Құрметті азаматтар

Назырбаев ҚайырдыНазырбаев Қайырды 1947 жылы 2 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданындағы Еңбек ауылында дүниеге келген. Еңбек сегізжылдық мектебін, Шыңғыстай орта мектебін бітірген. Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналис-тика факультетін тәмәмдаған. Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер, Катонқарағай, Большенарым және Зырян аудандары бойынша меншікті тілші, Күршім аудандық «Коммунистік еңбек» - «Коммунистический труд» газетінде аудармашы, облыстық радиода редактор және Катонқарағай шекаралық ауданының радиокомитетінде жауапты редактор, Катонқарағай аудандық «Арай»-«Луч» газтінде редактордың орынбасары, кейіннен редакторы болып істеген.
Назырбаев Қайырды 2000-2002 жылдары «Елорда» баспасында, 2002-2008 жылдары «Аударма» баспасында редактор, директор болды. 2009 жылдан бері «Нұр-Астана» баспасында директор болып еңбек етеді. Қ.Назырбаев Астанадан шығатын «Әлем әдебиеті» журналының алқа мүшесі.
Өлеңдері «Ағажай Алтайдай жер қайда» атты жинақта басылды. Оның құрастыруымен «Алтайдың алтын алқасы», «Ел ішіндегі бірқақпайлар», «Қаратай елінің ақындары», «Қаратай баба зираты», атты жинақтар және «Фолиант» баспасынан «Таудағы таңба», мемлекеттік тапсырыспен «Катонқарғай» атты кітаптары шықты.
Қ.Назырбаев 1974 жылдан КСРО Журналистер Одағының, Қазақстан Журналистер Одағының және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Ол Қазақстан Журналистер Одағы VII съезінің (1978ж), газет шығарушылар Ассоциациясы Бүкілодақтық съезінің (Мәскеу, 17-18.04.1991ж) республикалық «Қазақ тілі» қоғамы құрылтайының (Алматы, 1992 ж) делегаты.
Катонқарағай ауданының түлегі, журналист, ақын, баспагер –жазушы Назырбаев Қайырды «Қазақстан Республикасы Баспа және Полиграфия ісінің қайраткері», «Мәдениет қайраткері» төсбелгілерімен және «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
2007 жылы 31 мамырда аудан көлеміндегі рухани құндылықтарды байытуға қосқан зор үлесі үшін Назырбаев Қайырдыға III шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XXVIII сессиясының №28/6-III шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Парақтар өзгертілді: 25-11-2014