға келуі бекітілген кесте бойынша, ал күнделікті 19.00 ден 21.00 – ге дейін жұмыс істейді. Денешынықтыру сауықтыру мақсатында өткізілетін спорттық шаралардың саны жылдан жылға өсуде. 2016 жылы – 52 шара өткізілсе, ағымдағы жылдың 6 айы - тоқсанында2017ж., спорттық шара және 30 мектеп жасындағы балалар арасында жарыс өтіп 10 000 – ға жуық адам қатысты.

 ШҚО облысы әкімінің жүлдесіне өтетін халықтық дәстүрлі спорт ойындарына Катонқарағай ауданы да қатысады.

2015 жыл 14 орын
2016 жыл 10 орын медалымен бойынша

 
2016 жылдары ШҚО облысының әкімінің жүлдесіне өткен ХХ – халықтық спорт ойындарының нәтижесі бойынша жинақ кесте.

Жарыстар туралы жалпы есеп жасалмады, медальдар саны бойынша біздің аудан барлық 14 ауданның ішінде 10 орында (3 күміс, 3 қола медаль). Волейболдан (әйелдер) - 14 ауданның ішінде 2 орны иеленді : 1 - орын Тарбағатай ауданы, 2 орын Шемонайха ауданы.
Қол күресі -  65 кг жоғары салмақта 3 жүлделі орынды Сивкова Анастасия жеңіп алды. Дзюдодан -  3 орынды Ктанов Ерасыл иеленді. Қазақша күрестен  - 8 адам қатысып, 7- еуі орын иеленді.(2- ші және 3 - ші жүлделі орындар) 25 шақырымдық Аламан бәйгеден -  2 орын, 1 - орын Семей қаласы, 3 – орын Күршім ауданы. Атты жаратқан бапкер Кабдошев Жасулан Катонқарағай ауылы , шабандоз Ауелбек Мират - Урыл орта мектебінің оқушысы.
Бекітілген бағдарлама бойынша ипподромда «Біздің күшіміз бірлікте»  атты халықтық ойындардан конкурс өткізілді. «Көңілді старт» түрінде өткен бұл конкурс спорттық мерекенің ажарын келтірді. Бұл конкурсқа негізгі сайысқа қатысушылардан басқада тілек білдірген қала тұрғындарымен қонақтарда қатысты. Халықтық ойындар құрамына әр түрлі этнос өкілдерінің ойындары кіргізілді.

  • Орыс халқының ойындары «Лапта», «Городки», «Чехорда», «Вышибалы»;
  • Татар халқының ұлттық күресі «Кураш» ;
  • Қазақ халқының ұлттық ойыны «Асық ату»;
  • Славян халықтарының ойыны «Бой мешками».

2016 жылы футбол құрама командасы әуесқой командалар арасында өз тобында ІІ -орынды иеленіп, жартылай финалға жолдама алды.
Аудан мектептерінде спорттың 15 түрінен: тоғызқұмактан, еркін күрестен, армрестлингтен, шағын футболдан, волейболдан, жеңіл атлетикадан, дзю-до т.с.с 134 секция жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында аудандық жарыстарға 2000 оқушы, облыстық жарыстарға 480 оқушы қатысты.
Ауданда 1 балалар және жасөспірімдердің спорт мектебі жұмыс істейді. Ондағы спорт секцияларына 872 оқушы қатысады.

Жыл сайын тұрғындардан ақпан-наурыз айларында спорттың қысқы түрінен, ал сәуір-мамыр айларында спорттың жазғы түрінен Президенттік тест алынады.

  • «Аудан бойынша спортты дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы»
  • «Аудан бойынша спортты дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы»
  • «Аудан бойынша спортты дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы»
  • «Аудан бойынша спортты дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы»
  • «Аудан бойынша спортты дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы»
  • «Аудан бойынша спортты дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы»

Катонқарағай ауданының 2015- жылға арналған негізгі спорттық жарыстарының күнтізбесі

Дене шынықтыру және спорт туралы Қазақстан Республикасының заңы 2014 жылғы 03 шілдедегі № 228-V ҚРЗ және енгізілген өзгерістерімен 2014 жылғы 29 қыркүйегіндегі № 289- V ҚРЗ, 2050 жылғы Стратегиялық жоспары, 2011-2015 жылғы аймақтық дамыту бағдарламасына сәйкес білім, денешынықтыру және спорт бөлімімен бекітілген жылдық күнтізбелік жоспарға байланысты бұхарахалықты Саламатты-салт өміріне, денешынықтыру мен спортқа тарту. 2015 жылдық қортынды бойынша жүйелі турде дене шынықтыру және спорт пен 7433 адам -28,7% шұгылданады , барлық тұрғындар саны 25900 адамды қурайды.
Ауданның орта білім беретін мектептерінде 15 спорт түрі бойынша 134 спорт секциялары жұмыс істейді, онда 1934 оқушы денесін шынықтырады.

Ауданда 1- денешынықтыру сауықтыру кешені, 37 спорт зал, 2 спорт кешені, 19 хоккей қорабы, 49 спорт алаңы және 38 футбол алаңы, 1 тир, 1 шаңғы базасы, 2 бассейн сияқты спорттық қондырғылар бар.
2015 жылғы жас спортшылардың жетістіктері:

  • Волейбол спортынан облыс құрама командасының сапында Мухамедуалиев Ислам Қазақстан чемпионатында чемпион болды
  • Волейбол спортынан жас ерекшелігіне байланысты облыс құрама командасының сапында Төлеуханов Ернур Қазақстан чемпионатында ІІ орын алды.
  • Қазақ күресінен Айдарбаева Камшат облыс чемпионы атанды
  • Бокстан облыстық турнирде Нурмухамбетов Ильяс, Калибеков Аян чемпион атанды
  • Бокстан Республикалық турнирде Сидоров Артем ІІ орынды иеленін облыс құрама командасының мүшесі атанды.

Бұхтарма кентінде футболдан ШҚО-нің әуесқой клубтарының арасында өткен жартылай финалда 3 орынға Катонқарағай мен Глубокое құрама командалары ойнады. Есеп 4:0 болып Катонқарағай құрама командасының пайдасына шешілді.
2016 жылдың алға қойған міндеттері:
2016 жылғы бекітілген негізгі спорттық жарыстардың күнтізбесін орындау
- І кезең ауыл округтерінің әкімінің жүлдесін өткізу
- ІІ кезең аудан әкімі жүлдесі үшін жарысың 20 түрінен өткізу.
-ІІІ кезең облыстың аймақтық іріктеу жарысына спорттың (футбол, көкпар, волейбол (ер, әйелдер) қатысып межелі орындарға қол жеткізу
-ІV кезең Облыс әкімі жүлдесі үшін ХХ халықтық спорт ойындарының 22 түріне қатысып ілгері орындарға шығу
-ХVІ спартакиаданың багдарламасы бойынша облыс әкімі жүлдесі үшін мемлекеттік қызметкерлер арасында ө тетін ақтық жарысқа қатысу спорттың 8 түрінен.
-Жүйелі түрде спортпен айкалысанын түрғындардың пайызын 29 ға жеткізу.

«Денсаулық фестивалі - 2014»

2014 жылғы 6 қыркүйекте ауданның орталық алаңында «Белсенді ұзақ жылдықпен жүзжылдықты атқарамыз!» ұранымен кең ауқымды «2014-денсаулық фестивалі» акциясы атқарылды. Фестивальді өткізу мақсаты: қалың бұқараның назарын аудару, көпшілік тұрғындарды салауатты өмір салтына баулау.
Денсаулық фестивалінің іс-шарасын өткізуге мұрындық болған Катонқ-қарағай СӨСҚ бөлімшесі.

Ұйымдастырушылар: аудан әкімдігі, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен орталық аудандық аурухана, мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы, шығармашылық ұйы.

Салтанатты ашылу рәсімін Мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығының жүргізушілері Наргуль Нургазиева мен Тойлыбай Аскенбыұлы бастады. Құттықтау сөзі Катонқарағай ауданының СӨС қалыптастыру құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі Владимир Егоров пен ОАА ұйымдастыру әдістемелік бөлімі меңгерушісі Кенжеканова Инкарға берілді.

Барлық қатысушылар Наталья Гастеева бастауымен флеш-моб пен жаппай жаттығулар жасады. Аудандық аурухана “Денсаулық қалашығын” ұйымдастырды. Фельдшер Мақсат Базарбекұлы қан қысымын өлшеп, СӨС қалыптастыру мамандары салауатты өмір салты аспектілерімен үгіт-насихат шараларын атқарды. Кейін қатысушылар арасында спорттық сайыстар өтті. Арқан тартудан 1,2-ні орынды «Күншуақ» бала бақшасы жартылай стационар қызметкерлері алса, 3-ші орынға Орталық аудандық аурухана қызметкерлері ие болды.

Фестивальға спортшылар, оқушылар, ата-аналары, мектепке дейінгі балалар және Катон-қарағайдың барлық белсенді өмір ұстанушы тұрғындары қатысты.

 

«Денсаулық фестивалі - 2014 »

 

kn

2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары

*doc 84 KB

 

Парақтар өзгертілді: 09-10-2017