Құрметті азаматтар

Кемпірбаева Екетерина Уәлиханқызы Кемпірбаева Екетерина Уәлиханқызы 1938 жылы 3 сәуірде Катонқарағай ауданындағы Қараайрық ауылында дүниеге келген.
Сегіз жылдықты Өрел орта мектебінен бітіргеннен кейін Өскемен кооперативтік техникумына оқуға түседі. Еңбек жолын Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында бас бухгалтер болып бастайды, содан кейін Қызылту ауылдық тұтынушылар қоғамының төрайымы болады.
1961 жылы наурыз айында Өрел кеңшары комсомол комитетінің хатшысы, осы жылдың қараша айынан бастап  аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы болып сайланады.
1964 жылы Большенарым аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушілігіне тағайындалады. Арада жарты жыл өтпей аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болады. Екетерина Уәлиханқызы жұмыстан қол үзбей Өскемен педагогикалық институтының сырттай бөлімін бітірді.
1985 жылы аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы болып орналасты.
1990 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін халық депутаттары аудандық Кеңесі төрағасының орынбасары болып еңбек етті. Екетерина Уәлиханқызы аудандық партия комитетінің мүшесі, аудандық кеңестің депутаты болған жылдарында ауданның білім, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының, жалпы әлеуметтік саланың дамуына өзіндік үлесін қосты. Халық алдында сіңірген еңбегі әділ бағаланып, «Еңбек ардагері», «Адал еңбегі үшін» медальдарымен, ВЛКСМ-ның 50 жылдығына орай құрмет белгісімен және басқа да құрмет грамоталарымен марапатталған. Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткер.
2006 жылы 27 ақпанда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Екетерина Уәлиханқызына III шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XVIII сессиясының №18/6-III шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Парақтар өзгертілді: 21-11-2014