Құрметті азаматтар

Зайнулдин Серік ЗинабекұлыЗайнулдин Серік Зинабекұлы 1964 жылы 25 ақпанда Зайсан ауданының Зайсан қаласында дүниеге келген. 1981 жылы Айнабұлақ орта мектебін тәмамдады. 1986 жылы Семей зооветеринарлық институтын зоотехник, 2011 жылы Шығыс Қазақстан аймақтақ университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
1986 жылы жас маман өз қызметін Зайсан ауданындағы «Айнабұлақ» кеңшарында бас зоотехник болып бастайды. 1991-93 жылдары «Айнабұлақ» кеңшарының директоры, 1993-97 жылдары аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы болып қызмет атқарады. 1997-2007 жылдары Зайсан ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық мәселелеріне басшылық ететін орынбасары болады. 2004-05 жылдары Зайсан ауданы әкімінің міндетін атқарады.
2007 жылы Катонқарағай ауданының әкімі болып тағайындалды. Серік Зинабекұлы аудан әкімі болған жылдарда ауданымызда жаңа мектептер мен аурухана ғимараттары бой көтерді. Іскер басшы ретінде ерекшеленген әкім аудан өміріне тың серпіліс әкелді. Аудан орталығы абаттандырылып, көптеген ғимараттар күрделі жөндеуден өткізілді, туризмнің дамуына бағытталған серпінді жобалар енгізіліп, инвесторлар тартылды. 2010 жылдың 16 шілдесінде Зайсан ауданының әкімі болып ауысты.
Серік Зинабекұлы жемісті еңбегі үшін «Құрмет» орденімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Тыңға 50 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
2009 жылғы 28 желтоқсанда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Серік Зинабекұлына IV шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XVII сессиясының №17/156-ІV шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 26-11-2014