Әлеуметтік сала

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерге және қарт азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Катонқарағай аумақтық орталығы» КММ-нің 2016 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2016 жылдың 8 шілдедегі Катонқарағай ауданы әкімінің № 260 қаулысы негізінде «Мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерге және қарт азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Катонқарағай аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  ашылды.

Директор міндетін атқарушы - Ережепова Үміт Серікбековна.

Штаттық кестеге сәйкес жартылай стационарда 21 маман қызмет атқарады. Олардың ішінде 8 педагог, 1 әлеуметтік қызметкер, 12 шаруашылық қызметкері (9 жоғары білімді, 9 орта арнаулы білімді). Сонымен қатар аудан бойынша 2 кеңесші, 38 әлеуметтік қызметкер қызмет атқарады. Аумақтық орталықта барлығы 58 қызметкер.
Аумақтық орталық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес, халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және 3-қосымшаға сәйкес, халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №279 бұйрығына 22 – қосымшаға сәйкес, «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде қызмет атқарады.
Жартылай стационар «Күншуақ» балабақшасының 401 шаршы метр ауданын жалға пайдалануда. Жартылай стационар стандартқа сәйкес, 8 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсетеді: әлеуметтік – тұрмыстық, әлеуметтік – медициналық, әлеуметтік – психологиялық, әлеуметтік – педагогикалық, әлеуметтік – еңбек, әлеуметтік – мәдени, әлеуметтік – экономикалық, әлеуметтік – құқықтық.

Негізгі міндеттері:
1. Стандартта белгіленген көлемдерге сәйкес жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
2. Қызмет алушылдардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
3. көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын және тиімділігін арттыру болып табылады.

Жартылай стационарда жыл көлемінде ата-анасының өтініші негізінде 3 қызмет алушыға қызмет көрсету тоқтатылып, 3 қызмет алушы қабылданды. Күндізгі жартылай стационарда 20 қызмет алушы бар, оның 11-і ұл, 9-ы қыз балалар. 18 жасқа дейін 9 (6 ұл, 3 қыз), 18 жастан асқаны 11 (5 ұл, 6 қыз). Үлкен Нарын ауылынан – 7, Алтынбел ауылынан – 3, Малонарым ауылынан – 3, Егінді ауылынан – 2, Новополяковка ауылынан – 1, Көкбастау ауылынан -1, Ново-Хайрузовка ауылынан – 2, Солоновка ауылынан – 1 балаға қызмет көрсетіледі. Ақыл – есі кемістігі әртүрлі дәрежедегі,  тірек – қимыл аппараты бұзылған, аутист, Даун синдромы бар балалар қызмет алады. 
Орынжай жиһазбен, кабинеттермен, гигиеналық сипаттағы әлеуметтік – тұрмыстық қызметке қажетті жабдықтармен жабдықталған. Санитарлық – гигиеналық талаптарға сәйкес болу жағдайларын қолдау жөнінде қызмет көрсетіледі.  Тамақтану нормаларына сәйкес, 3 уақыт ыстық тамақ ұсынылады.
Қызмет алушыларды тасымалдау мақсатында пандуспен жабдықталған УАЗ 220695  мемлекеттік номері 389 АН 16 автокөлігі бар. Күнделікті сағат 8-ден бастап Үлкен Нарын аймағына қарасты Егінді, Алтынбел, Малонарым, Солоновка, Көкбастау, Новохайрузовка, Жұлдыз және Үлкен Нарын ауылдарынан медбикенің алып жүруімен балалар тасымалданады. Стандартқа сәйкес жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда күндіз болу бөлімшесінде балалар 4 сағатқа дейін бола алады. Бекітілген кестеге сәйкес, педагог мамандар әрбір қызмет алушымен жекелей жұмыстар жүргізеді. Күн тәртібі бойынша 18 жасқа дейінгі топ балалары жатып дем алады, 18 жастан асқандар тобы теледидар коріп, дем алады.
Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметке қажеттілігін айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзірлеу әрбір қызмет алушының денсаулығын, жас ерекшелігін, жеке даму дәрежесін, әлеуметтенуін, жеке оңалту бағдарламасының мазмұнын, ата – анасының сұранысын ескере отырып жасалады. Ұйым мамандары қызмет алушылардың қажеттілігін бағалау, логопед, психолог, еңбек терапия мұғалімі, дефектолог, дене шынықтыру инструкторы мамандары бақылауы       негізінде қызмет алушылардың жеке жұмыс жоспарын жасайды. Өткізілген іс – шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын мамандар жеке жоспардың орындалуы жөніндегі журналда/электрондық картотекада көрсетеді, сонымен қатар балалардың қатынау журналы жүргізіледі. 20 қызмет алушы өткізілген барлық іс – шараларға: сайыстарға, концерттерге, қайырымдылық акциясына, табиғатқа шығу экскурсияларына, музейді қатынауға қатысады. Балалар жасөспірімдер спорт мектебі, шығармашылық үйі, кітапханамен бірлесе отырып жұмыс жасаймыз.
2016 жылы Катонқарағай ауданы бойынша үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіліп отырғандардың саны – 183, оның ішінде жалғызбасты қарттар мен мүгедектер – 122, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар адамдар – 38, мүмкіндігі шектеулі балалар – 23. Әлеуметтік көмекке зәру адамдарды аралап, өтініштерін анықтау жұмысы жүргізілді. Үйде арнаулы қызметке жыл көлемінде 31 адам есепке алынды. Оның ішінде 28 жалғызбасты қарт азаматтар мен 3 мүмкіндігі шектеулі балалар. Сонымен қатар 4 әрекетке қабілетсіз жандарға соттың шешімімен қорғаншысы тағайындалды. 8 қарт азаматтар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар адамдарға Катонқарағай аудан әкімінің қаулысымен 6 адам стационарлық ұйымға жіберіліп, 2 адам кезекте тұр.

р/с санаты ауылдық округтер мүмкіндігі шектеулі балалар 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар адамдар жалғызбасты қарттар мен мүгедектер
1 Үлкен Нарын 2 1 39
2 Алтынбел 4 2 12
3 Ново-Хайрузовка     8
4 Солоновка     5
5 Солдатово     2
6 Ново-Поляковка     5
7 Катонқарағай 10 12 26
8 Белқарағай   1 11
9 Коробиха     6
10 Ақсу   2 2
11 Аққайнар 2 8  
12 Жамбыл 2 4  
13 Өрел 3 8 6
  БАРЛЫҒЫ 23 38 122

Арнайы әлеуметтік қызмет алатын азаматтарды тіркеу және мониторингісін жүргізуге байланысты бизнес - үдерістерді автоматтандыру «Е-Собес» базасына тіркеу жұмысы жүргізіледі.

Жүйе

  1. Медициналық әлеуметтік мекеме тізбесін қалыптастыруға
  2. Төлқұжат толтыруға
  3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтініштері бойынша жолдама беруге
  4.  Басқарма жолдамасы бойынша медициналық әлеуметтік мекемеге тіркеуге
  5. Шығыс есептерді құруға арналған.

Е- Собес базасы бойынша 2016 жылы үйден әлеуметтік қызмет көрсетуге 31, жартылай стационарлық үлгідегі күндізгі қызмет алуға 3, мемлекеттік емес ұйымдарға 14 адам тіркелді.
Жыл көлемінде әртүрлі іс – шаралар, ашық сабақтар, сайыстар өткізілді. Психолог Э.Қасымқанова «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!», «Қарым – қатынас мәдениеті», «Мен ғажайыппын» тақырыптарында ашық психологиялық тренинг және «Х- фактор» ән байқауын, дефектолог Қ.Костубаева «Аялы алақан» және «Жаншуақ» топтарында «Құстардың қысқа дайындығы» ашық сабағын, «Давайка поиграй-ка» сайысын, еңбек терапия мұғалімі Ж.Қасымқанов «Қысқа дайындық», «Тастарға сурет салу», «Құстарға үй қорабын жасау» ашық сабақтарын,  18 жастан асқан балалар үшін «Аялы алақан» тобының тәрбиешісі А.Тюндебаева «Астық», «Қыз сыны», «Әкем, анам және мен» сайыстарын, 18 жасқа дейінгі балаларға «Жаншуақ» тобының тәрбиешісі З.Нұрланова «Жеке бас гигиенасы», аға тәрбиеші С.Тоқпаева «Нанды қастерлейік» тақырыбында ашық сабақтар,  дене шынықтыру сауықтыру инструкторы балалар жасөспірімдер спорттық мектебінде «Толағай» спорттық сайысын өткізді. 14 қазанда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде «Нұр Отан» партиясы денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүгедектер күніне арналған «Шексіз аймақ» атты мерекелік шара, 02 желтоқсанда Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы елімен бірге» атты түзіліс, 15 желтоқсанда «Тәуелсіздікке – 25 жыл» атты ертеңгілік өткілді. Сонымен қатар әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен «Кедергісіз келешек» тақырыбында дөңгелек үстел, әлеуметтік қызметкерлерге арналған семинарлар өткізілді. Қызмет алушылар денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын ұстау, икемділікке, ептілікке, ұжымдыққа, қоғамдық орындарда өзін ұстау мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында қосымша білім беру ұйымдарын қатынап тұрады. 13 қаңтарда үлкен Нарын ауылындағы «Дене шынықтыру – сауықтыру кешені» КММ-нің ашылуына байланысты жартылай стационар қызметкерлері қызмет алушыларды экскурсияға, 11 ақпанда педагогтар мен мамандар аудандық кітапханаға экскурсия ұйымдастырды. 26 ақпанда Алғыс айту күніне орай  «Жақсы сөз- жарым ырыс» тақырыбында, 4 наурызда Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілік, 18 наурызда «Армысың, Наурыз!» атты мерекелік шара өткізілді. 6 – мамырда Отан қорғау күніне арналған «Дені саудың-жаны  сау» атты мамандар мен қызмет алушылардың қатысуымен «Бейбарыс» және «Қыран» командаларының спорттық эстафета жарысы,  07 қазанда «Берекелі алтын күз!» күзгі балы ұйымдастырылып өткізілді. 1 маусымда балаларды қорғау күніне арналған ауылдық округ мерекесіне қатысып, іс-шара жартылай стационарда ертеңгілікпен жалғасты.
01 қазанда қарттар күніне орай аумақтық орталық тарапынан 29 жыл әлеуметтік салада қызмет атқарған зейнеткер Блинова Галина Викторовнаны құттықтап, сыйлық табыстады.
26 желтоқсанда аудан әкімі А.Нұрғожин, мәслихат хатшысы Д.Бралинов, аудан әкімінің орынбасары Д.Қалиқан және ауылдық округ әкімдері мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аумақтық орталық басшыларының қатысуымен даму мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді.
Атқарылған тәрбиелік шаралар туралы ақпарат аудан әкімі сайтының веб-парағына 2 тілде орналастырылып, аудандық «Арай – Луч» газетіне жарияланып тұрады.

 

Парақтар өзгертілді: 10-01-2017