Құрметті азаматтар

Ибраев Найманғазы

Ибраев Найманғазы

1950 жылы 20 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Топқайың ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Саратовка ауылындағы Шығыс Қазақстан совхоз-техникумынын зоотехник мамандығы бойынша, Семей қаласындағы зооветеринарлық институтын зооинженер мамандығы бойынша бітірген.
1967 жылы С.Торайғыров атындағы  Шыңғыстай орта мектебін бітіргеннен кейін еңбек жолын 1968 жылы қатардағы жұмысшыдан бастайды. Қоғам жұмысына белсене араласып, өзін жақсы қырынан таныта білген азамат он жыл цехтық комсомол, он екі жыл цехтық партия ұйымының хатшысы қызметін атқарады. Катонқарағай аудандық партия комитетінің ұсынысы бойынша 1981 – 1986 жылдары Черняховский кеңшарында жұмысшылар комитетінің төрағасы болып, 1991–1997 жылдары Медведка (қазіргі Белқарағай) селолық атқару комитетінің төрағасы болып еңбек етеді. Қызмет істеген жылдары өзін белсенді, алдына қойған мақсаттарға жете білетін, еңбекқор басшы бола білді.
2000 жылы «Қуат» шаруа қожалығын ашты. Қазіргі уақытта «Қуат» шаруа қожалығы – ауыл шаруашылық бағытында өз жұмысын жолға қоя білген шаруашылықтардың бірі. Жыл көлемінде мерекелік шараларға демеушілік көрсетіп, атқарушы билікпен тығыз жұмыс істейді.
Найманғазы Ибрайұлы 2013 жылдан Белқарағай ауылдық округі әкімінің жанынан құрылған Ардагерлер кеңесі ұйымының мүшесі, 2013 жылдан бастап осы ұйымға төрағалық етеді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауылдың ақсақалы ретінде өзінің өмір тәжірибесімен бөлісіп, жас ұрпаққа көрген-білгенін үйретіп келеді. Бала жасынан спортқа ден қойған ақсақал әлі де саламатты өмір салтын ұстанып, волейболдан аудандық, облыстық шараларға қатысып отырады.

2018 жылы 25 желтоқсанда ауданның  әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Найманғазы Ибрайұлына VI шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XXIV сессиясының №24/204-VI шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Парақтар өзгертілді: 28-02-2019