Әлеуметтік сала


kn «Мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерге және қарт азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Катонқарағай аумақтық орталығы» КММ
     
kn Катонқарағай ауданында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, әлеуметтік төлемдерді жетілдіру және әйелдердің зейнеткерлік жасын көтеру бойынша ақпарат *.doc 34 KB
kn Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру *.doc 26 KB
kn ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша 100 сұрақ және жауап *.doc 314 KB

 

Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет көрсету

  1. Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою
  2. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны төлеу, куәлік беру
  3. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу
  4. Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету
  5. Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау
  6. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
  7. Мүгедектерге кресло-арбалар беру
  8. Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету
  9. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу
  10. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу
  11. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау (альтернативтік)
  12. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу
  13. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау (альтернативтік)
  14. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру
  15. Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру (ЦОН арқылы)
  16. Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру
  17. Тұрғын үй көмегін тағайындау (ЦОН арқылы)


Мемлекеттік қызметтер көрсетудің мекен-жайы:
«Катонқарағай ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі
Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Аблайхан көшесі, 109 а
Анықтама телефондары: 2-91-55, 2-70-34, 2-95-91, 2-93-99

 

Бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

1. Мемлекеттік қызмет көрсету: Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық- элеуметтік мекемелерді әлеуметтік қызмет көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу.

Құжаттар тізімі:
1. қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның өтініш хаты;
2. жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімі;
3. уәкілетті органның жолдамасы;
4. баланың туу туралы куәлігі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі бар (ЖСН) жеке күәлігі;
ЖСН болмаған жағдайда салық төлеушінің тіркеу нөмірін және әлеуметтік жеке кодты беру туралы куәліктері беріледі;
5. мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
6. медициналық карта (үлгі бойынша);
7. мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;
8. 18 жастан асқан адамдар үшін – соттын адамды әрекетке қабілетсіз деп тануы туралы шешімі (болса);
9. зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігі;
10. Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және соларғатеңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушы және соларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәлктің негізінде жүзеге асырылады.

Орындалу мерзімі: он күн аралағында;


2. Мемлекеттік қызмет көрсету: Бөгде адамдардың көмегін қажет ететін жалғызбастылар, жалғызілікті қарттар, мүгедектер және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу.

Құжаттар тізімі:
1. қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және іс- әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) жазбаша өтініші;
2. жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімі;
3. уәкілетті органның жолдамасы (бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметкөрсету кезінде),
4. баланың туу туралы куәлігі немесе  жеке күәлігінің көшірмесі;
ЖСН болмаған жағдайда салық төлеушінің тіркеу нөмірін жәнеәлеуметтікжеке кодты беру туралы куәліктері беріледі;
5. мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қарттарүшін – талап етілмейді);
6. медициналық карта (үлгі бойынша);
7. мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме ( қарттар үшін – талап етілмейді);
8. азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе тұрғылықты жерінен анықтама;
9. зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
10. Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушысы және соларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәлктің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.

Орындалу мерзімі: жеті күн аралағында;

3. Мемлекеттік қызмет көрсету: Үйде тәрбиеленетің және оқытылатын мүгедек балаларды материалдың қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу.

Құжаттар тізімі:

  1. ата- анасының біреуінің немесе оның алмастырушы тұлғаның жазбаша өтініші;
  2. баланың туу туралы күәлігінің көшірмесі;
  3. мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
  4. өтінішке облыстық білім департаменті жаныдағы Ведомствоаралық психологиялық-медициналық педагогикалық комиссия беретін, мүгедек баланыүйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттілігі туралы анықтама қоса беріледі;
  5. өтініш берушінің салық төлеушінің нөмірінің көшірмесі;
  6. өтініш берушінің жеке күәлігінің көшірмесі;
  7. азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;

Орындалу мерзімі: өтінішті берген күнінен бастап.

 

Мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата- аналарға онлайн қызметінің көмегі

Бүгінгі күні мемлекетімізде 69 мыңнан астам балаларда  мүгедектігі бар. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата- аналарға онлайн қызметінен қонсультациялық және психологиялық қолдау мақсатында» ақпараттық хат жарияланды.Мемлекеттік бюджеттен мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға әр- түрлі әлеуметтік жәрдем төленеді, арнаулы әлеуметтік көмек үйден, стационарлардан, жартылай стационарлардан көрсетіледі. Сонымен қатар ата- аналардың көпшілігі өз баласын арнаулы мамандарға тапсыруға қорқып сенімсіздік білдіреді , қолдан тыс жібергісі келмей үйлеріндегі жағдайда  квалификациясы жоғары мамандың көмегіне қол жеткізе алмайды.Осы қиын психологиялық  жағдайларды шешуге  отбасыларға мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп, оқыту, қолдау мақсатында Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту Министірлігі  «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығымен», «Қазақстан- Ресей медициналық университетінің» қолдауымен «SKYPЕ»  программасы арқылы интернетпен қажетті көмегін көрсетеді..
Ата- аналарға сұрақтарына ақпаратты Катонқарағай аумағында 2-12-25, Үлкен Нарын аумағында 2-91-95 үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінен алуға болады.

 

Жұмыс берушілер назарына!

Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 532 бұйрығы.
Бұйрықтың талаптарына сәйкес барлық жеке және заңды тұлғалар барлық экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыратын, патенттік негізде қызмет жасайтын тұлғалар бекітілген нысандар бойынша есеп тапсырады.
Қажетті мамандықтар туралы мәліметтер және болжамды жұмыс орындары, жалдамалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлғалар мәліметті ұсынбайды.

Бұйрықтын негізінде нысандар бойынша жұмыс берушілер есеп беруге міндетті:
1) 1-врм нысанды жұмыс берушілер бос жұмыс орындар (ваканттық лауазымдар)  пайда болған жағдайда 3 жұмыс күн ішінде ұсынады.
Есеп көрсетілген нысан бойынша жұмыс берушілерде бос орын болған кезде ұсынылады, мұндай мәліметтер болмаған жағдайда ұсынылмайды.
2) 1-болжам нысанды жұмыс берушілер жылына екі рет 1 сәуірде және 1 қазанда жыл сайын қызметкерлер мен мамандарға қажеттіліктерін ұсынады.
Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасының  «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы 2014 жылдың 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ Кодексінің 98 бабы   уәкілетті органға бос жұмыс орындар (ваканттық лауазымдар) туралы мәліметті уақытылы ұсынбау жауапкершілікті көздейді және он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, қайта ұсынылмаған жағдайда жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Есеп көрсетілген нысан бойынша қызметкерлер мен мамандарға қажеттілік болған кезде жұмыс берушілер мәлімет ұсынады, мұндай мәліметтер болмаған жағдайда, есеп берілмейді.
Нысандарды Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі мекен-жай бойынша ұсыну қажет.
Үлкен Нарын ауылы, Аблайхан көшесі, 109-а, мәлімет үшін: телефон 2-91-55, 2-14-53;
Катонқарағай ауылы, Жампеисов көшесі, 19, ауылдық әкімшіліктің ғимараты 1 қабат, телефон: 2-17-86.
Ауданның орталығынан шалғайдағы ауылдарда тұратындар есепті ауылдық әкімдіктерге тапсыра алады.

 

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арналған жоспарының орындалуы туралы ақпарат

kn 2016 жылдың *.doc 58 KB
kn 2015 жылға Катонқарағай ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы каулының жобасы *.doc 29 KB
kn 2015 жылдың *.doc 121 KB
kn 2014 жылдың 1 қыркүйегіне *.doc 23 KB
Парақтар өзгертілді: 05-10-2017