Құрметті азаматтар

Ахметов Кайрат НурсайыновичАхметов Қайрат Нұрсайынұлы
1966 жылы 6 шілдеде Катонқарағай ауданының Черемошка (қазіргі Үшбұлақ) ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1983 жылы Медведка орта мектебін үздік аяқтады. 1989 жылы Өскемен құрылыс жол институтының «Автомобиль жолдарының инженері» мамандығы бойынша үздік бітірді. Сол жылы Өскемен құрылыс жол институтының «математика» кафедрасының оқытушысы болып жұмысқа кірді. 1992 жылы Мәскеу автомобиль жолдары институтының аспирантурасын үздік бітіргеннен кейін, Өскемен жол құрылыс институтындағы оқытушылық қызметін жалғастырды. 1993-1997 жылдары «Kades Company» компаниясының вице президенті болды. 1997 жылы «Азия Энерго Проект Монтаж» компаниясын құрды. 1997-1999 жылдары «Азия Lines» компаниясының президенті болды. 1999 жылдан бастап «Қазақавтожол» бөлімінің бастығы, 2000 жылдан «КаздорНИИ» қазақ жол ғылыми зерттеу институтының директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта «Азия Энерго Проект Монтаж»  компаниясының бас директоры.

Қайрат Нұрсайынұлы ауданның тыныс-тіршілігін жіті бақылап, әлеуметтік-экономикалық дамуына үнемі өз үлес қосып келеді. Қоғамдық, мәдени, қайырымдылық істерде алдыңғы қатардан көрінетін іскер азаматтың туған жеріне жасаған қайырымдылық істерін жерлестері ешқашан ұмытпайды.

Халықаралық көлік академиясының академигі, техника ғылымының кандидаты Қайрат Нұрсайынұлы осы уақытқа дейін жеткен жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды. Ресей мемлекетінің «За охрану природы России» медалімен және «За экологическую безопасность» дипломымен марапатталған.

2016 жылы 17 маусымда  ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қайырымдылық көмек көрсетудегі, қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Қайрат Нұрсайынұлына VI шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының  III сессиясының № 3/31-VI шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Парақтар өзгертілді: 04-07-2016