Центр развития языков

«Катонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығы» КМҚК - да 2016-2017 жылы атқарылған жұмыстар есебі

«Катонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығы» КМҚК –ны «Катонқарағай ауданынының мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 05 шілдедегі №259 қаулысына сәйкес құрылып, 2016 жылдың 11 қазанында ашылды. Кәсіпорында 6 адам қызмет атқарады.

Аты- жөні, тегі Атқаратын қызметі еңбек өтілі
1 Сулейменова Алем Калелкановна Директор, қазақ тілі пәні мұғалімі 21 жыл
2 Ракижаева Бакыт Кадашевна Қазақ тілі  пәні мұғалімі 4жыл
3 Бактиярова Райхан Мельсовна Орыс тілі пәні мұғалімі 19 жыл
4 Аушинова Сания Жанболатовна Ағылшын тілі пәні мұғалімі 6жыл
5 Тыныбекова Алмагул Ахмадиевна есепші 4 жыл
6 Қуанышбаев Айбек Алтайбекұлы бағдарламашы 3 жыл

Кәсіпорында мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері, аудан тұрғындары мемлекеттік тіл, ағылшын тілі және оралмандар орыс тілінде дәріс алады. 2016-2017 оқу жылында қазақ тілін оқуға 4,ағылшын тілін оқуға 4, орыс тілін оқуға 3 топ тартылған. Мемлекеттік тілді оқушылардың саны -50, ағылшын тілін оқушылардың саны – 50, орыс тілін оқушылардың саны – 36 адам. Соның ішінде мемлекеттік тілді оқытуда мемлекеттік қызметкерлер 32 адам, мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлер саны - 18. 2017 жылдың 2- ші жартысында мемлекеттік тілді оқуға 50, ағылшын тілін оқуға 50, орыс тілін оқуға 39 тыңдаушы тартылды. Олардың құрамы мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерінен,ауыл тұрғындарынан тұрады.2017 жылдың 1-ші жартысында КАЗТЕСТ жүйесі бойынша байқау сынағынан өткендер 32 адам, соның ішінде диагностикалық тестілеуден өткен адам саны -19. Тестілеуден өткен мекемелер: Катонқарағай ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведоствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Катонқарағай аудандық филиалы және  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО «Жер қатынастары және жылжымайтын мүлікті тексеру» департаменті филиалы. 2017 жылдың 2-ші жартысында КАЗТЕСТ жүйесі бойынша байқау сынағынан өткен мекемелер: «Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аумақтық инспекциясы» КММ – 5адам, «ШҚ облыстық теледидар дирекциясы»АҚ-ның Солдатова ауылындағы филиалы – 12 адам.ҚР Президенті әкімшілігінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №146-124 ПАБ тапсырмасына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы 2017 жылдың 05 маусымында Катонқарағай ауданында «Катонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығы» базасында КАЗТЕСТ жүйесінің диагностикалық және сертификаттық тестілеуін өткізді.Диагностикалық тестілеуге – 35, сертификаттық тестілеуге – 16 адам қатысты. Диагностикалық тестілеу қорытындысы: А1 қарапайым деңгей – 2, А2 базалық деңгей – 21, В1 орта деңгей – 8, В2 ортадан жоғары деңгей – 4 адам. Сертификаттық тестілеу қрытындысы: В1деңгейі -0, В2 деңгейі – 4,С1 деңгейі -3адам. Мемлекеттік тілді оқыту ҚР Мемлекеттік стандартына сәйкес қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарламалары негізінде, Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ШҚ облысының мемлекеттік тілді оқыту орталығы даярлаған бағдарламалар бойынша оқытылады. Ағылшын тілін, орыс тілін оқыту да ШҚ облысы тілді дамыту жөніндегі басқарманың облыстық лингвистикалық орталығы даярлаған бағдарламалар бойынша оқытылып отыр. Кәсіпорынның жұмысы жылдық жұмыс жоспары негізінде, сабақтар жұмыстық оқу жоспарына,бекітілген сабақ кестесіне сәйкес өткізіледі. Кәсіпорынға 2016 жылы 4087000 теңге бөлінген. Ол қаражат ішіне қызметкерлердің еңбекақысы, әлеуметтік салықтар, мемлекеттік төлемдер, іссапар шығындары, материалдық – техникалық жабдықтарды сатып алу, коммуналдық төлемдер, байланыс, интернет желістерінің қызметін төлеу және т.б енді. 2017 жылы 9 852 000 теңге бөлінді. Ол қаражат ішіне қызметкерлердің еңбекақысы, әлеуметтік салықтар, мемлекеттік төлемдер, іссапар шығындары, материалдық – техникалық жабдықтарды сатып алу, коммуналдық төлемдер, байланыс, интернет желістерінің қызметін төлеу және т.б енді. Оқыту орталығы бір оқу кабинетінен және шағын оқытушылар бөлмесінен тұрады. Оқу кабинеті 6 компьютермен, 7 ноутбукпен, интербелсенді тақтамен, оқу жабдықтарымен, интербелсенді кітаптармен жабдықталған. Интернет желісі тартылған.
Орталық жұмыс жоспарына сәйкес іс- шараларды ұйымдастырып және іс –шараларға қатысып отырады. Орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Тілдер мерекесіне орай Қазақтан Республикасының 25 жылдығы қарсаңында « Тіл – ұлттың жаны» тақырыбында Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып аудандық тіл фестивалін ұйымдастырып өткізді. Аталмыш іс - шараға аудан орталығындағы және Катонқарағай ауылындағы орта мектептің оқушылары мен мұғалімдері, агроколледж студенттері қатысты. Бас жүлдені Дамитов атындағы орта мектебі ұжымы, 1 орынды Ленин атындағы орта мектебі ұжымы, 2 орынды Ауылдық лицей ұжымы, 3 орынды агроколледж студенттері иеленді. 04 қарашада кәсіпорынның директоры А.К.Сулейменова Өскемен қаласында А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ШҚО бойынша тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастыруымен өткен «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты облыстық конференциясына қатысып қайтты. 23 қарашада ШҚ облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың облыстық лингвистикалық орталығы ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасы аясында 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырған барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің диктант жазу іс –шарасын жүзеге асырды. Диктант жазуға 36 мемлекеттік қызметші тартылды. Нәтижесі қанағаттанарлық деңгейде. Іс – шара қорытындысы шығарылып, есеп берілді. 24 қарашада «25 жұлдызды күн» ШҚО облыстық жұмыс жоспарына сәйкес «Мемлекеттік тілде сөйлейміз!» тақырыбындағы сайысты аудандық Достық Үйімен бірлесе отырып өткізді. Аталмыш шараға мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері және Достық Үйіндегі этникалық топтар өкілдері қатысты. Іс –шара барысында мақал – мәтелдер, көркем жазу, викториналық сұрақтар, «Үздік қабырға газеті», креативті постер сияқты сайыс кезеңдері жүргізілді. Шаттық шеңбері ұйымдастырылып, ізгі тілектер айтылды. Орталық оқытушылары сондай – ақ ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 -2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ШҚ лингвистикалық орталығы онлайн режимінде қашықтықтан оқытуға арналған «Қазақ тілі сабақтарын жеке және ұжымдық оқыту» тақырыбындағы онлайн сабақтарға 02, 30 желтоқсан күндері қатысып, тәжірибе алмасты. 12 сәуірінде 2017 жылдың ШҚ облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен ШҚ лингвистикалық орталығы «Қазақ және ағылшын тілінде проблемалық тапсырмаларды жобалау» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинарға қазақ тілі, ағылшын тілі мұғалімдері қатысып, тәжірибе алмасты. Сәуір айында Алаштың 100 жылдығына орай оқыту орталықтары арасында «Алаштың ақ жолы» атты облыстық айлық ұйымдастырылып тілдерді дамыту орталығы аталмыш айлыққа қатысты. Осы айлық бойынша жұмыс жоспары жасалып, жоспар бойынша іс- шаралар өткізілді.Айлықтың қорытындысы  ретінде ШҚО Катонқарағай ауданында Катонқарағай ауданының мелекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығы Білім, денешынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай 2017 жылдың 21 сәуірінде «Алаш туы астында: Алашорда.Тәуелсіздік. Тың деректер» тақырыбында аймақтық ғылыми –практикалық конференция өткізді. Конференция жұмысына ШҚО Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Қалиғазина Сәуле Сағидолдановна, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Картаева Айжан Маратбекқызы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті, қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сейпутанова Айымгүл Қамзақызы,ШҚО Лингвистикалық орталығы директорының міндетін атқарушы Ботабаева Айнұр Дүйсенбайқызы, Катонқарағай ауданы әкімінің аппарат басшысы Құрмамбаев Ринат Тлеуханұлы, орталықтың мамандары, аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәні мұғалімдері және мемлекеттік қызметшілер қатысты. Және де конференцияда облыс орталығының «Өскемен –Қазақстан» телеканалы журналистері болды. Конференция барысында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры,филология ғылымдарының докторы Картаева Айжан Маратбекқызының «Алаш әдебиеті және Абайтану», С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті, қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сейпутанова Айымгүл Қамзақызының «Алаш қайраткері Шәкәрім мұрасының зерттелуі» тақырыбындағы баяндамаларын конференция қатысушылары ерекше ықыласпен тыңдады, сондай – ақ пленарлық мәжілісте баяндама жасаған Тулегенова Гүлжан Тулегенқызының, Асылбаев Едил Аскаровичтың, Абраимова Бақыт Касеновнаның, Канафина Жанар Нұрлыхановнаның баяндамаларында өзекті мәселелер қозғалып, тұжырымды ойлар айтылды. Конференция соңында конференция қонақтары аудан әкімі А.А.Нұрғожиннің арнайы Алғыс хатымен марапатталды және конференция мақалаларының жинағы (48 дана) таратылды, қатысушыларға сертификаттар тапсырылады. Мамыр айының 3-ші жұлдызында ШҚ лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Алаштың жаны» атты әдеби- сазды кеш түріндегі  айлықтың қорытынды отырысына орталық директоры қатысып, айлық бойынша атқарылған жұмыстарға есеп (фотоесеп) берді. Аталмыш шараға белсене қатысқаны үшін ШҚО Тілдерді дамыту басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
08- 09 маусым аралығында орталық мұғалімдері  «Мемлекеттік тілді оқыту, жетілдіру және стандарттау» тақырыбында өткен облыстық семинарға қатысып қайтты.Орталық ұжымы тамыз – қыркүйек айларында ШҚ облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен ШҚ облысы лингвистикалық орталығының жұмыс жоспарына сай ҚР Тілдері айлығына қатысып, жоспарға сәйкес іс – шаралар өткізді. Орталықта, қыркүйектің 22- де аудандық мекемелер арасында «Тіл білгірі» тақырыбында интеллектуалдық сайыс өткізді. Президентіміз, Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында 28 қыркүйек күні жерлес жазушы О.Бөкейдің туған күніне орай «Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мен «Мәдениет және халыққа қызмет көрсету орталығымен» бірге «О.Бөкей – көркем сөздің құлагері» тақырыбында аймақтық көркемсөз оқулары байқауын  өткізді.Байқауға Бородулиха, Зырян, Ұлан аудандарынан және Өскемен қаласы ШҚМУ – нен қатысушылар келіп өнер көрсетті.
«Катонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығы» КМҚК –ның 2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасалған, оқытушылардың тақырыптық – күнтізбелік жоспарлары жасалып, бекітілген. Орталық жыл көлемінде Катонқарағай ауданынының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен, Катонқарағай ауданының білім, денешынықтыру және спорт бөлімімен, аудандық Достық Үйімен, Катонқарағай ауданының жастар ресурстық орталығымен, Катонқарағай аудандық орталық кітапханасымен және барлық мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Жоспарларда бекітіліп берілген жұмыстар, іс-шаралар мен мерекелерге ат салысып, белсене қатысып отырады.
Катонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығы» КМҚК –ны Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен, Катонқарағай ауданының білім, денешынықтыру және спорт бөлімінен, Катонқарағай ауданының жастар ресурстық орталығынан, Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік, өндірістік және туризм бөлімінен түскен құжаттар, банер және баяндамалар түріндегі жұмыс материалдарын қазақ тіліне, орыс тіліне және ағылшын тіліне аудару жұмыстарын жүргізді   және айтулы мерекелерге орай мерекелік құттықтау  сөздерді даярлаумен айналысты.
.
Катонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығының 2017 жылы жүзеге асыратын міндеттерінің негізгісі:
- 2017 жылында материалдық - техникалық базаны жетілдіру;
- оқу кабинетін электронды оқулықтармен, әдістемелік құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету және орталықтағы кітап қорын кеңейту;
- Мемлекеттік қызметшілерді және басқа сала қызметкерлерін Казтест тапсыруға дайындау және Казтест өткізуді ұйымдастыру;
- ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын орындау (үш тілді меңгерген тұрғындардың үлесін арттыру).

Катонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығы директоры А.К.Сулейменова.

 

Парақтар өзгертілді: 03-10-2017