Құрметті азаматтар

Старшинаев Жиенбол Старшинаұлы

Уәлханов Нұрбай Нұралыұлы
1952 жылы 1 қаңтарда  Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында дүниеге келген. Өскемен педагогикалық институтының  физика және жалпы техника  факультетін бітірген. Еңбек жолын Медведка  ауылындағы орта мектепте мұғалімдіктен бастап, 1978-1992 жылдар аралығында аталған мектепте директор қызметін атқарды. 
Нұрбай Нұралыұлы 1980 жылы Медведка ауылында типтік, заман талаптарына сай 480 орындық мектеп салынуына ықпал етті.  Мектептің материалдық-техникалық базасына, оқушылардың білім сапасына ерекше көңіл бөлді. Оның іскерлік, ұйымдастыру қабілеттері ескеріліп 1992 жылы Белқарағай ауылдық кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған жылдары ауылдық округ әкімшілігінің басшысы, ауылдық округтің әкімі қызметтерінде болды. Бұл қызметтерде ол ауыл халқының болашаққа деген сенімінің нығаюына, жаппай жекешелендіру кезінде  қолда бар  инфрақұрылым нысандарын талан-таражға салмай, сақтап қалуға бағытталған жұмыстар жүргізуге көп күш-жігерін жұмсады.
Нұрбай Уәлханов  білім саласындағы және мемлекеттік қызметтегі қажырлы еңбегі үшін  «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Қазақстан  Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдарымен,  «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісімен, Қазақстан Республикасы білім министрлігінің мақтау грамоталарымен мадақталған.
2009 жылы 18 ақпанда ауданның  әлеуметтік - экономикалық дамуына қосқан  зор еңбегі үшін Нұрбай  Нұралыұлына  IV шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының  XI сессиясының №11/113-ІV шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 26-11-2014