KAZ     RUS  
 

Аудан бөлiмдерi

«Катонқарағай ауданынң білім беру бөлімі» ММ

Катонқарағай ауданының білім беру бөлімінің бастығы - Ағажаева Гүлбаршын Мүслімхановна.

1951 жылы 30 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы, Ұлан ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары, 1971 жылы Өскемен педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы -орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Еңбек жолын 1972 жылы Ұлан ауданы Шымқора ауылындағы Жамбыл орта мектебінде орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 1974 жылдың қаңтар және мамыр аралығында Қырым қаласындағы Бүкілодақтық Артек пионер лагерінің тыңдаушысы болды. 1974 -1978 жылдары Қырымдағы Гурфуз ауылында Бүкілодақтық Артек пионер лагерінің пионер вожатыйы болды. 1978 жылы Өскмен қаласындағы ҚКТУ-179-да тәрбиеші, ал 1978-1981 жылда Большенарым ауылындағы АКТУ-16-да орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, 1982-1988 жылдары Огнево атындағы орта мектептің мұғалімі, ал 1988 -1995 жылдары осы мекеменің директоры. 1995-1997 жылдары Большенарым аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісінің орынбасары. 1997- 2003 жылдары Большенарым ауылындағы Қ.Дамитов атындағы орта мектептің директоры. 2003-2005 жылдары білім беру бөлімінің меңгерушісі. 2005-2006 жылдары ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі, 2006-2007 жылдары ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 2007 жылдың тамыз айынан аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі.
Тұрмыста 2 бала тәрбиелеп отыр.

Менің айлық жалақымның қөлемі барлық ұсталып қалғаннан кейін барлығы 58 мың теңгені құрайды.
Орташа есеппен алғанда жұбайымның айлық жалақысы 33 мың теңге, жеке меншік үйім, УАЗ 452 автомашина және үй жанындағы жердің көлемі 0,38 га. Зейнеткерлік қордың көлемі 638668 теңге, жұбайымдікі - 404595 теңге.

Қабылдау күндері: дүйсенбі, сәрсенбі.
Жұмыс телефоны: 8- (72-341) -2-14-40
Мекен-жайы: ШҚО, Катонқарағай ауданы, Большенарым ауылы, Пушкин көшесі, 91.
Индекс: 070900

Бөлімнің негізгі міндеттері:
Білмім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетісьікьері негізінде жеке адамды қалыптастыруға , дамытуға және шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасауарқылы интеллектін байыту. Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу. Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру. Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру. Білім беру ұйымдарының еркіндігі, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникаиялық желілерге шығу. Еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру. Алуан түрлі және көп қызметті білім беру ұйымдарының тиімді дамуына жәрдемдесу. Аудандық мақсатты ағымдағы бағдарламаларды жасайды және жүзеге асырады. Мемлекеттік білім беру мекемелеріне ұйымдастырушылық және әдістемелік көмекке басшылық етеді.

Азаматтар әр дүйсенбі, сәрсенбі күндері сағат 14-00 ден 17-00 дейін
Катонқарағай ауданы, Большенарым ауылы, Абылайхан көшесі № 76 үй мекен жайы бойынша  қабылданады.
Телефон байланысы  8 (241) 2-14-40, 2-14-50

Катонқарағай ауданы жер қатынастары бөлімінің

Катонқарағай ауданы жер қатынастары бөлімінің бастығы – Асанғалиев Еділбек Атырауұлы
Асанғалиев Е.А. – 1961 жылы 21 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданы Балғын ауылында дүниеге келген. Қазақ, жоғары білімді.
1984 жылы агроном мамандығы бойынша Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген, 1991 жылы жер қатынастары мамандығы бойынша Қазақ ғылыми зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. 1984-1985 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Белое ауылындағы «Октябрьский» совхозының №1 бөлімінің агрономы қызметін атқарған. 1985- 1986 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Көкжер ауылындағы «Амангелді» колхозының бас агрономы. 1986- 1988 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы «Самарский» совхозының №3 бөлімінің агрономы. 1988 – 1993 жылдары Қазақ ғылыми зерттеу институтында кіші қызметкер жұмысын атқарды. 1993 – 1995 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Опытное поле ауылындағы «Агробиотех» фирмасының меңгерушісі. 1995 – 1997 жылдары Алматы қаласындағы «Қазақстандық транзит» директорының орынбасары. 1997 – 2000 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы «Усть-Каменогорский хлебопродукт» акционерлік қоғамының менеджері. 2000 – 2001 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы «Кунжур» шаруа қожалығының басшысы. 2001 – 2003 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы «Мал өнімдері корпорациясы» жабық акционерлік қоғамының бас маманы. 2003 – 2006 жылдары Өскемен қаласындағы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігінің «Фитосанитария» филиалының директоры. 2007 жылдың қазан айынан бастап Катонқарағай ауданы жер қатынастары бөлімінің бастығы.

Мен, Катонқарағай ауданы жерқатынастары бөлімінің бастығы Асангалиев Еділбек Атырауұлы төмендегі табыстарымды жария етемін:
2008 жылы 514 400 теңгенің еңбекақысы жазылып, оның 51 440 теңгесі зейнетақы қорына аударылды.
Жеке меншікте ешқандай мүлігім жоқ.

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері: дүйсенбі, сәрсенбі
Байланыс телефоны: 8 (72341) 2-19-06


Катонқарағай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі

Катонқарағай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы - Молдабаев Болат Адрышұлы.
1970 жылы 10 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданы Новоберезовка ауылында дүниеге келді.
1987 жылдың 1 қыркүйегінен 1992 жылдың 30 маусымына дейін «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша Өскемен құрылыс-жол институтында оқыды.
1992 жылдың 21 қазанынан 1996 жылдың 1 қарашасына дейін Большенарым ауданы Новоберезовка ауылында Ленин атындағы ұжымдық шаруашылығында № 1 өндірістік учаскесінің есепшісі ретінде жұмыс істеді.
1996 жылдың 1 қарашасынан Ленин атындағы ұжымдық шаруашылығын таратуына байланысты жұмыстан босатылып, 1996 жылдың 2 қарашасынан «Бекет» шаруашылық қожалығына есепші ретінде жұмысқа қабылданды.
Новоберезовка ауылынан Большенарым ауылына көшуге байланысты, 1997 жылдың 25 қазанынан «Бекет» шаруашылық қожалығынан өз еркімен жұмыстан босатылды.
1997 жылдың 26 қазанынан 2002 жылдың 1 қарашасына дейін Большенарым ауылында жеке кәсіпкер К.Т. Кемпірбаевтың жанармай құятын станциясында оператор ретінде жұмыс істеді. Бос әкімшілік лауазымы конкурсына қатысқаннан кейін 2003 жылдың 22 қаңтарынан 2004 жылдың 26 сәуіріне дейін Катонқарағай ауданының әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бойынша бас маманы болып жұмыс істеді.
2004 жылдың 26 сәуірінен 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін аудан әкімі жанында сәулет, құрылыс, тұрмыстық – коммуналдық шаруашылық және жолдарды дамыту бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2005 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік органдардың құрылымын қайта ұйымдастыру және сәулет, құрылыс, тұрмыстық – коммуналдық шаруашылық және жолдарды дамыту бөлімінің қызметінің тоқтатылуына байланысты, Катонқарағай ауданының қала құрылысы, құрылыс, тұрмыстық – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөліміне бас маман ретінде ауыстырылды.
2006 жылдың 11 қаңтарынан мемлекеттік органдардың құрылымын қайта ұйымдастыру және Катонқарағай ауданының қала құрылысы, құрылыс, тұрмыстық – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің қызметінің тоқтатылуына байланысты, уақытша Катонқарағай ауданының құрылыс бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2006 жылдың 21 қаңтарында құрылыс бөлімінің бастығы міндетін атқарушы лауазымынан босатылып, Катонқарағай ауданының құрылыс бөлімінің бас маманы болды.
2008 жылдың 11 қаңтарынан – 4 шілдесіне дейін Катонқарағай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2008 жылдың 4 шілдесінен қазіргі уақытқа дейін Катонқарағай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы болып жұмыс істейді.
Үйленген. Екі баласы бар.

Мен, Катонқарағай ауданы архитектура және қала құрылыс бөлімінің бастығы Молдабаев Болат Адрышұлы төмендегідей табыстарым мен мүлігімді жария етемін:
2008 жылы еңбекақы қоры бойынша есептелгені 578 762 тенге, зейнетақы қорына  жинақталған барлық қаржы 217 781 тенге, ұсталғаны 57 877  тенге. Ұсталған салық сомасы 38 712 тенге.
Жеке меншікте ешқандай мүлігім жоқ.
Жұбайым жеке кәсіпкер. 2008 жылы еңбекақы қоры бойынша есептелгені 257 060 тенге, зейнетақы қорына  жинақталған барлық қаржы 40 354 тенге.  Ұсталған салық сомасы 38 712 тенге.
Жылжымайтын мүлік бойынша 0,25 га жер телімі бар.

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері: күнделікті сағат 9.00-18.00
Байланыс телефоны  8(723241) 2-23-62

«Катонқарағай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

Бөлімнің негізгі міндеттері: Мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы сараптамалық құжаттарды дайындап , аудан әкіміне беріп отыру. Ауданның мәдени – рухани, тілдерді қолдау мен дамытудың жағдайын зерттейді. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аудан көлемінде жүзеге асырылуын қадағалап орындалуын жүзеге асыру. Аудан көлемінде көпшілік мәдени шараларды бүгінгі күн талабына сай ұйымдастырып өткізу. Мәдени – ағарту мекемелерінің рухани байлығын кеңінен қолданып, тұрғындар арасында моральдік, эстетикалық тәрбиені жетілдіру және сақтау. Мәдениет мекемелерінің өнердегі эстетикалық тәрбие рөлін арттыру, мәдени жағынан халыққа қызмет етуді жетілдіру және тарту. Ведомствалық бағыныштылығына қарамастан клубтар, мұражай мен кітапханалар жұмысын үйлестіру, бақылау жасау және методикалық көмек көрсету. Аудан көлемінде мәдени үйірмелер, студиялар, т.с.с. өнер ошақ түрлерін ашуға ықпал жасау. Аудандық өлке – тану мұражай арқылы көркем сурет, бейнелеу, жәдігерлік бұйымдарын, халықтың күнделікті пайдаланатын көне бұйымдарын насихаттайтын бұрыштар ұйымдастыруға және мәдени құндылықтардың сақталуына ықпал жасайды. Театр , музыка , мұражай , кітапхана, халық шығармашылығын, көркемөнерпаздар өнерін дамыту. Жеке өнерпаздардың және көркемөнерпаздар ұжымдарын гастрольге шығуына ықпал ету. Мәдени және тарихи ескерткіштерді сақтау мен бақылауды мемлекеттік тұрғыдан басқару. Мәдени мекемелерінің материалдық – техникалық базасын нығайту және қаржыландыру шараларын ұйымдастыру. «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жүзеге асуын қамтамасыз ету. Тілдерді дамытудың өзекті мәселелеріне арналған конференциялар, дөңгелек үстелдер, кеңестер, т.б. өткізу. Ауылдық аумақтар мен аудандағы мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік тілдің қолданылуына бақылау жасау. Ономастикалық комиссияның жұмысын жүргізуді қамтамасыз ету.

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері: сәрсенбі күні сағат 14-00 - 17-00
Байланыс телефоны: 8(241) 2-91-62, 2-19-07

 

«Катонқарағай ауданының қаржы бөлімі» ММ

Болгамбаева Гүлназ Кайрбекқызы – Катонқарағай ауданының қаржы бөлімінің меңгерушісі.
Болғамбаева Гульназ Қайырбекқызы 1971 жылы 1-ші мамырда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Чернова ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1988 жылы Чернова орта мектебін бітірді. 1990 жылы 7-ші тамызда Алматы халық шаруашылығы институтының студенттер қатарына қабылданды. 1994 жылы 27-ші маусымда Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын бітірді. 1994 жылдың шілде айында Катонқарағай аудандық қаржы бөлімінің бюджеттік бөліміне бас экономист болып қабылданды. 2006 жылы «Катонқарағай қаржы бөлімі» ММ-не басшы қызметіне тағайындалды. Тұрмыста. Үш ұл тәрбиелейді.

Бөлімнің негізгі міндеттері:
Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген қызметтерді жүзеге асырады. Бөлімнің негізгі міндеттері аудан аумағында бюджеттің орындалуы мен коммуналдық меншікті басқару саласындағы бірыңғай мемлекет саясатын жүзеге асыру болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы шешімдердің жобасын әзірлеуге, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сонымен қатар тиісті жылға арналған аудандық бюджет туралы шешімді іске асыру туралы әкімдік қаулысының жобасын әзірлеуге қатысады. Аудан әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімдік жоспарларын әзірлеуге қатысу, өз құзыретінің шегінде салалық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыруды қамтамасыз етуге қатысады. Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне, бюджет төлемдерінің белгіленген мерзімдері мен бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларына сәйкес түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді. Бөлім әкімші болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік бағдарламалар паспорттары, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларын, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есеп берулер әзірлейді. Аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне міндеттемелер мен төлемдерді қабылдауға рұқсат қағаздар береді. Аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге арналған тапсырыстарын қарастырады. Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді, субъектілер мен мониторинг қатысушыларының қызметтерін үйлестіреді. Сатып алу-сату, сенім басқармаларының, коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдау (жалға беру) шарттарына сәйкес міндеттемелердің, өзге шарттардың орындалуына бақылау жасайды, шарт міндеттемелерін орындау мәселесі бойынша сенімді басқарушыларды тыңдайды.Қарды департаментіне мемлекеттік сатып алу жөнінде хабарлама дайындау және есеп беру. Мемлекеттік сатып алу мониторингі. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Катонқарағай  ауданы қаржы  бөлімінің  бастығы Болғамбаева  Гүлназ  Қайырбекқызының 2009 жылдың 1 шілде  күніне  кірісі  туралы  мәліметБарлық  ұсталымдардан  кейінгі   айлық  еңбекақым  72621 теңгені  құрайды. 2009 жылдың  1 қаңтарындағы  мәлімет  бойынша жинақталған    зейнетақымның   жалпы  сомасы   348819 тенге. Жанұяммен жеке  меншік  үйіде  тұрамыз. МАЗДА  626 және  ВАЗ 2106 автокөліктеріміз бар.

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері: бейсенбі күні сағат 14-00 - 17-00  
Байланыс телефоны 8 (241) 2-14-35, 2-14-58

«Катонқарағай ауданының тұрғын-үй коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Катонқарағай ауданының тұрғын-үй коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі – Гаврилов Станислав Викторович

1956 жылдың 10 қазанда Зырян ауданының Путинцево ауылында дүниеге келген. 1979 жылы инженер - құрылысшы мамандығы бойынша Өскемен жолдар-құрылысының институтын бітіріп, 09.1979-01.1983 жылдар арасында Қазақ ССР- ның Гурьев қаласындағы ішкі істер министірлігінің органдарында қызмет атқарды. 10.1983-01.1987 жылдар арасында аудандық көлік жолдарының аға шебері. 01.1987-07.1987 жылдар аралығында аудандық көлік жолдарының прорабы. 07.1987-08.1987 жылдар аралығында ДЭУ-5 тің бас инженері. 08.1987-04.1988 жылдар арлығында аудандық ПДУ ның бас инженері. 02.1996-02.1999 жылад арасында ФСК «Қазақстан» өндірісі бойынша директорының орынбасары. 02.1999-12.2003 жылдар арасында Ново - Хайрузовский ауылдық округінің әкім. 12.2003-01.2005 жылдар арасында құрылысы, сәулет және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің меңгерушісі. 01.2005-01.2006 жылдар арасында қала құрылысы, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі. 01.2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Катонқарағай ауданының тұрғын-үй коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі.

Мен, Гаврилов Станислав Викторович, Катонқарағай ауданының тұрғын-үй коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, өзімнің 2009 жылдағы кіріс туралы ақпаратымды ұсынамын:
1. 2008 жыл бойынша еңбекақы көлемі 1 025 768 теңгені құрады.
2. 2009 жылдың 1 қаңтар жағдайына сай зейнетақы қоры 498 121 теңгені құрады
3. Меншік құқығында аула бақшасы бар үйім бар


Бөлімнің негізгі міндеттері:

Тұрғын үй қорын, коммуналды мақсаттағы инженерлік құрылғылар мен желілерді техникалық пайдалану және жөндеу саласындағы мемлекеттік саясат жүргізу, жылу және сумен қамту, су тарату мен жабдықтау жүйелерін дамыту және тұтыну сенімділігін арттыру, жол-көпірлік шаруашылықтарды және көркейту нысандарын ұстау. Тұрғын үй қоры мен коммуналды мақсаттағы нысандарды сенімді сақтаудың, ауданды көркейту деңгейін көтеру мен санитарлық ахуалын жақсартаудың шараларын түзу. Аудан аумағындағы жолаушылар тасымалының үзіліссіздігін қамтамасыз ету. Ауданның елді мекендерін көркейту және көгалдандыру мәселелерін реттеуші нормалар мен ережелерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу. Бөлім аудандағы тұрғын үй-коммуналды, жол кешендерін, аудан ауқымында тұрғын үй коммуналды қызмет көрсетумен шұғылданатын кәсіпкерлік және іскерлік құрылымдардың іс-қызметтерін үйлестіреді. Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жол құрылысын қаржыландыру жоспары бойынша ұсыныстар түзеді және оның атқарылуына бақылау жасайды. Әлеуметтік-мәдени нысандарды, тұрғын үй, аудандағы жылу көздерін, жалпы құбырлық және пәтерішіндік жылу желілерін, су өткізгіш және канализация желілерін, электр желілері мен инфрақұрылым нысандарын қысқа әзірлеуге бақылау жасайды. Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар тасымалы, жергілікті маңызды автомобиль жолдарын ұстау, көркейту, көгалдандыру және елді мекендердің санитарлық тазалығына байланысты жұмыстарды атқару мен қызмет көрсету құқығы үшін тендер өткізуге қажетті құжаттарды әзірлейді. Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жергілікті жолдар желілері және көлік кәсіпорындарының есептері мен санақ деректерін талдау және жинақтау. Жаңа мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіреді.Елді мекендердің аумақтарының санитарлық ахуалын жақсарту және көгалдандыру, көркейту, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, қала құрылысы, сәулет мәселелері жөніндегі ауылдық округ әкімдерінің іс-қызметтерін үйлестіреді және жалпы басшылық жасайды.

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері: бейсенбі күні сағат 14.00-16.00
Байланыс телефоны 8 (72341) 2-18-78


«Катонқарағай ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ

Нұрғалиев Мерхат Сәбитұлы – «Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің бастығы.

1981 жылғы шілденің 12-де Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданы Большенарым ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Ново-Березовка орта мектебін аяқтады.
1999-2003 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің қаржы және несие факультетін қаржы-экономист мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 2004-2005 жылдары Катонқарағай ауданы әкімі жанындағы экономика бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.
2005-2006 жылдары «Катонқарағай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің экономика бөлімінің бастығы лауазымын атқарған.
2006-2008 жылдың шілдесіне дейін «Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің бас маманы қызметін атқарған.
2008 жылғы 18 шілдеден бастап «Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің бастығы лауазымын атқаруда. Үйленген. «Нұр-Отан» ХДП мүшесі.

Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Мерхат Нұрғалиев: 2008 жылғы жылдық табысым 701243 теңгені құрады. Жинақтаушы зейнетақы қорына 63754 теңге аударылды. Қазіргі кезде жұбайым екеуіміз қызметтік пәтерде тұрамыз, 1994 жылы шығарылған «TOYOTA EXIV» маркалы автомашинам бар. Басқа табысым жоқ.

Бөлімінің негізгі міндеттері:
Ауданның әлеметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру. Ауданның әлеметтік-экономикалық дамуының басымдықтары және салық саясатымен өзара байланыста өңірлік фискалдық, бюджеттік, бюджетаралық және инвестициялық саясатты қалыптастыру. Ауданның атқарушы органдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламасына және оны icкe асыру жөніндегі іc-шаралар жоспарына, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарына ұсыныстар әзірлеу, олардьң орындалуының мониторингін жузеге асыру. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының және стратегиялық даму жоспарының жобаларын әзірлеу. Өзінің құзыреті шегінде түсімдер көлемі бойынша бюджетті және ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының басымдықтарын ескере отырып, оларды пайдаланудьң бағыттарын жоспарлауды жузеге асырады. Алдағы 3 жылдык кезеңге ауданның орта мерзімді фискалдық саясатының жобасын әзірлейді, бюджет комиссиясының қарауына және әкімдікке бекітуге енгізеді. Бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және аудандық бюджет комиссиясына олар бойынша бағалау және қорытынды дайындайды. Аудандық бюджет комиссиясының жұмыс органы болып табылады. Орта мерзімді фискалдық саясат негізінде түсімдер көлемін, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және даму багдарламалары үшін шығыстардьң лимиттерін болжамдайды, лимиттерді бағдарламалар әкімшілеріне жеткізеді. Жергілікті атқарушы органдардың және ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелердің штат санының лимитін белгілеу бойынша аудандық әкімдіктің қаулысын дайындайды.Әкімшілік-аумақтық бірліктердібасқарусұлбасы бойынша шешімдердің жобаларын дайындайды. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттің орындалуы бойынша жергілікті уәкілетті органдардың келісімі бойынша тиісті қаржы жылына жергілікі бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулыларын дайындайды.
Азаматтар әр сейсенбі, жұма күндері сағат 14-00 ден 17-00 дейін
Катонқарағай ауданы, Большенарым ауылы, Амангелді көшесі, 57 үй мекен - жайы бойынша қабылданады. Телефон байланысы: 8 (72341) 2-91-35, 2-19-59,

Бөлімнің негізгі міндеттері:
Ауданның әлеметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру. Ауданның әлеметтік-экономикалық дамуының басымдықтары және салық саясатымен өзара байланыста өңірлік фискалдық, бюджеттік, бюджетаралық және инвестициялық саясатты қалыптастыру. Ауданның атқарушы органдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламасына және оны icкe асыру жөніндегі іc-шаралар жоспарына, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарына ұсыныстар әзірлеу, олардьң орындалуының мониторингін жузеге асыру. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының және стратегиялық даму жоспарының жобаларын әзірлеу. Өзінің құзыреті шегінде түсімдер көлемі бойынша бюджетті және ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының басымдықтарын ескере отырып, оларды пайдаланудьң бағыттарын жоспарлауды жузеге асырады. Алдағы 3 жылдык кезеңге ауданның орта мерзімді фискалдық саясатының жобасын әзірлейді, бюджет комиссиясының қарауына және әкімдікке бекітуге енгізеді. Бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және аудандық бюджет комиссиясына олар бойынша бағалау және қорытынды
дайындайды. Аудандық бюджет комиссиясының жұмыс органы болып табылады. Орта мерзімді фискалдық саясат негізінде түсімдер көлемін, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және даму багдарламалары үшін шығыстардьң лимиттерін болжамдайды, лимиттерді бағдарламалар әкімшілеріне жеткізеді. Жергілікті атқарушы органдардың және ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелердің штат санының лимитін белгілеу бойынша аудандық әкімдіктің қаулысын дайындайды.Әкімшілік-аумақтық бірліктерді басқару сұлбасы бойынша
шешімдердің жобаларын дайындайды. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттің орындалуы бойынша жергілікті уәкілетті органдардың келісімі бойынша тиісті қаржы жылына жергілікі бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулыларын дайындайды.

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері: сейсенбі күні сағат 15.00-17.00
Байланыс телефоны 8 (241) 2-19-59, 2-91-35


«Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ

Калиахметов Бидахмет Қожахметұлы 1952 жылы 6 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Большенарым ауданы, Майемер ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.1966 – 1969 жылдары Большенарым ауылында «Қазақстанға 40 жыл» совхозында автослесарь болып жұмас істеді. 1969-1973 жылдары Алматы халық шаруашылық институтының қаржы – несие факультетінде білім алды. 1973 жылдың қыркүйек 1973 жылдың қазан айларында Жезказған облысының құрылысбанкінің несие инспекторы. 1973 – 1974 жылдары Большенарым аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кіріс бойынша испекторы, 1974 – 1975 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеді. 1975 – 1977 жылдары Большенарым аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1977 – 1979 жылдары Большенарым аудандық быткомбинатта экономист, 1979 – 1980 жылдары Қазақ ССР – нің қаржы министрлігінің КРУ бөлімінің ревизор – контролер, 1980 – 1982 жылдары «Сельхозхимия» МРПО – да бас бухгалтер, 1982 – 1996 жылдары Большенарым қаржы бөлімінің меңгерушісі, 1996 – 1997 жылдары Большенарым аудандық әкімшілігінің өндіріс, көлік, құрылыс және байланыс бөлімінің меңгерушісі, 1997 жылдың маусым – қазан айлары Катонқарағай әкімі аппаратының бас маманы, 1997 жылдың қазан, желтоқсан айлары Катонқарағай ауданының МЗТО бөлімінің бас маманы, 1998 – 2004 жылдары Катонқарағай ауданының МЗТО бөлімінің бастығы, 2004 – 2005 жылдары Катонқарағай аудандық маслихатының ревизия комиссиясының, 2005 – 2007 жылдары Катонқарағай аудан әкімінің орынбасары, 2007 – 2008 жылдары Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, 2008 жылдың қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.

2008 жылы табысым 540 мың теңгені құрады. Жеке меншігімде үй,  1992 жылғы NISSAN PRIMERA, 1984 жылғы ГАЗ – 53  маркалы автомобиль бар. Зейнетақы жинағы 530 мың теңгені құрайды.

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері: дүйсенбі сағат 10.30 – 12.30, сәрсенбі 14.30-16.30
Байланыс телефоны 8 (241) 2-23-16


«Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

Шүкібаева Дария Нұрнағиқызы - Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі
1957 жылы 12 қыркүйекте ШҚО Күршім ауданы Славянка ауылында дүниеге келген. 09.1974-05.1975 жылдар арасында Өскемен қаласының бухгалтерлік мектебінің оқушысы. 08.1977-07.1981 жылдар арасында Алматы ауыл шаруашылық институтын бітіріп, 07.1981-09.1984 жылдар арлығында Күршім ауданының арнайы шаруашылық бірлестігінің орталық кеңсесінің бас бухгалтер.10.1984-10.1985 жылдар арасында Большенарым ауданының аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бас бухгалтер – тексерушісі. 10.1985-03.1986 жылдар арасында Большенарым ауданының аудандық ауыл шаруашылық басқармасының басшысының орынбасары, экономикалық жоспарлау бөлімінің басшысы. 03.1986-05.1991 жылдар арасында Большенарым ауданының РАПО жоспарлау бөлімінің басшысы, төрағасының орынбасары. 05.1991-04.1997 жылдар арасында аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бас экономистісі. 07.1997-01.1999 жылдар арасында Катонқарағай ауданының әкімінің жанындағы дербес бөлімдерді талдаумен болжау бойынша бас маманы. 01.1999-01.2004 жылдар арасында Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылық басқармасының болжаумен реформалау бойынша бас маманы. 01.2004-01.2005 жылдар арасында Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылық бөлімінің болжаумен реформалау бойынша бас маманы. 01.2005-01.2006 жылдар арасында Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің аграрлық саясат саласындағы бас маманы. 01.2006-02.2006 жылдар арасында Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылық бөлімінің аграрлық саясат саласындағы бас маманы. 02.2006- жылдар арасында Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісінің м.а. 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа шейін Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі.

Мен Чукубаева Дарья жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы болып жұмыс істеймін. 2008 жылғы еңбекақы кірісім 883,8 мың теңге, зейнетақы қорында 88,4 мың теңгем бар, сонымен қатар Большенарым ауылында Абылайхан көшесінде пәтерім бар. Альянс Банктен 2007 жылы 3 жылға несие алғанмын 600,0 мың теңге, басқадай кірісім жоқ.

Бөлімнің негізгі міндеттері:
Әл-ауќаты нашар азаматтарды Ќазаќстан Республикасы заңнамаларында белгіленген әлеуметтік кепілдіктермен ќамтамасыз ету. Аудандыќ әлеуметтік бағдарламаларының жобаларын талдап-түзу мен жүзеге асыру және оларды үйлестіру әдіскерлікпен ќамтамасыз ету. Отбасын, аналар мен балалар, мүгедектер мен мүмкіндіктері шектеулі бөлігі мен сондай-ақ әлеуметтік қорғауға мұқтаж тұрғындардың басқа да бөлігіне әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру. Мүгедектерді сауыќтырудың жүйесі бойынша шараларды жүзеге асыру, оларға протездік-ортопедиялыќ көмек көрсету, жылжып жүрулеріне ќолдау жасау. Азаматтардың ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын ќарау, олар бойынша ќажетті шаралар ќабылдау, басќару ќұзырына енетін мәселелер бойынша азаматтарды ќабылдау және кеңес беру. Жергілікті бюджеттен тұрғын үй жәрдемақысы мен атаулы әлеуметтік көмекті және басқа да әлеуметтік төлемдерді тағайындау, беру.Азаматтарды жұмысқа орналастыру, кәсіптік оқыту және жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау жасау, ұйымдастыруға ықпал ету. Еңбек нарығының ахуалын талдау және болжау, осының негізінде тұрғындарды жұмыспен қамтудың перспективалық және ағымдағы бағдарламаларына енгізілетін ұсыныстарды түзу және оларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Жұмыс іздеуші азаматтар мен жұмыссыздардың өзара іс-қимылын жақсартуда автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу, бағдарламалар мен қызмет көрсету ұсыныстарын түзу. Өкілетті органға жұмысқа орналасу мәселесімен жүгінге азаматтарды қабылдау, есебін жүргізу және тіркеу. Жұмыссыз азаматтарды олардың біліктіліктеріне және еңбек рыногының қажеттілігіне сәйкес кәсіпбик оқытуды ұйымдастыру. Жұмыссыз азаматтарға өз беттерімен енбекке орналасу және жұмыспен қамтудың басқа да түрлерін ұйымдастыруға көмек көрсету. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде тұрақты тұрғындардың мақсатты топтарын анықтау және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы ұсыныстар түзеді, оны жергілікті атқару органдарының қарауына ұсынады. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін ұйымдарды іріктеу, ақылы жұмыстарды атқаруға келісім-шарттар жасау, жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқуыту. Мүгедектер мен соғысқа қатысқандарға, тыл еңбеккерлеріне, көпбалалы аналарға, кемтар балаларға, азаматтардың аз қамтамасыз етілген санаттарына мереке және атаулы күндерге арнап әлеуметтік көмек көрсету шараларын ұйымдастыру, барлық меншіктің түрлеріндегі ұжымдар мен кәсіпорындарда мейрімділік акцияларын, демеушілік және қайырымдылық көмек жайын ұйымдастыру. Азаматтардың аз қамтамасыз етілген санаттарына, көпбалалы аналар мен тұрғындардың хал-ахауалы төмен бөлігіне мемлекеттік және мемлекеттік емес көздерден әлеуметтік көмек көрсету және оның есебін жүргізу. Арнайы жүріп-тұру құралдарын қажет етететіндер, мүгедектер мен кемтар балалар туралы, протездік-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалық қуралдарына мұқтаждар мен ардалерлерді санаториялық - курортты емдеумен қамтамасыз ету туралы облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар үйлестіру Департаментіне мәліметтер жинап, ұйымдастыру.

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері: сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері сағат 9.00 – 18.00.
Байланыс телефоны 8(72341) 2-14-53, 2-93-99.

«Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ

Базарбаев Тұрсынхан Қалиқан ұлы - Катонқарағай аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы

09.1977 – 08.1978 жылдар аралығында «Черновинский» совхозында жұмысшы болып еңбек жолын бастады. 08.1978 – 10 1983 жылдар аралығында Семей зооветинститутын бітіріп, 10.1983 - 07.1985 жылдар арлығында «Ульяновский» совхозының зоотехник бөлімінде қызмет атқарды. 07.1985 – 10.1985 жылдары сол савхозда зоотехник – іске асырушы болып жұмыс істеді 10.1985 – 11.1987 жылдар аралығында «Ульяновский» совхозының комсомол комитетінің хатшысы қызметінде болды. 11.1987 – 11.1989 жылдарда Лениндік коммунистикалық жастар одағының екінші хатшысы. 11.1989 – 11.1990 жылдар аралығында Большенарым аудандық комитеті Лениндік коммунистикалық жастар одағының бірінші хатшысы болып қызмет атқарды. 11.1990 – 04.1992 Чернова ауылдық кеңесінің төрағасы. 04.1992 – 07.1997 жылдары чернова ауылдық әкімшілігінің басшысы. 07.1997 – 09. 2008 жылдар алалығында Чернова ауылдық округінің әкімі. 09. 2008 ж – қазіргі уақытқа шейін Катонқарағай аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалып қазіргі уақытқа шейін аталған бөлімнің бастығы болып қызмет атқарады.

Мен, Базарбаев Тұрсынқан Қалиқанұлы, 2008 жылдың 12 қыркүйегінен бастап Катонқарағай ауданының  ішкі саясат бөлімінің бастығы лауазымы қызметінде жұмыс атқарам. Әйелім, Амангулова Кульнази Нұрғұмарқызы, Большенарым ауылының Ленин атындағы орта мектебінде мұғалім болып қызмет істейді. Орташа жалақысы 30 мың теңге.
Өзімнің жалақым штаттық кестеге сәйкес. 2008 жылғы жалпы табысым 365524 теңге құрады.  Жалпы табыстан салық - 138606 теңге  құрады, зейнетақы қорына 42545 теңге аударылды.
Чернова ауылындағы үйіміз 300 мың теңгеге сатылып, құжаттары жөнделуде. Большенарым ауылында жалдап квартирада тұрамыз. Айына пәтерге төлем 15 мың теңгені құрайды. «Жансая» шаруа қожалығының жері әйелімнің атындағы сенімді басқаруда, әділет органдарында тіркелген.

Бөлімнің негізгі міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қаулылары, басқа да заңдылық актілерін, облыс, аудан әкімдерінің Шешімдері мен Жарлықтарының орындалуына бақылау жасауын қамтамасыз етеді. Басқарушы адамдарға жағдайдың мән – жайын хабарлайды, керекті жағжайда әкім алқасының мәжілісіне, аппараттық кеңесіне мәселелер енгізеді. Аудан әкімінің осы салаға қатысты Шешім, Өкім, Қаулыларын дайындайды. Бөлімге түскен арыз – шағымдармен жұмыс. Ішкі саясат департаментінде аудан бойынша мониторинг, сараптама жасап, мәліметтерді уақытында , кесте негізінде беріп отыру. Ішкі саясат дамыту саласындағы сараптамалық құжаттарды дайындап , аудан әкіміне беріп отыру. Аудан әкімінің жұмыс кестесін құруға қатысу. Маңызды оқиғалардың өткізілуіне сәйкес, мемлекеттік атқарушы органдарға ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында медиа – жоспарларын әзірлеу. Аудан әкімінің орынбасарларының келісімімен алаңдатушылық туғызып отырған мекемелер мен ұжымдарға тексеру жүргізеді.Ішкі саясат бөлімінде бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына басшылық жасау. Бөлімге қарасты мекеме қызметкерлерінің жұмысын ҚР Заңнамасына , заман талабына, бөлім сұранысына сәйкес жүйелеу. Ішкі саясат саласына қатысты жұмыстар атқару. Әр түрлі саяси партиялармен, ұлттық қозғалыстармен, қоғамдық ұйымдармен, діни конфессиялармен байланысып, ұлттық қақтығыстардың себебін дер кезінде анықтап, ұлтаралық қатынасты,халықтар достығы мен бірлігін нығайту барысында жұмыстар ұйымдастырып, жүргізеді. Қоғамдық пікірді зерделеу қызметін, ақпарат – насихаттық топтарының жұмысын дамыту. Халықтың мәдени - бос уақытын және ақпараттық – ағарту қызметтері кешенімен қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдар жұмысының ақпараттық – насихаттық жүйесін жетілдіру, нәтижелі жұмысын қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдардың оң имиджін қалыптастыруға бағытталған ұйымдастырушылық және тәжірибелік іс – шаралар кешенін әрі қарай жүзеге асыру. БАҚ – тармен жұмыс және оларға мониторинг жүргізу. Ауданның ішкі саяси – рухани , қоғамдық пікірлерді зерттейді. Оған баға беріп, болжап отырады.

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері: сейсенбі күні сағат 14.00-17.00
Байланыс телефоны: 8 (241) 2-12-90, 2-90-20

«Катонқарағай ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Катонқарағай ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы – Мұзтауов Бауырлан Мұзтауұлы.

Мұзтауов Б.М. – 1957 жылы 23 ақпанда Большенарым ауданы Жұлдыз ауылында дүниеген келген. 1964 – 1974 жылдар аралығында Жұлдыз орта мектебінде оқыған. Мектепті бітіргеннен кейін «40 лет Казахстана» совхозында тракторист болды. 1976 жылы Өскемен құрылыс жол институтының «Өндірістік азаматтық құрылыс» факультетіне түсіп, оны 1981 жылы аяқтайды. 1981- 1983 жылдары Совет армиясының қатарында қызмет атқарады.
1983 – 1997 жылдары құрылыс басқармасының шебері қызметін атқарады. 1997 – 2002 жылдары «Ердар» ЖШС-ң шебері болды. 2002 – 2007 жылдары дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

2007 жылдың желтоқсан айынан бастап Катонқарағай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы болып қызмет атқарады.

2008 жылға сәйкес тапсырылған декларацианың жеке бас еңбек ақысының бір жылдық мөлшері – 840 385 тенге..
- жеке бас үйі.
- жүк машинасы ГАЗ – 53
- жер алаңы 30 га.

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері: сейсенбі күні сағат 14.00 – 16.00
Байланыс телефоны: 8 (72341) 2-26-22


«Катонқарағай ауданының ауылшаруашылық бөлімі» ММ

Катонқарағай ауданының ауылшаруашылық бөлімінің бастығы - Байгереев Рақымғали Қалаубайұлы

1959 жылы 8-қазанда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Чернова ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі- жоғары. 1983 жылы Семей зоотехникалық- ветеринарлық институтын бітірген. Мамандығы- мал дәрігері.
Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы Шыбарағаш ауылында маралшы болып бастады. 1983-1984 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Большенарым ауданы Солоновка ауылында Жданов атындағы колхоздың мал дәрігері болып жұмыс істеді.1984-1987 жылдары Большенарым аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, 1987- 1991 жылдары- осы ауданың партия комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарды.
1991-1996 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Большенарым ауданы Большенарым ауылында «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы кеңшарда бас мал дәрігері, бас зоотехнигі болып жұмыс істеді.
1996- 2001 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімшілігінің, мәдениет және спорт бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2001- 2008 жылдары аралығында Шығыс
Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторы қызметін атқарды.
2008 жылдың 14 қаңтарынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының ауылшаруашылық бөлімінің бастығы болып қызмет атқаруда.
Үйленген, 2 ұл тәрбиелеп отыр.

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері: күнделікті сағат 9.00-18.00.
Байланыс телефоны: 8- (72341)2-11-79

Аудан әкімі аппаратының кеңсесі

Аудан әкімі аппаратының кеңсесі (әрі қарай бөлім) аудан әкімінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, аудан әкіміне, аппарат басшысына тәуелді. Кеңсеге басшылықты кеңсе жетекшісі атқарады.

Бөлім жетекшісі: Құсманова Лашын Қалиахметқызы.

Бөлім қызметіне жалпы басшылықты, аудан әкімі аппаратының барлық бөлімдеріндегі іс жүргізу тәртібін сақтауға бақылауды жүзеге асырады.
Аудан әкімі аппаратының басшылығын құжаттамалардың өту меріздері, аудан әкімі аппаратындағы атқарушы тәртіп жағдайы, іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты орындау, азаматтардың ұсыныстары, өтініштері және арыздарымен жұмыс туралы ақпараттандырады.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, басқа да нормативті-құқықтық кесімдерге, облыс, аудан әкімдігінің қаулыларына, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, бөлім Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің міндеттері төмендегідей: құжатнамалық айналымды ұйымдастыру, аудан әкімінің, оның аппаратының қызметін қамтамасыз ету; Жарлықтарды, қаулыларды және басқа да заңнамалық кесімдерді орындауға бақылауды қамтамасыз ету; азаматтардың арыздарын қарастыру бойынша жұмыстар; Президент, Үкімет, облыс және аудан басшыларының саясатын жедел және кеңінен тарату; іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен енгізу; нұсқаулық-нормативті құжаттар талаптарына сәйкес аудан әкімі аппаратында іс жүргізуді және бақылауды ұйымдастыру.

Аудан әкімі аппаратының кеңсесі заңнамаға сәйкес мынадай қызметтерді жүзеге асырады: ақпараттық-аналитикалық, кеңес, хаттамалық, тіркеу, бақылау, және аудан әкімін және оның аппаратын басқа да қамтамасыз ету: Іс жүргізу туралы нұсқаулыққа, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңына және басқа да нұсқаулық-нормативті кесімдерге сәйкес аудан әкімі аппаратында іс жүргізеді; аудан әкімі мен оның аппараты қызметтерін құжатнамалық қамтамасыз етеді және бақылайды; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңына және Нұсқаулығына сәйкес құпия істерді жүргізеді; қызмет және басқа да құжатнаманы жедел есепке алу, өту, қарастыру және жіберу бойынша жұмысты ұйымдастырады, түскен құжаттардың сипатын талдайды; аудан әкімінің тапсырмаларын тіркеуді ұйымдастырады, орындаушыларға жеткізеді, олардың уақтылы орындалуына бақылау жасайды; аудан әкімі аппаратындағы, аудандық бөлімдер мен  ауылдық округ әкімдерінің аппараттарындағы орындаушылық тәртіптің жағдайына жүйелі түрде талдау жасап отырады, оны нығайту бойынша ұсыныстар енгізеді; Президенттің Жарлықтарын, облыс, аудан әкімдерінің өкімдерін, Үкіметтің қаулыларын орындау бойынша ауылдық округ әкімдері аппараттарының жұмысын тексеруді жүзеге асырады; басшылықты істер жағдайы туралы ақпараттандырып отырады, қажет болған жағдайда мәселені әкімдік мәжілісінде қарастыруға енгізеді; әкіммен азаматтарды қабылдаудың тоқсан сайынғы кестесін даярлайды; аудан әкімі аппаратында азаматтарды қабылдауды, азаматтардың жазбаша арыздарын қарастыруды ұйымдастырады, басқа да заңнамамен жүктелген қызметтерді атқарады; әкімдік мәжілістерінің құжаттамалық даярлығын жоспарлайды және жүзеге асырады; аудан әкімі аппаратында өткізілетін отырыстардың, кеңестердің хаттамасын жүргізеді; Әкімдік қаулыларын орындаушыларға уақытылы жеткізіп отырады; мұрағаттық құжаттардың уақытша сақтауын, оларды өңдеуді және мемлекеттік мұрағатқа тапсыруды ұйымдастырады; аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, аппарат басшысының бұйрықтарын шығарады, оларды таратумен және сақтаумен айналысады; Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің Жарлықтарын, қаулыларын, басқа да заңнамалық кесімдерін, аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін, тапсырмаларын орындауға бақылауды қамтамасыз етеді. Жоғары тұрған және жергілікті ұйымдардан түскен құжаттарды тіркейді, мерзімдері барларды бақылауға алып, орындалуын қамтамасыз етеді.Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін тіркейді, олардың орындалуын бақылауға алады.Аудан әкімінің азаматтарды қабылдауында карточка жүргізеді.

Негізгі міндеттерді жүзеге асыру және өз қызметтерін жүзеге асыру мақсатында бөлім өз құзіреті шегінде мыналарға құқылы: Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес аудан әкімі аппаратының қолданысында бар ақпараттарды пайдалануға; бөлімді жүргізуге қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да ұйымдармен қызмет хат жазысуын жүргізеді; аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындаушыларына қайта өңдеуге қайтаруға; нормативті-құқықтық кесімдерді даярлау, ресімдеу және келісу тәртібін бақылауға; аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппараты басшысының қарастыруын қажет етпейтін мәселелер бойынша хат-хабарларды сәйкес бөлімдерге, басқармаларға, мемлекеттік органдарға жіберуге және қайтаруға; Президент, Үкімет кесімдері мен тапсырмаларын, әкімдік қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері, өкімдері, тапсырмаларын орындауға тексеру жүргізгенді ұйымдастыруға және қатысуға және оларды орындау мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыруға; іс жүргізуді, аудан әкімі тапсырмаларын орындауға бақылауды ұйымдастыруды, құжаттарды сақтауды, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде істерді ресімдеу дұрыстығын тексеруге; дұрыс ресімделмеген құжаттарды қайтаруға; аудан әкімінің, аппарат басшысының тапсырмалары бойынша іс жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты, аудан әкімінің тапсырмаларын орындау мерзімі, азаматтардың арыздарын қарастыруды бұзу фактілері бойынша қызмет тергеуін жүргізуге; орнатылған тәртіпте әкімдік отырысында қарастыруға енгізілген мәселелер бойынша материалдарды даярлау бойынша аудан әкімі аппаратының бөлімдерін жауапкершілікке тартуға; аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен, аудандық бөлімдерден, басқармалардан іс жүргізу, азаматтарды қабылдау, олардың арыздарын қарастыру мәселелері бойынша ақпараттарды және басқа да материалдарды сұрауға мүдделі. Әкімдікте «лотус-нотус» бағдарламасының жұмысын ұйымдастырады.
Бөлімнің құрылымына бөлім жетекшісі мен екі бас маман кіреді.

Байланыстелефоны:2-18-38
Пошталық мекен-жайы:
Большенарым ауылы Абылайхан көшесі, 102.

 

«Катонқарағай ауданының  құрылыс бөлімі» ММ

Катонқарағай ауданының құрылыс бөлімінің бастығы Маликов Сайлаухан Тусупбекұлы
1954 жылы 14 наурызында Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданының  Таңба ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. 1979 жылы Өскемен құрылыс –жол институтының құрылыс факультетін бітірді, мамандығы –құрылыс инженері.1985 жылы Новосибирск инженерно – стройтельный институының біліктілік көтеру факультетін бітірді.
1972-1974 жылдары әскер  қатарында болды.
1979-1980 жылдары Өрел қой совсозында құрылыс мастері болды.
1980-1985 жылдары  Большенарымның ПМК-80 мастер, прораб қызметін атқарды.
1985 жылы  наурыз – маусым айларында Аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып қызмет атқарды.
1986-1987 жылдары Зырян қаласында ПМК-24 мекемесінде бас инженер бастықтың міндетін атқарушы болып қызмет  істеді.
1987-1998 жылдары Большенарымның ПМК-15 мекемесінде мастер   бастықтың орынбасары, бас инженер қызметін атқарды.
1998-2004 жылдары Қазақстан қарулы күштері қатарында қызмет атқарды.
2004-2009 жылдың сәуір айына дейін құрылыс саласында қызмет етті.
2009 жылдың 9 сәуірінен «Катонқарағай ауданының  құрылыс бөлімі» бастығы лауазымын атқаруда.

Мен, Катонқарағай ауданы құрылыс бөлімінің бастығы Маликов Сайлаухан Тусупбекұлы төмендегі табыстарымды жария етемін:
2008 жылы 638 800 тенгенің еңбекақысы жазылып, оның 70 094 теңгесі зейнетақы қорына аударылды.
Жеке меншікте ГАЗ-53А көлігі бар.

   Бөлімнің негізгі  мақсаттары болып табылады.

  1. Катонқарағай  ауданыныдағы құрылыс қызметін үйлестіру  құрылыс қызметі саласындағы әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар жоспарларын  әзірлеп,  келісуге қатысу;
  2.  Біріңғай  тапсырыс берушінің қызметін орындаумен  байланысты  сұрақтарды шешу;
  3. Аудан аумағында мақсатты  және аймақтық  бағдарламаларды жүзеге асыру;
  4. Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерін, облыс және аудан  әкімшіліктері мен әкімдерінің құрылыс  сұрақтары жөнінен актілерін орындау.

Бөлімнің қызметі:

  1. Құрылыс саласында бірыңғай мемлекеттік  саясатты қамтамасыз етеді;
  2. Аудан аумағындағы жоба-сметалық құжаттамаларды, құрылыс жүргізілуге тиіс ғимараттармен мен  құрылыстарды қайта салуды, күрделі жөндеуді бюджеттік қаржылар есебінен қарау және келісу;
  3. Белгіненген тәртіпте құрылысы біткен объектілерді пайдалануға  қабылдап алу бойынша комиссия жұмысына қатысу;
  4.  Құрылыс саласында инвистициялық саясатты жүргізу;
  5. Бөлім, оған жүктелген міндеттерден таралатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қарсы келмейтін басқа да  қызметтерді атқарады.

Жеке және  заңды тұлғаларды қабылдау күндері: БДейсенбі – Жұма,  сағат: 9:00 – 18:00.
Байланыс телефоны: 8 (723241)2-23-73

 

Администратор сайта - Акимгалиева Жанар Ержановна
akimat_katon@mail.ru
Телефон 8-72341-2-23-21

Copyright © 2008-2010