Құрметті азаматтар

Түпелеков Құмарбек ТүпелекұлыТүпелеков Құмарбек Түпелекұлы 1953 жылы 18 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Таңба ауылында (қазіргі Еңбек ауылы) дүниеге келген. Білімі жоғары. 1979 жылы Өскемен педагогикалық институтын, 1990 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін бітірген.
1971 жылы Чернова орта мектебін үздік бітіріп, бір жыл Чернова кеңшарында жұмыс істеді. 1972 жылдың мамырында КСРО қарулы күштер қатарына шақырылып, әскери қызметін танкист болып Германия Демократиялық Республикасында өтеді. 1974 жылы Өскемен педагогикалық институтына оқуға түсті. Институтта оқып жүрген кезінде-ақ студенттік құрылыс отрядының құрамында Катонқарағай ауданында көптеген шаруашылық нысандар және тұрғын үй тұрғызу жұмыстарына  белсене араласты. 1979 жылы институтты үздік бағамен бітіріп, ішкі істер органдары қызметіне жұмысқа орналасты.
1985-87 жылдар аралығында КСРО ішкі істер министрлігінің өкілдігі қарамағында Ауғанстан Республикасында интернационалдық борышын өтеді. Ауғанстаннан оралғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер органдарында қызметін жалғастырды.
1987 жылдың ақпаны мен 1995 жылдың желтоқсаны аралығында облыстық ішкі істер органдары жүйесінде әр түрлі басшылық лауазымдарда болды. 1995 жылдың желтоқсанынан бастап Өскемен қаласының ішкі істер басқармасының бастығы, 2003 жылдың наурызынан бастап Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары қызметінде болды.
2008 жылдың ақпанында жасы бойынша құрметті еңбек демалысына шықты.  
Құмарбек Түпелекұлы Отан алдындағы ерлігі, жауынгерлік батылдығы, ұзақ жылдардағы мінсіз қызметі үшін  «Ауған соғысының ардагері» орденімен, «Ерекше қызметі үшін», «Ұрыс әрекеттерінің ардагеріне», Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты», «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері» медальдарымен және басқа да көптеген мерекелік медальдармен марапатталған.
2013 жылғы 26 ақпанда өз іс-қызметі арқылы аудан беделін көтергені  үшін Құмарбек Түпелекұлына V шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының X сессиясының №10/81-V шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.  

   

   

 

 


Парақтар өзгертілді: 26-11-2014