Құрметті азаматтар

Құрманғалиев Айтмұханбет ӘлмадиұлыҚұрманғалиев Айтмұханбет Әлмадиұлы

1947 жылы 22 қазанда Катонқарағай ауданы Қабырға ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Е.П.Рыков атындағы орта мектепті, 1970 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Қазақ КСР-і Қаржы министрлігі бақылау-тексеру басқармасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің бақылаушы-тексерушісі болып бастаған. 1970-71 жылдары әскер қатарына барып келген соң қызметін жалғастырады. 1976 жылы қаңтар айынан бастап бөлім бастығы болып тағайындалған. 1979 жылғы маусым айынан бастап Шығыс Қазақстан облыстық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары-бюджет бөлімінің бастығы, 1988 жылғы қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары-бюджет бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған. 1990 жылғы наурыз айында Шығыс Қазақстан облыстық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасының бастығы, 1992 жылғы сәуір айында Шығыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасының бастығы болып тағайындалады. 2011 жылдан бастап ШҚО тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарды. Обылысымыздың қаржы саласындағы қажырлы еңбегі үшін Айтмұханбет Әлмадиұлы КСРО Қаржы министрлігінің «Қаржы ісінің үздігі» төсбелгісімен (1977ж), «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001ж), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005ж), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж) мерекелік медальдарымен, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігіне 10 жыл» төсбелгісімен, бірнеше рет Қаржы министрлігінің және Шығыс Қазақстан облысының грамоталарымен марапатталған. Облыс бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілетін спорттық жарыстарда сан мәрте жүлделі орындарға ие болған.
2007 жылы 28 қарашада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Айтмұханбет Әлмадиұлына IV шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының  II сессиясының  №2/18-IV шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Парақтар өзгертілді: 25-11-2014