Құрметті азаматтар

Құсманова Гүлбану Имашқызы КатонқарағайҚұсманова Гүлбану Имашқызы Катонқарағай ауданының Өрел ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітіреді. Сол жылы Тәжікстан астанасы Душанбе қаласындағы Мемлекеттік Университетке оқуға түсіп, оны 1971 жылы үздік дипломмен аяқтайды. Жоғарғы оқу орнын бітірген жас маман Катонқарағай ауданындағы «Арай»- «Луч» газетіне тілші болып орналасады.
Осы ауданда Гүлбану Имашқызы ширек ғасыр, 1971 жылдан 1995 жылға дейін, аудандық газет редакциясында, аудандық партия комитетінде, аудандық әкімшілікте, облыстық телерадио кешенінің аудандық радио редакциясында жауапты қызметтер атқарды.
1995-1996 жылдары облыстық «Дидар» газетінде тілші, облыс әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің кеңесшісі болды.
Гүлбану Имашқызы 1997-2003 жылдарда облыстық Тіл комитетінің төрайымы қызметін атқарып, облыстағы тіл саясатының алғашқы қадамдарының күрделі де жауапты жүгін абыроймен атқарды.
Облыстық мемлкеттік қызмет жүйесінің ықшамдалуына байланысты Гүлбану Имашқызы 2003-2004 жылдары облыстық Жасөспірімдер Үйінің директоры қызметіне ауыстырылды.
Кейін облыстық біліктілікті арттыру институтының «Педагогический мир», «Педагогичекий вестник» арнайы басылымдарының қызметкері болып орналасты.
Катонқарағай топырағында туып өсіп, осы жерде мемлекет қызметінде ширек ғасыр бойы еңбек еткен, аудан ғана емес –облысымыздың рухани тірлігіне із қалдыра білген, аудандағы қыздар ішінен шыққан тұңғыш газет редакторы, партия комитетінің екінші хатшысы, тәуелсіздік жылдарында облыстық комитет басшысы болған Гүлбану Имашқызы атқарған жұмыстары үшін 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай ҚР Президентінің Алғыс хатымен және ҚР Мәдениет және ақпарат минитрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2011 жылғы 21 желтоқсанда аудан көлеміндегі рухани құндылықтарды байытуға қосқан зор үлесі үшін Гүлбану Имашқызына IV шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XXXIII сессиясының №33/301-ІV шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.  

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 26-11-2014