Құрметті азаматтар

Алипин ҚабдрашитАлипин Қабдрашит

Алипин Қабдрашит 1921 жылы 6 наурызда Катонқарағай ауданының Алтай ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Топқайың, Шыңғыстай мектептерінен білім алды. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1942 жылы «Степан Разин» атындағы ұжымшарда жұмыс істеп жүрген жерінен майданға шақырылады. Қазақстанның Семей қаласында жасақталған 101 қазақ ұлттық атқыштар бригадасының минометшілер двизиясының құрамында Калининградты, Ленинградты, Прибалтика респуликалары мен Белоруссияны жаудан азат етуге қатысқан. Жеңіс күнін Курляндия жерінде қарсы алды. 1946 жылы елге оралған соң Катонқарағай аудандық «Еңбек туы» газетінде төрт жыл тілші болып қызмет атқарды, содан кейін Қабырға бастауыш мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді. 1951-52 жылдары Зайсан қаласының педагогика училищесінде білім алып, Қабырга, Чернова, Язевка орта мектептерінде жұмыс істеді. 1959-62 жылдары аудандық газеттің партия бөлімін басқарады. 1962  жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін  Қабырға бастауыш мектебінде мұғалім болып қызмет  атқарды. Ұзақ жылғы ұстаздық мінсіз қызметі үшін «Халыққа білім беру ісінің үздігі» атағын иеленді. Жұбайы Әсима екеуі сегіз бала тәрбиелеп, оларды жеткізді.
Қабдрашит Алипин соғыс жылдарындағы ерліктері мен бейбіт өмірдегі адал еңбегі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков», «Ерен еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен және көптеген мерекелік медальдармен, алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен марапатталған.
2015 жылы 16 маусымда өз іс-қызметі арқылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Қабдрашит Алипинге Катонқарағай аудандық мәслихатының ХХХI сессиясының 31/247-V шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Парақтар өзгертілді: 21-07-2015