Катонқарағай ауданының жастар мәслихаты

kn Шығыс Қазақстан облысы Жастар мәслихатының қызметі туралы ереже *.doc 94 КB

 

Шығыс Қазақстан облысындағы Жастар маслихатының функционалдық міндеттері

Шығыс Қазақстан облысы Жастар мәслихатының сессиясының төрағасы Жастар мәслихаты депутаттарының арасында ашық дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санынан көпшілік дауыспен сайланады.
Шығыс Қазақстан облысындағы Жастар маслихаты сессиясының төрағасы:
• Жастар мәслихатының сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
• Дайындық барысына басшылық жасайды;
• Жастар мәслихатының сессиясының отырысын жүргізеді;
• Жастар мәслихатының шешімдеріне, хаттамаларға және сессиясында қабылданған немесе бекітілген өзге де құжаттарға қол қояды.
Шығыс Қазақстан облысы Жастар маслихатының хатшысы - Шығыс Қазақстан облысы Жастар мәслихатының өкілеттігі мерзіміне сайланады және мәслихат сессиясында депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен қызметтен босатылады. Жастар мәслихатының хатшысы тұрақты комиссиялар тізімінде болуға құқығы жоқ. Оған Жастар мәслихатының, депутаттарының және аппаратының барлық ағымдағы жұмысы бойынша қызметін ұйымдастыру жүктеледі, сессия қызметін үйлестіру, Жастар мәслихатының, депутаттық бірлестіктердің тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының қызметін үйлестіру, Жастар мәслихатының мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, мекемелермен, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және халықпен байланысын қамтамасыз ету.
Жастар мәслихатының хатшысы болмаған жағдайда, Жастар мәслихатының сессия төрағасының шешімімен оның өкілеттігін Жастар мәслихатының тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе Жастар мәслихатының депутаттары уақытша жүзеге асырады.
Шығыс Қазақстан облысы Жастар мәслихатының депутаты жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, әкімшілік-аумақтық бірліктердің жастарының еркін білдіреді.
Шығыс Қазақстан облысының Жастар мәслихатының депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына негіз болып табылады:
1) депутаттық міндеттерді орындаумен үйлеспейтін қызметке тағайындалу немесе сайлану;
2) депутатты әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
3) Жастар мәслихатының өкілеттігінің тоқтауы;
4) депутаттың қайтыс болуы; депутаттың хабар-ошарсыз кеткені туралы немесе өлді деп таныған күшіне енген сот шешімі;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы;
6) депутатқа қатысты заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі;
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұратын жерін ауыстыруы;
8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтініші;
9) депутат өз міндеттерін жүйелі орындамауы, оның ішінде Жастар мәслихатының жалпы сессия отырыстарында дәлелсіз себептермен қатарынан үш реттен артық болмауы;
Депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім Жастар мәслихатының сессиясында қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен ұсынуы бойынша Жастар мәслихатының тиісті аумақтық сайлау комиссиясында қабылданады.
Шығыс Қазақстан облысы Жастар мәслихатының депутаты құқылы:
• Жастар мәслихатының органдарына және сайланбалы лауазымдарға сайлануға және сайлауға;
• Жастар мәслихатының сессиясы және оның органдарының қарауына мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешімдер қабылдауға қатысуға;
• Жастар мәслихаттың құзыретіне жатқызылған Жастар мәслихатының тиісті аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға сауалдар және жүгіну жіберуге;
• жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдармен, сондай-ақ өз округінің сайлаушыларымен кездесулер мен жиналыстар өткізуге;
• Қоғамдық кеңес, мәслихат және тиісті әкімдік отырыстарының жұмысына қатысуға;
• Жастар депутаттық бірлестіктер және т. б.құруға.
Шығыс Қазақстан облысы Жастар мәслихатының депутаты міндеттеріне жатады: өзі құрамына сайланған Жастар мәслихатының және оның органының жұмысына қатысу; өз округінің жастарымен тұрақты байланыста болу, тұрақты түрде (айына кемінде 1 рет) Жастар мәслихатының Жастар мәслихатының жұмысы туралы хабардар ету, Жастар мәслихатының шешімдерінің орындалуын бақылау және ұйымдастыруға қатысу; үнемі жастарды жеке қабылдау, оған қарауға келіп түскен сайлаушылардың жүгінулерін қарастыру.
Шығыс Қазақстан облысы Жастар мәслихатының депутаты орындамағаны және (немесе) өз міндеттерін тиісінше орындамауы, сондай-ақ депутаттық этика қағидаларын, ережелерін бұзғаны үшін мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкін:
• ұялту;
• көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүрлеу.
Жаза Жастар мәслихатының сессиясында тиісті аумақтық сайлау комиссиясының қатысып отырған депутаттарының жалпы санының көпшілік даусы бойынша тиісті аумақта таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялана отырып қолданылады. Жазалау нақ сол бір теріс қылық үшін қайтадан қолданылуы мүмкін емес.

 

Катонқарағай ауданының жастар мәслихатының депутаттары

01 Сәлеш Әригүл *.doc 38 КB
02 Әділбек Қуаныш *.doc 163 КB
03 Мырзаханов Еркінбек *.doc 71 КB
04 Көшкембаев Аслан *.doc 61 КB
05 Нұржанов Нұртас *.doc 50 КB
06 Әділбеков Сафар *.doc 62 КB
07 Қайдаров Азамат *.doc 103 КB
08 Ильясова Сауле *.doc 82 КB
09 Нұрстем Даулет *.doc 35 КB
10 Арқабек Айжан *.doc 61 КB
11 Мұратов Ернат *.doc 65 КB
12 Тюменбаев Мархабат *.doc 78 КB
13 Қажиахметова Мадина *.doc 182 КB
14 Лубягина Оксана *.doc 40 КB

 

Парақтар өзгертілді: 13-03-2018