Құрметті азаматтар

Байсарина Айгуль Шайзадиновна Байсарина Айгүл Шайзадақызы
1951 жылы 17 қыркүйекте Большенарым (қазіргі Катонқарағай) ауданының Усть-Нарым ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Большенарым ауылындағы Ленин атындағы орта мектепті бітірген. Өскемен педагогикалық училищесін, кейін Өскемен педагогика институтын тәмамдаған. Алматы жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы.

Еңбек жолын 1968 жылы Алыбай мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады. 1976 жылдан «Хайрузовка» кеңшарында комсомол комитетінің хатшысы, Большенарым аудандық комсомол комитетінің меңгерушісі, аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып еңбек етті. 1996 жылға дейін аудандық халық депутаттары кеңесі атқару комитетінде, аудандық саяси үгіт-насихат бөлімінде жауапты қызметтер атқарды.  1996-2002 жылдары Большенарым ауданы әкімінің орынбасары болды. 2002 жылдан Өскемен қалалық және облыстық әкімдіктерде қызмет етті. 2012 жылы Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр бөлімінің жетекшісі болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта құрметті еңбек демалысында, қоғамдық жұмыстармен айналысады. Облыс әкімінің жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат істері бойынша комиссия мүшесі.

Айгүл Шайзадақызының ұстаздық қызметі Білім және Ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен бағаланған. Ұзақ жылғы жемісті еңбегі жоғары бағаланып, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың (2000,2012) алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат істері бойынша Ұлттық комиссияның алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен, ШҚО әкімінің грамоталарымен, марапатталған.

2016 жылы 17 маусымда  ауданның білім саласына, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Айгүл Шайзадақызына VI шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының  III сессиясының № 3/31- VI шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Парақтар өзгертілді: 04-07-2016