Құрметті азаматтар

Иманғалиев Совет ҚапанұлыИманғалиев Совет Қапанұлы 1950 жылы Ұлан ауданында дүниеге келген. 1967 жылы орта мектепті, 1973 жылы Өскемен педагогикалық иниститутының химия факультетін бітірген. 1973 жылы оқу орнының жолдамасымен Чернова  орта мектебіне  келіп, бір жыл оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарады. Осы жерден ол Катонқарағай аудандық комсомол комитетінің екінші хатшылығына тағайындалады да, артынан  бірінші хатшысы болады. 1979-1982 жылдар  аралығында Катонқарағай аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болады. 1982 жылы Москва қаласына  КСРО Дипломатиялық Академиясына үш жылдық оқуға жіберіледі. 1985-1991 жылдары Семей облыстық атқару комитетінде, Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінде жауапты  қызметтер атқарады.
1996-1998 жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі Бас елшілік басқармасында кеңесші, басқарма бастығының орынбасары, бастықтың міндетін атқарушы қызметтерінде болды. Бұдан кейін екі жылдай Қазақстан  елшілігінің Монғолия және Қытай Халық Республикасындағы кеңесшісі қызметін атқарды. 1999-2001 жылдары Шығыс Қазақстан облысы  әкімінің сыртқы экономикалық  мәселелер  жөніндегі кеңесшісі, 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Өскемен қаласындағы Консулы қызметін атқарды. Ел алдындағы елеулі істері мемлекет тарапынан өз бағасын алды.
«Нәрін, дарын, бәрін берген – туған жер», «Совет Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров» атты кітаптардың, сонымен қатар, Катонқарағай ауданы, аудан көлеміндегі өзімен істес болған адамдар жайлы жазылған «Анамдай әлпештеген Асқар Алтай» атты естелік кітабының авторы Қазақ, орыс, монғол, қытай, түрік тілдерін меңгерген.
2010 жылғы 28 шілдеде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Совет Қапанұлына IV шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XXIII сессиясының №23/189-ІV шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 26-11-2014