Дін.

Катонқарағай ауданында терроризм және экстремизм идеяларына деген теріс көзқарасты қалыптастыруға арналған жұмыстарды жетілдіру үшін халық арасында діни білімділікті көтеру мақсатында, 9 адамнан құралған аудандық үгіт-насихаттық тобы және 13 ауылдық округтер бойынша 3 адамнан тұратын ақпараттық үгіт-насихаттық топтары құрылды. Ақпараттық-насихаттау тобы ауылдық округтердегі дін мәселесі бойынша және ауданымыздағы терроризм және экстремизм идеяларына деген теріс көзқарасты қалыптастыруға арналған жұмыстарды жетілдіру үшін халық арасында діни білімділікті көтеру мақсатында әр тоқсан сайын   ақпараттық – насихаттық және тәрбиелік іс – шаралар өткізеді.

Аудандағы ақпараттық- насихат тобының жұмыс жоспары жасалып бекітілді. Жоспар негізінде аудан қөлемінде діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуына қарсы тұру, діни ағымдардың мәнін түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру мақсатында жыл басынан бері оқу орындарында, мемлекеттік қызметкерлермен, жұмыссыздар, кәсіпкерлер, жүргізушілер және басқа жұмыс орындарында құқық қорғау органдарының, дәстүрлі дін өкілдерінің және арнайы органдардың қатысуымен дәрістер, кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар тәжірбиелік іс-шаралар өткізілуде. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында аудандық «Арай», «Луч» газеттерінің беттерінде «Діни экстремистің алдын алу», «Қоғамдық және діни келісім басты бағыты бойынша», «Қазақстандағы діни жағдай және танымдық негіздері мен ерекшеліктері», «О духовном мире», «Терроризм мен экстремизмге жол жоқ», «Ораза айы» атты мақалалар жарияланды. Ақпараттық үгіт-насихат тобы мүшелерімен бүгінгі күнге ауылдық округтер арасында 22 – халықпен кездесу, 12 – дін мәселесі бойынша дәрістер, 15-семинар жиналыстар, 8 – дөңгелек үстел барлығы 1546 адам қамтылды. Жыл көлемінде үгіт-насихат тобы Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылдық округтерінде қаңтардың 9-25 аралығында «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты», «Ұлтаралық және дінаралық үйлесім мен келісім, татулық пен тұрақтылықтың негізі» және «Дін жастардың көзімен», «Ғасыр дерті» атты тақырыптарда дөңгелек үстел өткізілді.

Ново-Хайрузовка ауылдық округінде «ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясаты», «Дін – ынтымақтың рухани негізі» тақырыбында 3-23 ақпан аралығында кездесулер өтті.

Көкбастау ауылында «ҚР зайырлы мемлекет: конституциялық құқықтық аспектілері», «Жастар ортасындағы діни ахуал» атты тақырыптарда 10-17 наурыз аралығында дәріс өткізілді.

Солоновка ауылдық округінде «Қазақстан халықтарының рухани дамуындағы ислам дініндегі ханафи мазхабының алатын рөлі» атты тақырыбында 4-26 сәуір айында дәріс оқылды.

Ново-Поляковка ауылдық округінде «Қазақстандағы ислам дінін жамылған деструктивті ағымдар: негізімен жалпы сипаттамасы», «ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясаты» атты тақырыптарында 11-23 мамыр аралығында дөңгелек үстел өткізілді.

Үлкен Нарын ауылында Агро-техникалық колледж студенттерімен 19 сәуірде «Дін және экстремизм» тақырыбында семинар – жиналыс болып өтті.

2017 жылдың 25 сәуірінде Үлкен Нарын, Катонқарағай ауылдарында, Ресурстық жастар орталығымен бірлесе «Зайырлы мемлекет және дін» тақырыбында Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының, Өскемен аймағы бойынша Өкіл имамы, «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек Тасболатұлы Мұқатайдың қатысуымен

ақсақалдар семинары болып өтті.

Дін қызметкерлерінің діни сауаттылығы және теологиялық дайындығын көтеру шаралары туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта терроризм мен діни экстремизмнің белсенділігінің идеологиялық құрамдас бөлігіне қарсы әрекет осы жағымсыз құбылыстармен күресу мәселелерінің ішіндегі маңыздысы болып саналады. Бұл күрделі мәселені шешу терең және жан-жақты амал-тәсілді талап етеді.

Катон-Қарағай ауданы бойынша 11 діни ұйым (мешіт) оның ішінде 2012 жылы 8 діни ұйым қайта тіркеуден өтті. Бұл Қабдығали ата атындағы Үлкен Нарын мешіті, Жаңа-Хайрузовка, Көктерек, Өрел, Катон-Қарағай, Ақсу, Аққайнар және Белқарағай мешіттері. 2015 жылы Қызыл Жұлдыз ауылында мешіттің ашылуы болып өтті. 2016 жылы Шыңғыстай ауылы мен Топқайың ауылында мешіттері тіркелді.
Діни қызметкерлердің діни сауаттық жағдайы туралы:

  1. Үлкен Нарын ауылындағы «Қабдығали ата» атындағы мешіт: мешіттің бас имамы Хидиров Шодихан қажы, Қазақстан Республикасының Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орнын тәмамдаған, исламдық институтта имамдардың біліктілігін арттыру, «Хатиб имам» мамандығы бойынша Қазақстан Мұсылмандарының Рухани Басқармасы.
  2. Катон-Қарағай ауылындағы мешіт: имам Исин Ерлан Толеужанович, Қазақстан Республикасының Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орнын тәмамдаған, исламдық институтта имамдардың біліктілігін арттыру, «Хатиб имам» мамандығы бойынша Қазақстан Мұсылмандарының Рухани Басқармасы.
  3. Жаңа-Хайрузовка ауылындағы мешіт: қазіргі уақытта молданың басқа ауылға көшуіне байланысты мешіт жұмыс істемейді.
  4. Көктерек ауылындағы мешіт: молда Қасанаев Қазез Ахметович, Өскемен қаласында исламдық діни ағарту оқу орнының курсын тәмамдады.
  5. Ақсу ауылындағы мешіт: молданың болмауы себебінен мешіт жұмыс істемейді.
  6. «Мырзағали Мұсабала» атындағыАққайнар ауылы мен Қызыл Жұлдыз ауылындағы мешітер: молда Буқарбаев Оралбек Токтаганович, Өскемен қаласында исламдық діни ағарту оқу орнының курсын тәмамдады.
  7. Өрел ауылындағы мешіт: молда Еркебаев Аскерхан Абилканович, Өскемен қаласында исламдық діни ағарту оқу орнының курсын тәмамдады.
  8. Белқарағай ауылындағы мешіт, молда Мусабаев Мерғалым Айтказинович, Өскемен қаласында исламдық діни ағарту оқу орнының курсын тәмамдады.
  9. Шыңғыстай ауылының мешіті: молда Куниязов Қайырбек Қайырдыұлы, Өскемен қаласында исламдық діни ағарту оқу орнының курсын тәмамдады.
  10. Топқайың ауылындағы мешіт: молда Куанбаев Маулыхан Кусаинович, Өскемен қаласында исламдық діни ағарту оқу орнының курсын тәмамдады.

Ауылдық округтарда имамдардың діни сауаттылығы әлі де жақсартуды талап етеді, әсіресе дәстүрлі ислам ұстанымдарын қорғау және ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни дәстүрді ғылыми тұрғыдан дәлелдеу қабілетсіздіктерін атап айтуға болады.

Сол мезетте, аз дайындық бірінші кезекте дәстүрлі емес ағымды жақтаушыларды уақытында теңестіруге мүмкіндік бермейді.
Сондықтан, осындай діни қызеткерлерге мақсаты бағытталған дайындық ұйымдастыру талап етіледі. Ол үшін бірінші кезеңде бірнеше имамды таңдап алып, исламдық оқу орындарына дайындыққа жіберу үшін жағдайлар жасау керек.
Қазіргі кезде имамдардың мамандандырылған даярлығы «Нұр» университеті негізінде және облыстың теологтар жағын жұмылдыру жағдайында шет елдің теологиялық орындарында жүзеге асырылуы мүмкін. Имамдардың шет елдік және республикалық біліктіліктілігін арттыру курстары Қазақстанның Мұсылмандарының Рухани Басқармасымен реттеледі, айқын кестесі бар. Жолдау туралы шешімді облыстық имам қабылдайды.

Біздің ойымызша, жергілікті біліктілікті арттыру курстары аймақтағы аудандық мешітте Муфтият теологтарының, медресе немесе «Нұр» университетінің ұстаздарының шақырылуымен тоқсан сайын 1 реттен аз өткізілмеу керек.
Сонымен қатар, ауылимамдарыныңдіни білімін өзіндік арттыруды assalam.kzг.Өскеменсайттарында Интернет-кеңістігінде Қазақстан Мұсылмандарының Рухани Басқармасының облыстық өкілдерінің ақпараттық-ағарту жұмыстарын арттыру, және дәстүрлі Ислам негіздерін түсіндіретін және насихаттайтын Қазақстандық сайттар санын арттыру керек. Оған әр мешітте Қазақстан Мұсылмандары Рухани Басқармасының жарғысына сәйкес құрылған қоғамдық кеңес рөлдерін күшейту өз септігін тигізеді.

Парақтар өзгертілді: 02-10-2017