Құрметті азаматтар

Абақов Қайса ЕлікұлыАбақов Қайса Елікұлы 1937 жылы 5 ақпанда Катонқарағай ауданының Ақсу ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Катонқарағай ауылынан В.И.Ленин атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы Өскемен педагогикалық институтының физика және жалпы техника факультетіне оқуға түседі. 1957 жылы жоғары білімді маман ретінде аудандық оқу бөлімінің жолдамасымен Медведка сегізжылдық мектебіне мұғалім болып барады. 1964-73 жылдары Сөгір сегізжылдық, Ақсу орта мектептерінде, Е.П.Рыков атындағы орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор болып қызмет атқарады. Мұнан соң қызметін Алтай интернат-пансионатында меңгеруші, аудандық оқу бөлімінде инспектор болып жалғастырады.1979-82 жылдары үш жыл халық депутаттары Катонқарағай ауылдық кеңесінің төрағасы болады. 1982 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық оқу бөлімінде білім және ғылым қызметкерлері Катонқарағай аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, Катонқарағай өңірі бойынша жетекші маманы болып қызмет атқарды. Қайса Елікұлының білім саласындағы еңбек өтілі елу жылдан асады.
Ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін Қайса Елікұлы «Еңбек ардагері», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» медальдарымен, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен, көптеген құрмет грамоталарымен марапатталған. Тәжірибелі ұстаз, ардақты ақсақал Қайса Елікұлы бірнеше жылдан бері Катонқарағай ауылдық әкімшілігі жанындағы ардагерлер кеңесін басқарды. Сондай-ақ ол Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болды.
Қайса Елікұлы - ауданымыз бен облысымыздағы спортты дамыту ісіне де сүбелі үлесін қосқан палуан. Ол еркін күрестен спорт шебері, Қазақстан біріншілігінің бірнеше дүркін чемпионы, он рет облыс чемпионы болды.
2006 жылы 27 ақпанда ауданның білім және спорт саласына сіңірген зор еңбегі үшін Қайса Елікұлына III шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XVIII сессиясының №18/6-III шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Парақтар өзгертілді: 21-11-2014