Құрметті азаматтар

Тумашинов Лұқбек ШабданұлыТумашинов Лұқбек Шабданұлы
1963 жылы 6 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданының Жұлдыз ауылында дүниеге келген.  Білімі жоғары. Н.В.Гоголь атындағы Нежин педагогикалық институтын, Шығыс Қазақстан Аймақтық Университетін бітірген. 1985 жылы жоғары білімді жас маман Большенарым ауданы Жұлдыз ауылындағы орта мектепке орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып келеді.  
Біраз жыл мектеп директоры, кейін Большенарым ауданы партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің инструкторы, аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Большенарым ауданы райзаготконтораның директоры, Большенарым ауданы аудандық тұтынушылар одағының төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Шарапат» сақтандыру компаниясы филиалының бастығы болып жұмыс істеді.
2001 жылы Л.Тумашинов заман талабына сай жеке кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында «Нарын» ЖШС-н құрды. Соңынан «Элхон» ЖШС-н құрып, облыс көлемінде құрылыс жұмыстарымен айналыса бастады. Іскер басшы өз кәсібін дамытумен қатар, облыс көлемінде құрылыс жұмыстарын өте сапалы жүргізіп, халықтың ыстық ықыласына бөленіп, алғыстарын алды. 2009 жылы «Элхон» ЖШС «Шығыс Қазақстан облысы бойынша ең үздік кәсіпорын» атанды. Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты, Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы Лұқбек Шабданұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосумен қатар қоғамдық, мәдени, қайырымдылық істерде де алдыңғы қатардан көріне білді. Аудан өміріндегі барлық шараларға демеушілік жасап, қайырымдылық көмегін көрсетіп отырады.
Өкімет тарапынан еңбегі жоғары бағаланып «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.  Облыс, аудан әкімдерінен, қоғамдық ұйымдардан үнемі алғыс хаттар алады.
2013 жылғы 26 ақпанда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қайырымдылық көмек көрсетудегі, қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Лұқбек Шабданұлына V шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының  X сессиясының №10/81-V шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.     

 

 


Парақтар өзгертілді: 26-11-2014