Катонқарағай ауданының жастар ресурстық орталығы

Мағауянов Ернұр Берікболсынұлы Бөлім директоры – Мағауянов Ернұр Берікболсынұлы


1987 жылы 22 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданы Большенарым ауылында дүниеге келген. Қазақ. НұрОтан партиясының мүшесі.
2008-2013 ж. Қазақстан Республикасының  Ішкі Істер Министірлігінің Ішкі Әскерінде патруль бастығы лауазымында жұмыс істеді.
Үйленген, екі баланың әкесі.

Лауазымдық міндеттері:
 
Бөлімді ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындайтын және босататын директоры басқарады. Бөлім директоры  Бөлімінің қызметкелерін лауазымға тағайындайды және босатады. Бөлім директоры Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басқарады және жүктелген міндеттердің орындалуы және өз қызметінің жүзеге асырылуы үшін жеке жауап береді.  Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын және басқа құжаттарды бекітеді, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің талабына, бекітілген штаттық санның құрылымына сәйкес қаржы басқармасының штаттық кестесін бекітеді; бөлімінің бұйрықтарына қол қояды; заңмен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін ынталандыруды  жүзеге асырады және тәртіптік жаза қолданады; мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда қаржы бөлімінің атынан өкілдік етеді; қолданыстағы заңға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

knЖеке және заңды тұлғаларды қабылдау күнделікті
 9.00 – 18.00


kn  Мекен-жайы: 
Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі 113
Байланыс телефон: 8(72341) 2-72-50

Катонқарағай ауданы бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы.

Қазақстандықтар – жасампаз және жасұлт: республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты.
Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан – 2050» стратегиясының түйінді мақсаттарының бірі болып табылады.

Мұндай миссия кәсіптік білімі, дені сау әрі адамгершілігі мол, бәсекеге қабілетті, патриот және әлеуметтік тұрғыдан жауапты жастардың ғана қолынан келеді. Осыған байланысты мемлекеттің басым міндеті мемлекеттік жастар саясатын уақыт талаптарына сай бейімдеу арқылы жастарды Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторына айналдыру

2018 жылы Катонқарағай ауданы бойынша 5212 жас, оның ішінде: жұмысшы жастар саны – 1070, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар саны - 350, студенттер саны – 727, аграрлық-техникалық колледжде – 129 студент, оқушылар-1404 (14-29 жас аралығында), жас кәсіпкерлер – 53, жұмыссыз жастар саны – 48. 2018 жылы аудан бойынша - 79 жас әскер қатарында өз борыштарын өтеуде.
Осы орайда, мемлекеттік жастар саясатын аудан көлемінде насихаттаушы бірден бір мекеме аудандық Жастар ресурстық орталығының мұрындық болуымен, «2020 жылға дейінгі жастар саясатының тұжырымдамасының» 2 кезеңінің іс шаралар жоспарының аясында, яғни, жастардың жастар саясатындағы қолданыстағы шаралармен қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында, жастардың барлық деңгейдегі маслихаттардағы өкілеттілік деңгейінің артуы, дене тәрбиесі және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамтуының өсуі, жастарды жұмысқа орналастыру және жастардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру, және т.б. сияқты тұстары бойынша ауданымызда үлкенді-кішілі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
2018-2019 оқу жылында аудандық агротехникалық колледжде студенттер саны 129 адамға толып, трактор-машинисті (10), омарташы (15), тігінші (12), мал дәрігері (6), мамандықтары бойынша білім алды.

Жастарды қолдау және тұрғын үймен қамтамасыз ету

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2018 жылы 54 адам көтерме ақы алды (жалпы көтерме ақы саны 9090,9 мың тенге) 38 адам несие алып баспаналы болды.
Жастардың өз мамандықтары бойынша бастапқы тәжірибе алуы үшін қажетті жағдайлар жасау, жұмысқа орналасуға көмек беру және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында мемлекеттік «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында 2018 жылы 31 адам қатысты.
2018 жылы «Катонқарағай ауданының жастар ресурстық орталығының» жұмыс жоспары бойынша 60-тан аса үлкенді – кішілі іс – шаралар өткізілді: Агро–колледж студенттерінен және мектеп оқушыларынан жасақталған волонтерлық топтармен ай сайын соғыс және тыл ардагерлері және көмекке зәру қарттарға көмек көрсетіледі, 10-спорттық іс – шара, дөңгелек үстел – 10, конкурстар – 15, мәдени іс–шаралар – 20 өтті.

Бұл шаралардың мақсаты жастардың қоғамдағы белсенділіктері мен интелектуалдық шығарма ойшылдығын дамыту болып табылады. Жастар арасында волейболдан, футболдан, күрестен жарыстар өтуде. «Жас қалам», «Букроссинг», «Көктем аруы», «Аяулы жас келін», «Қозы көрпеш-Баян Сұлу», «Менің туған өлкем», «Жігіт сұлтаны» конкурстары, Отан қорғаушылар күніне арналған флешмоб, және де жастарға арналған «Би кештері» әр аптаның жұма күндері ұйымдастырылып тұрады.
Діни экстремизм мен терроризм алдын алу мақсатында «Біз зорлық зомбылыққа қарсымыз!», «Рухани келісім күні», «Дін және экстремизм» атты дөңгелек үстел жастар арасында діни экстремизм мен жат ағымдардан алыс жүруге байланысты, мәдени – қоғамдық шараларда белсенділіктерін арттыру мақсатында жастарға кеңестер беріліп, ашық әңгіме өткізілуде.
Салауатты өмір салты кабинетінің мамандарымен және әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдік пен темекі шегудің алдын алуға арналған  «Стоп қылмыс», «Ғасыр дерті», «Стоп курению» атты семинар-тренингтер өткізілуде.

Талантты жастарды қолдау мақсатында

«Катонқарағай ауданының жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің кубогі үшін «Жайдарман» ойындары өткізілуде. Сайысқа ауданымыздың ауылдық округтерінен белсенді жастар жиналып, ауыл жастарына көктемнің көңілін сыйлап қайтты.

2017 жылы ШҚО әкімінің кубогі үшін өткізілген VII Республикалық Жайдарман ойындары ауданымыздың орталығы Үлкен Нарын ауылында өткен болатын. Осындай жастардың көңілді ойындары үнемі өткізіліп тұрады. Бұл жастарға үлкен серпін беретіні сөзсіз.

Жалпы 2017-2018 жылы аудан әкімінің демеуімен ауданымыздың «Швейцария» және «Көзайым» жайдарман құрама командалары республикалық деңгейде өнер көрсетуде. Республикалық деңгейдегі командалармен алғаш ойнаса да айтарлықтай нәтиже көрсетті. Атап айтқанда:
1) Республикалык Астана каласы жоғаргы лигасынын маусымашарына қатысып, Республикалык Алматы телевизиялык лигасына жолдама алды.
2) Өскемен республикалық ашык лигасы маусымашарының чемпиондары
3) Өскемен республикалық ашык лигасы 1\8 ойынынан 1 – орын
4) Өскемен Республикалық ашык лигасы 1\4 финалынан 1- орын
5) Семей республикалық ашықлигасы маусымашар 1\8 ойыны 1 - орын
6) Семей республикалық ашық лигасы 1\4 финалы 1 - орын
7) Риддер әкімінің кубогінде 2 - орын
8) Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінің ректор кубогі 1- орын
9) Республикалық Алматы телевизиялық ашық лигасы 1\8 финалы 3 – орын
10) Республикалык Астана каласы жоғаргы лигасынын маусымашарына қатысып, Республикалык Қарағанды телевизиялык лигасына жолдама алды. 
11) Өскемен еспубликалық ашык лигасы маусымашарының чемпиондары 
12) Өскемен республикалық ашык лигасы 1\8 ойынынан 1 – орын 
13) Өскемен Республикалық ашык лигасы 1\4 финалынан 1- орын 
14) Өскемен Республикалық ашық лигасының жартылай финалдық ойындарының чемпиондары
15) С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің ректор кубогі 1- орын
16) Өскемен Республикалық ашық лигасының финалдық ойынының вице чемпиондары.

Жастар саясатының тұжырымдамасының іс - шаралар жоспарының екінші кезенінің бірде бір мақсатты индикаторларының бірі - Патриотты тәрбие беруде: Аудан жастарына патриоттық тәрбие мақсатында, Үлкен Нарын ауылында Ауған соғысының батырларына арнап, ерлігіне тағзым етіп, мемориялдық тақта қойылды. Кеңес әскерлерінің ауған шекарасынан шығарылғанына 29 жыл толуына орай «Өрел» шекара комендатурасында «АЙБЫН» әскери спорттық сайыстары өтті.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Республикалық «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша ауыл жастары мен оқушыларының жаз айларындағы бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін жылдағы дәстүрмен жұмыспен қамтуды ұйымдастырады.
2018 жылғы шілде айының 1 жұлдызынан тамыз айының 1-не дейін екі ай көлемінде ауданда 16-29 жас аралығындағы аудан жастарынан құрылған жасақтар аудан орталығы және де ауылдық округтер орталықтарындағы гүлзарларды суарып, көркейту және тазалау жұмыстарын жүргізеді, барлығы аудан бойынша 97 сарбаз жұмыс атқарады. 2018 жылғы қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқарма басшысы атынан «Үздік Онлайн штаб» номинациясымен марапаттады. 31 шілде күні аудандық Таза жағалау акциясы өтті. Жалпы акцияға Жасыл Ел сарбаздарымен ауыл жастарынан кұралған қатысты. Үлкен Нарын ауылдық округіндегі Свинчатка ауылындағы Бұхтырма суқоймасының жағалауын тұрмыстық қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл акция жастарға  табиғатты аяулауға және экологиялық оң көзқарас қалыптастыруға тәрбиелеуі сөзсіз.

Жастар корпусын дамыту жобасы – бұл Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы.
Мақсаты: жастарды қоғамдастықтың өміріне тарту, сондай-ақ, қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту.
«Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы бойынша Катонқарағай ауданынан 60 қатысушы тіркеліп, 15 жоба ұсынылды. Нәтижесінде 6 жоба жеңіске жетті.
Олар:

  • Қайыңды ауылынан – «Алтайдың ақ тілегі» жобасы
  • Үлкен Нарын ауылынан – «ПтицаBluez» жобасы
  • Көкбастау ауылынан – «Skyline Development» жобасы
  • Үлкен Нарын ауылынан – «Асыл тұқымды мал өсіру» жобасы
  • Жұлдыз ауылынан - «Мёдный рай – Катон-Карагай» жобасы
  • Үлкен Нарын ауылынан – «Оврег-Лезгинка мектебі» жобасы

«Жастар мәслихаты» жобасы Катонқарағай ауданында жүзеге асырылуы

Шығыс Қазақстан облысында жастар саясатының жүзеге асыру мақсатында 2017 жылы Жастар мәслихаты кұрылу жұмыстары жүргізілді.
2017 жылғы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында жастар мәслихатына депутаттарды сайлауы өтті.
Катонқарағай ауданының 13 сайлау округі және Катонқарағай Аграрлық-техникалық колледжі бойынша 28 кандидаттар өз үміткерлерін ұсынып, сайлау нәтижесі бойынща14 кандидаттар сайланды.

Жастар мәслихатының негізгі мақсаты – адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтей, адамгершілік және демократия қағидаларына сүйене отырып, қоғам өмірінің барлық салаларына жастардың қатысуын ұйымдастыру.

Жастар мәслихатының міндеттері:

  • Катонқарағай ауданында жастар саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруға қатысу;
  • Мақсатты жастар бағдарламаларын әзірлеу және оларды жүзеге асыру;
  • Нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау, экономикалық реформаларды жүзеге асыру, білімге, еңбекке, мәдени-демалысқа деген құқықтарды қарастырған кезде жастардың мүдделерін қорғау;
  • Жастар ұйымдарындағы өзін-өзі басқару қызметтерің үйлестіру;
  • Аудан бойынша балалар және жастар қозғалысын ұйымдастыру;
  • Жастардың саяси және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Катонқарағай ауданының 13 сайлау округ және Катонқарағай Аграрлық-техникалық колледжі бойынша 28 кандидаттар өз үміткерлерін ұсынып, сайлау нәтижесі бойынща14 кандидаттар сайланды.

Катонқарағай ауданының жастар мәслихатының депутаттарының құрамы:

  1. Новохайрузовка ауылдық округі - Сәлеш Әригүл;
  2. Үлкен Нарын ауылдық округі - Әділбек Қуаныш;
  3. Солоновка ауылдық округі - Мырзаханов Еркінбек;
  4. Новополяковка ауылдық округі - Көшкембаев Аслан;
  5. Алтынбел ауылдық округі - Нұржанов Нұртас;
  6. Солдатова ауылдық округі - Әділбеков Сафар;
  7. Белқарағай ауылдық округі - Қайдаров Азамат;
  8. Коробиха ауылдық округі - Ильясова Сауле;
  9. Ақсу ауылдық округі - Нұрстем Даулет;
  10. Катонқарағай ауылдық округі - Арқабек Айжан;
  11. Аққайнар ауылдық округі - Мұратов Ернат;
  12. Жамбыл ауылдық округі - Тюменбаев Мархабат;
  13. Өрел ауылдық округі - Қажиахметова Мадина;
  14. Аграрлық-техникалық колледжі - Лубягина Оксана.
Парақтар өзгертілді: 11-12-2018