Ақпараттық насихаттық жұмыс

Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауыннасихаттау жөнінде ақпарат

2012 жылғы 14 желтоқсандағы Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын  насихаттау және түсіндіру мақсатында Катонқарағай аудандық ақпараттық - насихаттық топтары бекітілген жоспарға  сәйкес нақты жұмыстар атқаруда. Үгіт – насихат жұмыстарын жандандыру мақсатында медиа – жоспар жасалып, бекітілді. Аталған Жолдаудың мәтіні жергілікті «Арай» - «Луч» газеттерінің  санында  жарияланды.
2012 жылдың 27 желтоқсанында аудан әкімі А. Бекбосыновтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын талқылау бойынша аудандық актив жиыны өтті. Актив жұмысына «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, жастар, діни ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, ауылдық округтер әкімдері, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері қатысты. Жарыссөзге ауданның ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Кезембаев, Үлкен Нарын ауылдық округі ардагерлер Кеңесінің төрағасы В.Д. Бакланов, Катонқарағай ауылдық округі жанындағы «Алтай» жастар ұйымының мүшесі А. Тілеубаева шықты. Жиында сөз сөйлегендердің барлығы мемлекет Басшысының Жолдауында көрсетілген негізгі бағыттар және міндеттер еліміздің алдағы уақытта да қарқынды дамуына ықпал етеді деген ортақ пікірлерін білдірді.
Барлық іс-шаралардың идеологиялық мазмұны Елбасының жолдауларында белгіленген міндеттерді насихаттауға бағытталды.

Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын насихаттау жөнінде ақпаратАудан бойынша Мемлекет Басшысының Жолдауында қойған міндеттерін насихаттап, түсіндіру мақсатында 2013 жылдың басынан облыстық ведомствоаралық,  аудандық және ауылдық  ақпаратық – насихаттық топтарының мүшелері ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарымен  124  кездесулер өткізді.Барлық кездесулерге 12 мыңнан астам адам қатысты. 

Ақпараттық-насихат топтарының қызметіне, кездесулер барысында түскен өтініштерге жүйелі мониторинг жүргізіліп, олардың уақытылы қаралуын қамтамасыз етілді. 

Жолдау шықаннан бері аудандық  «Арай» газетінің беттерінде «Елбасы Жолдауына орай», «Луч» газетінің беттерінде «За строкой Послания» атты арнайы айдарлар  ашылып  36 мақала, жарияланды.  Газеттердің беттерінде тұрғындардың, әртүрлі сала өкілдерінің, «Нұр Отан» ХДП мүшелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық пікір көшбасшыларының Жолдау туралы пікірлері жарияланды. Жолдаудың мәтінімен барлық 13 округтерде 64 баннер, 48 мектеп, мемлекеттік мекемелерде, ауылдық мәдениет ошақтарымен    кітапханаларда арнайы стендтер орнатылды.  

Аудан көлемінде барлық мекеме, тұрғындардың  қатысуымен   8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні, 1 Мамыр  – Қазақстан Халықтарының бірлігі күні,  7 мамыр күні Отан қорғаушылар күні, 9 Мамыр –  Ұлы Жеңістің  68 жылдығы   меркелеріне  арналған салтанатты жиындар,  митингтер,  аудан әкімінің салтанатты қабылдаулары және мерекелік концерттер  ұйымдастырылды.  

Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын насихаттау жөнінде ақпаратҮлкен Нарын ауылының орталық алаңында және ауылдық округтерінің орталықтарында саяси құрбандарды еске алу күніне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Менің Қазақстаным!», мерекелік концерт және спорттық жарыстар  ұйымдастырылды. 

Аудан көлемінде «Масленица», «Проводы зимы», «Наурыз» ұлттық мейрамдарының өткізуі ұйымдастырылды. 

Катонқарағай ауданы бойынша 2013 жылға арналған мерзімдік баспасөзге жазылу жұмыстары ұйымдастырылды. 

«Қазақстан Республикасындағы 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын» іске асыру туралы комиссияның 2013 жылдың 1 жартыжылдығында жоспарланған мәжілістер, «дөнгелек үстелдер» өткізілді. 

Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын насихаттау жөнінде ақпаратКатонқарағай ауданында «Жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында 2013 жылдарға арналып бекітілген  іс-шаралар  жоспары негізінде жұмыстар  жүргізілді.  

Ауданда 13 ауылдық округтердегі  «Алтай жастары» қоғамдық  ұйымдары ауыл жастарымен жүйелі түрде жұмыстырын  атқарды. 

Катонқарағай ауданында жастар саясатын іске асыру мақсатында аудандық бюджеттен  1 млн.37 мың теңге қарастырылды. 2013 жылғы шілде-тамыз айларының аралығында  «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Катонқарағай, Үлкен Нарын және Өрел ауылдарындағы  мектеп  оқушыларынан құрылған    үш топ    ақылы көгаландыру жұмыстарына қатыстырылады. Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында барлық ауылдық округтерде бекітілген кестеге сәйкес ерікті халық жасақшыларының күнделікті кезекшілігі ұйымдастырылды.
 
ҚР «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» және ҚР Президентінің «Лаңкестік пен экстремизмнің алдын алу  мен оларды жоюдың шаралары туралы» Жарлығының орындалуы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміндегі діни  бірлестіктерімен байланыс жасау кеңесінің үнемі бақылауында болды.   

Үлкен Нарын және Катонқарағай  ауылдарында кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясының  мүшелерімен рейдтік шаралар жүргізілді.

 

Парақтар өзгертілді: 27-06-2016