Құрметті азаматтар

Қасенов ҚамбарханҚасенов Қамбархан 1932 жылы 12 қаңтарда Большенарым ауданы, Үштөбе ауылында дүниеге келген. 1943 жылы Үштөбеден бастауыш мектепті, 1950 жылы Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай орта мектебінен сегізінші сыныпты, 1951 жылы Жұлдыздан орта мектепті бітіреді. 1951-1954 жылдары осы мектептің бастауыш сыныптарына,кейіннен 5-7 - сыныптарына биология-география пәндерінен сабақ береді.

1954 - 1957 жылдары әскер қатарына шақырылып, өзінің Отан алдындағы борышын өтейді. Әскер қатарынан оралғаннан кейін. 1957-65 жылдары Көктерек мектебінде биология-география пәндерінен дәріс береді. 1957 жылы Н.К.Крупская атындағы мұғалімдік институттың биология-география факультетін, 1964-67 жылдары Өскемен мемлекеттік педагогикалық институтының биология факультетін сырттай оқып бітіреді. 1965 жылдан 1993 жылға дейін Қамбархан Қасенұлы табан аудармай Жұлдыз орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарды. Алғашында биология-география пәндерінің мұғалімі, 1971-73 жылдары интернат меңгерушісі–мұғалім, 1975-83 жылдары мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі, оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1986 жылдан 1993 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін мектеп директоры болды. Қызмет еткен жылдарында сан алуан шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, үлкен өмірге жолдама берсе, басшылық қызметтерде жүргенде мектептегі оқу-тәрбие жұмысының дамуына аянбай тер төкті.
Ұстаздық қызметтегі адал еңбегі «Еңбек ардагері» медалімен, «Қазақ КСР-нің оқу-ағарту ісінің үздігі» белгісімен бағаланды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Халық ағарту қызметкерлері облыстық кәсіподақ комитетінің және Большенарым аудандық оқу бөлімі мен кәсіподақ комитетінің мақтау грамоталарымен, Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымының құрылуының 20 жылдығына байланысты Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы Шығыс Қазақстан облыстық кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.
2009 жылғы 16 маусымда ауданның білім саласына сіңірген зор еңбегі үшін Қамбархан Қасенұлына IV шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының  XIII сессиясының №13/130-ІV шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 26-11-2014