Құрметті азаматтар

Елубаева Нұрбала СахарияқызыЕлубаева Нұрбала Сахарияқызы 1938 жылы 14 қарашада Большенарым ауданы Майемер ауылында дүниеге келген. 1947-57 жылдары Майемер, Жұлдыз мектептерінде оқып, орта білім алып шығады. Мектеп бітірген жылы 19 бала «Комсомолдар, ауылға!» ұранымен Көктерек бөлімшесіндегі «Тасқора» мал фермасына жұмысқа қалады. Қыздармен бірге жас Нұрбаласиыр фермасында сауыншы болады. 1960 жылдың 28 қаңтарында Көктерек орта мектебіне жұмысқа орналасады. 1965-67 жылдары Семей қаласындағы Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институттың тіл-әдебиет факультетінде оқып, жоғары білім алады. 1969-81 жылдары Көктерек орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, 1981-94 жылдары осы мектептің директоры болып  қызмет атқарады. Ұстаздық қызмет атқарған жылдарында облыстық, республикалық педагогикалық оқуларға қатысып, жүлделі орындарды иеленеді. 1975-80 жылдары облыстық білім жетілдіру институтының тұрақты лекторы болады. Өз ісінің білгірі, қоғамдық істерге белсене араласатын білікті басшы 1969,1987 жылдары ауылдық Кеңестің депутаты болып сайланады. 1985-87 жылдары Большенарым аудандық партия комитетінің пленум мүшесі болады. 1978, 1986 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық партия конференцияларының, 1978, 1987 жылдары Қазақстан Республикасының V-VI мұғалімдер съездерінің делегаты. Ұзақ жылдардағы еңбегі үшін  Нұрбала Сахарияқызы 1983 жылы «Еңбек ардагері» медалімен, 1987 жылы Ыбырай Алтынсарин медалімен марапатталған. 1971 жылы Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, 1978 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі атақтарын алған. Бірнеше ғылыми-әдістемелік еңбектер мен «Өмір-өзен», «Өмір иірімдері», «Армандастар», «Майемер» атты кітаптардың авторы.            
2009 жылы 18 ақпанда ауданның  білім саласына сіңірген зор еңбегі үшін Нұрбала Сахарияқызына IV шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының  XI сессиясының  №11/113-IV шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Парақтар өзгертілді: 26-11-2014