Құрметті азаматтар

Оразаев Шаймардан Сүлейменұлы Оразаев Шаймардан Сүлейменұлы 1951 жылы 10 наурызда Катонқарғай ауданы Медведка ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Медведка орта мектебін бітіріп, комсомолдық жолдама бойынша Черняховский атындағы кеңшарда шопан болып еңбек жолын бастайды.
1969-70 жылдары Қиыр Шығыста Отан алдындағы әскери борышын өтейді. 1970-72 жылдары Черняховский атындағы кеңшарда токарь, бір жылдан соң комсомол комитетінің хатшысы болып еңбек етеді. 1972 жылы Лениногор орман шаруашылық техникумына оқуға түсіп, оны 1975 жылы үздік дипломмен аяқтайды.
1975-80 жылдары Катонқарағай орман шаруашылығында орманшы, құрылыс прорабы, ағаш дайындау бөлімінің бастығы, техника қауіпсіздігінің инженері қызметтерін аброймен  атқарады.
1980 жылы партияның жолдамасымен Алматы жоғарғы партия мектебіне барып, 1984 жылы үздік бағамен аяқтайды.
1984-90 жылдары Катонқарағай аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Катонқарағай аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары,«Ақмарал» агрокомбинатының бас директоры болып қызмет етеді.
1990-97 жылдары аудандық атқару комитетінің бірінші орынбасары, аудан әкімінің орынбасары, аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы, 1997 жылы екі аудан біріктірілгеннен  кейін Катонқарағай аумағы бойынша аудан әкімінің орынбасары, 1997-2005 жылдары Катонқарағай ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарды. Өр Алтайда  Шаймардан Сүлейменұлының іске асырған еңбектерінің нәтижесін ел-жұрты жақсы біледі.
Бірнеше дүркін Катонқарағай аудандық партия комитетінің мүшесі, депутаттар кеңесінің депутаты болып сайланды.
2011 жылғы 21 желтоқсанда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан  зор үлесі үшін Шаймардан Сүлейменұлына IV шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының  XXXIII сессиясының №33/301-ІV шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.  

 

 

Парақтар өзгертілді: 26-11-2014