Құрметті азаматтар

Бекбосынов Арман Ілиясұлы Бекбосынов  Арман  Ілиясұлы 1973 жылы 10 қаңтарда Зайсан ауданының Зайсан қаласында дүниеге келген. Орта мектепті аяқтаған соң, Өскемен құрылыс-жол институтын 1995 жылы автомобиль жолдарының инженер - құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары қазыналық кәсіпорнында инженер болып бастады. 1997-2000 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары қазыналық кәсіпорнында жетекші, бас маман, 2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары Комитеті автомобиль жолдарын дамыту бөлімінің бас маманы, бөлім бастығының міндетін атқарушы, 2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары Комитетінің эксплуатация бөлімінің бастығы, 2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінде басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы қызметтерін атқарды. 2005-2006 жылдары Астана қаласындағы «Қазақжолқұрылыс» ЖШС директордың орынбасары, 2006-2008 жылдары Атырау облыстық көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы бастығының орынбасары, 2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі стратегиялық жоспарлау және көлік-коммуникациялық кешенін дамыту департаменті автомобиль жолдарын дамыту басқармасының бастығы, 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы, 2010-2013 жылдары Катонқарағай ауданының әкімі қызметтерін атқарды. Қазір Глубокое ауданының әкімі.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен, «Құрметті жолшы» төсбелгісімен марапатталған.
2013 жылы 25 желтоқсанда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Арман Ілиясұлына Катонқарағай аудандық мәслихатының ХХ сессиясының 20/138-V шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 


Парақтар өзгертілді: 26-11-2014