Ішкі саясат

 

Ішкі саясат бөлімінің 9 айда атқарған жұмыстары жайлы ақпарат

Аудандық ішкі саясат бөлімімен Катонқарағай ауданы бойынша 2013 жылға  аудан көлемінде идеологиялық  сипаты бар кең ауқымдағы    медиа - жоспар  қабылданып, аудан әкімімен бекітілді. 
Барлық іс-шаралардың идеологиялық мазмұны Елбасының жолдауларында белгіленген міндеттерді насихаттауға бағытталды.
Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын  насихаттау және түсіндіру мақсатында Катонқарағай аудандық ақпарат-насихаттық топтары бекітілген жоспарға  сәйкес тиісті  жұмыстарын атқарды. Аудан бойынша  13 аудандық,    ауылдық округтердегі 49 акпараттық үгіт-насихат топтарының құрамына аудан әкімінің орынбасарлары, мекемелердің басшылары, мәслихаттың депутаттары,  ардагерлер кеңесінің мүшелері, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының қызметкерлері, «Нұр Отан» ХДП филиалының өкілдері кірді.

Мемлекет Басшысы  Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына арнаған   Жолдауың түсіндіру және талқылау мақсатында,  2012 жылғы 20 желтоқсанында аудандық идеологиялық актив өтті. Активте жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері, аудандық мәслихаттың  депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері, мектеп директорлары, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер, қоғамдық пікір көшбасшыларының  өкілдері, «Алтай жастар» қоғамдық ұйымының мүшелері, облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінің меншікті тілшілері, және «Арай Луч» газеттерінің журналистері қатысты.
Аудан бойынша Мемлекет Басшысының Жолдауында қойған міндеттерін насихаттап, түсіндіру мақсатында 2013 жылдың ақпан –қыркүйек айларының аралығында облыстық ведомствоаралық,  аудандық және ауылдық  ақпаратық – насихаттық топтарының мүшелері ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарымен 128  кездесулер өткізді.  Барлық кездесулерге  12 мыңнан астам адам қатысты.
Ақпараттық-насихат топтарының қызметіне, кездесулер барысында түскен өтініштерге жүйелі мониторинг жүргізіліп, олардың уақытылы қаралуын қамтамасыз етілді.
Жолдау шықаннан бері аудандық  «Арай» газетінің беттерінде «Елбасы Жолдауына орай», «Луч» газетінің беттерінде «За строкой Послания» атты арнайы айдарлар  ашылып  46 мақала, жарияланды.  Газеттердің беттерінде тұрғындардың, әртүрлі сала өкілдерінің, «Нұр Отан» ХДП мүшелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық пікір көшбасшыларының Жолдау туралы пікірлері жарияланды. Жолдаудың мәтінімен барлық 13 округтерде  64 баннер, аудан мектептерінде, мемлекеттік мекемелерде, ауылдық мәдениет ошақтарымен    кітапханаларда арнайы стендтер орнатылды. 
Аудан көлемінде барлық мекеме, тұрғындардың  қатысуымен   8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні, 1 Мамыр  – Қазақстан Халықтарының бірлігі күні,  7 мамыр күні Отан қорғаушылар күні, 9 Мамыр –  Ұлы Жеңістің  68 жылдығы   меркелеріне  арналған салтанатты жиындар,  митингтер,  аудан әкімінің салтанатты қабылдаулары және мерекелік концерттер  ұйымдастырылды.  2013 жылдың тамыз айында «Алтай-Түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық форум өтті. 13 қыркүйекте жерлес жазушы, драматург Оралхан Бокейдің 70 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілді.
Үлкен Нарын ауылының орталық алаңында және ауылдық округтерінің орталықтарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Менің Қазақстаным!» атты митингілер, мерекелік концерт және спорттық жарыстар  ұйымдастырылды.
31 мамыр күні - саяси құрбандарды еске алу күніне арналған аудандық мәдениет үйінде дөңгелек үстел  өткізілді.
Аудан көлемінде «Масленица», «Проводы зимы», «Наурыз» ұлттық мейрамдарының өткізуі ұйымдастырылды.

Катонқарағай ауданы бойынша 2013 жылға арналған мерзімдік баспасөзге жазылу жұмыстары ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта ауданда  мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда, мектептерде Еліміздің рәміздері туралы Заңы негізінде белгіленген стандарттқа сай дайындалған Ту, Елтаңба, Гимн арнайы көрнекі орындарға ілініп, оларға құрметпен қарауды қалыптастыру  мақсатында  іс шаралар өткізілуде. Еңбек ұжымдары мен  мектептерде азаматтар мен оқушылар бойында Ұлттық рәміздерге - Туға, Елтаңбаға, Гимнға патриоттық сезім, оларға құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында арнайы іс шаралар өткізу орын алған. Мектептерде мемлекеттік рәміздер әшекейленіп  бейнеленген стенділер  ілінген, түрлі пікір сайыстар, конкурстар, тәрбие шаралары арқылы жастар ұлттық  рәміздердің рухани және саяси мәнін пайымдайды.
Аудандық әкімдіктің жанындағы жастар жөніндегі   кеңес өз жұмысын аудан әкімімен бекітілген іс-шаралар жоспары негізінде жүргізеді. Кеңестің мәжілісі тоқсан сайын бір рет өткізіліп тұрады. Кеңестің өткізілген отырысында ауыл округтарында жастар саясатын іске асыру жөнінде: жастарды жұмысқа орналастыру  мәселесін шешу, балалар мен жастар тәрбиесін жақсарту, бұзақылық пен қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша, жастар арасында салауатты өмір салтын кең көлемді насихаттау, нашақорлықтан сақтандыру, насихаттау және алдын алу, жастарды спортпен шұғылдануға тарту жайында және Ұлы Жеңістің 68 жылдығын тойлаудың аудан көлеміндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы сұрақтар қаралды. Ауданда жастар жайында статистикалық есеп жүргізілді.
Ауданның жастар ұйымдарының дамуына жәрдемдесу мен жастар ұйымдарымен және мемлекеттік органдардың өзара әрекет жасау жүйесін жетілдіру мақсатында аудан әкімінің жанындағы жастар істері жөніндегі аудандық кеңес жастар арасындағы орын алып отырған проблемаларға, ауданда жастар арасында қалыптасқан ішкі қоғамдық – саяси ахуал туралы жағдайдың  мониторингісін жүргізіп, талдау жасап отырады.
Аудан аумағында конфессия аралық қақтығыстар, жағымсыз бағыттағы митингілер мен шерулер тіркелген жоқ. Саяси-әлеуметтік ахуал тұрақты және үнемі аудан әкімінің бақылауында.
Аудандық жастар кеңесінің мүшелері, ауылдық округтердегі «Алтай» жастар ұйымдарының өкілдері  жылда Президенттің  Қазақстан халқына  Жолдауы бойынша өткізілген   аудандық идеологиялық активке қатысып,  Елбасы қойған міндеттерді түсіндіру үшін аудандық ақпараттық - насихаттық тобымен ауылдық округтердің тұрғындарымен  кездеседі.

Аудандық жастар жөніндегі кеңес  ауылдық округтеріндегі жастармен өткізіліп жатқан жұмысын тексеріп, жылда аудан әкімдігінің отырысында «Жастар саясаты туралы» Заңын орындау туралы» сұраққа анықтама дайындайды.
«Жастар орталығы» коммуналдық мелекеттік мекемесі  наурыз айынан бастап өз жұмыстарын бастады,  жастардың бос уақыттарын ұйымдастыру қолға алынды.  Олардың тарапынан қайырымдылық акциялары, пікірталастар, тренингтер, кештер, конкурстар өткізіледі. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу кеңесіне жанды көмек-қолдау көрсетіледі. Ауданның елді мекендеріндегі жастар арасындағы үгіт шаралары ұйымдастырылды. Жастардың  өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуде.

2013 жылдың  көлемінде аудан жастарының  аудиториялары үшін аудан көлемінде 20 әртүрлі іс-шаралар, 6 «дөңгелек үстелдер», 2 әртүрлі конференциялар, 2 – акциялар, 1 – аудандық форум, 5 спорттық жарыстар өткізілді.  Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында мәдениет  үйінде жастардың бос уақытын ұйымдастыруда  «Жастар нашақорлыққа қарсы» және «Темекіге қарсы» акциялар, тағы да басқа көптеген мәдени шаралар өткізіліп,   жастардың шығармашылығын анықтауға үлкен  көмегін тигізуде. Бүгінгі күні ауданда нашақорлықпен есірткімен айналысатын жастар жоқ. Мамыр айында Новохайрузовка, Солоновка ауылдық округтерінің мектеп оқушылары арасында және аудандық Агро-техникалық коледжінде есірткіге және темекі шегуге қарсы және ВИЧ/СПИД-ке қарсы тренинг өткізілді. Дәрістер оқылып, жастар арасында сауалнама жүргізілді. Катонқарағай Аумақтық органдар, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқығын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы және дін ісі маманы және жастар оралығы  ай бойы кешкі 19.00ден 23.00ға дейін рейд ұйымдастырылды.  2013 жылдың 22-25 сәуір айында «Жасөспірім» атты жедел алдын алу шаралары жургізіліп, осы рейд барысында кәмелетке жасы толмаған жас өспірімдерге  алкогольдык ішімдік және шылым өнімдерін сату бойынша іс-шаралар жургугізіліп ескертулер жасалды.

2013 жылғы 26 сәуірде аудандық мәдениет үйінде  «Елімнің тағдыры- менің тағдырым» атты аудан жастарының форумы  өтті. Жастар форумы Президент Жолдауын түсіндіру, жеткен жетістіктерімізді, алдағы асқаралы міндеттерімізді айқындап, жастардың қоғамдық өмірге белсене араласуына ықпал ету мақсатында өткізілді.

2013 жылғы 27 мамырда Катонқарағай аудан әкімінің жанындағы жастар істері жөніндегі  Кеңес 13 ауылдық округ әкімінің бас мамандарымен  және «Алтай» жастар ұйымдарының мүшелерімен жастар саясатын іске асыру жөнінде семинар-кеңес өткізді. Күн тәртібінде жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысу әрекеттерін ширату, ауылдық клубтардың жұмысын дұрыс жолға қою, жастар арасында түрлі ойын-сауық кештерін ұйымдастыру, сонымен қатар жастарды жұмысқа орналастыру  мәселесін шешу,  балалар мен жастар тәрбиесін жандандыру, бұзақылық пен қылмыстың алдын алу мәселелері қаралды. Қатысушыларға әдістемелік құжаттар таратылды.

Аудандық кітапханада оқушылармен «Ана тілі, біз сені сақтаймыз» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Ауылдық кітапханаларда оқушыларға арналған  «Әр халықтың тілі өзіндігімен ұлы және тамаша» атты  пресс-релиз өтті.
Катонқарағай аудандық мәдениет үйінде жас келіндер арасындағы  аудандық байқау өткізілді.  Жеңімпаздарға мақтау қағаздары, ақшалай сыйлықтар мен гүл шоқтары ұсынылды.
Салауатты өмір салтын насихаттау, дені, ойы, мақсаты сау азаматтарды, намысты, қайсар, өжет жігіттерді тәрбиелеу мақсатында ауыл жастары арасында сайыс өткізілді.  
Ішкі саясат бөлімі 4 маусым күні «Бұл біздің Әнұранымыз!, Туымыз, Елтаңбамыз!»  атты  аудан бойынша барлық еңбек ұжымдарының мүшелері,  Ұлы отан соғысы және ауданның дамуы мен өркендеуіне салмақты үлес қосқан еңбек ардагерлерінің қатысуымен   акция өткізді. Акция аясында аудан орталығында «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рәміздері» атты салтанатты митинг өткізілді. Мемлекеттік Тәуелсіздігінің қалыптасуына және дамуына үлесін қосқан азаматтармен оқушылар мен жастардың кездесуі ұйымдастырылып, аудандық мәдениет үйінде мерекелік концерт өткізілді.

Ауданда жыл сайын   «Жасыл ел» Президенттік бағдарламасы бойынша 14-29 жастағы студенттер  мен  мектеп  оқушыларынан тұратын топтары 1 ай мерзімге  төленетін қоғамдық жұмыстарға шығу акциясы өткізіледі. 2013 жылға аудандық бюджеттен 1 млн. 37 мың тенге бөлінді. Биыл бұл акцияға 1-нен 30 тамызға дейін  Үлкен Нарын, Катонқарағай, Өрел ауылдарында 20 балалар мен жастардан құрылған 3 отряд қатысты.  Мемориялдық кешендерді, ескерткіштерді көркейту және тазалау жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша қураған ағаштарды кесу, тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарды басудың алдын алу мақсатында арық жүйелері, көпірлер және су өткізу құбырлары тазаланды.  
Катонқарағай ауданында  жоғарғы оқу орнын аяқтаған соң  Катонқарағай ауданында қызмет етіп жүрген жас мамандармен дөңгелек үстел өткізілді.  Білім беру, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы саласында қызмет істейтін жастардың басын қосып, танысып, келешекте ауданда өткізілетін мәдени-бұқаралық шараларға жастардың қатысуын, жастар ұйымдарының жұмысын жандандыру туралы айтылды..
Кеңес ерікті халықтық жасақшылары топтарының кезекшілікке шығу кестесін жасап, бекітілген кестеге сәйкес кезекшілік ұйымдастырып тұрады.
Аудан бойынша жастар кеңесінің, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясының  мүшелерімен рейдтік шаралар жүргізіліп тұрады..
Ауданның барлық елді мекендерінің мәдениет үйлерінде, спорт кешендерінде, мектептерде Тәуелсіз Республикамыздың мемлекеттік мерекелерінің құрметіне басқа да мәдени - көпшілік шаралар өткізілді. Жастардың би кештері, сайыстар, спорт жарыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып отыр.
Аудан әкімі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндеге кеңес үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетіп, Үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдардың өзара әрекет жасау жүйесін жетілдіреді.
Аудан әкімі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндеге Кеңесінің отырысы жылына 2 рет өткізіліп тұрады. Үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің мониторингісі жүргізіліп, ішкі саясат басқармасына ақпарат жіберіліп  тұрады.
Қазіргі уақытта  экологиялық туристік  орталығы «ТЭК» жастар қоғамдық бірлестігі  ғана екі жоба бойынша ауданда балалар және жастармен жұмыс жүргізеді.   «Алтай сақтаушылары», «Нео Сфера», «Мәметек», жаңадан ашылған «Жаншуақтай» қоғамдық бірлестіктері  гранттар алалған жоқ.

2013 жылдың 5 ақпанында Катонқарағай аудандық кітапханасының оқу залында мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Кездесу барысында аудандағы мүмкіншілігі шектеулі балалар мен жастарға  көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және ұлғайту туралы мәселелері  талқыланды. «ТЭК» экологиялық-туристік орталығының басшысы Н.В. Блох «Шектеулі мүмкіншіліктен – шығармашыл болашаққа»  атты жобасын ұсынды. Бұл жобаның жүзеге асыру бойынша 2011-2012 жылдары жасалған жұмыс есебін берді.
VІ Азаматтық форум өткізілуіне байланысты, облыстық форумға делегаттар сайлау мақсатында  үкіметтік емес ұйымдарымен 24 маусымда кездесу ұйымдастырылды.
Катонқарағай аудандағы әйелдердің жағдайын жақсартуға арналған іс-шаралар жоспары жасалып,  әйелдер жайында статистикалық есеп жүргізіліп отырады.
Катонқарағай аудандық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның тоқсан сайын жоспарланған мәжілістері өткізілді. Комиссияның  отырыстарында Катонқарағай аудандық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның 2013 жылға    іс-шаралар жоспары, 2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік Стратегиясын іске асыруды ақпараттық қолдаудың  Медиа-жоспары түзіліп, бекітілді. Гендерлік теңдік стратегиясын    орындау  аясында әйелдер арасында кәсіпкерліктің дамуы  мәселелері талқыланып,  олардың шешу жолдары анықталды. Сонымен қатар,   ауданда саяси-қоғамдық өмірге белсенді қатысатын әйелдерді тарту бойынша мәселелер қаралды.
Гендерлік саясатты ақпараттық  қолдау жөніндегі медиа-жоспары бойынша аудандық «Арай», «Луч» газеттерінің беттерінде дәрігерлердің, мемлекеттік мекеме, құқықтық органдарының қызметкерлерінің мақалалары мен белсенді әйелдердің интервьюлері жарияланып тұрады.
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің бас қосуымен ішкі саясат бөлімінде аудандық әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссияның  ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған  4 наурызда  «Әйел - қоғамымыздың негізгі тіректерінің бірі» атты дөңгелек үстел өтті. 
5-ші наурызда  Халықаралық әйелдер күніне орай ауыл округтарының отбасы және гендерлік саясат кеңесінің төрағалары салтанатты жиынға қатысып, аудан әкімінің қолынан  құрметті грамоталармен және бағалы сыйлықтармен  марапатталды.
Комиссия мүшелері Үлкен Нарын, Катонқарағай ауылдарында өткізілген «Жүзімізді балаларға бұрайық» қайырымдылық акциясын дайындап өткізуге ат салысты. Катонқарағай өңірінің әйелдері  акцияны қолдап, белсене қатысты.  

15 мамыр күні Отбасы күніне арналған аудан бойынша іс-шаралар өткізуін ұйымдастырып, облыстық комиссияға ақпарат берілді.

16 мамырда -   аз қамтылған немесе толық емес  отбасынан шыққан және жетім балалардың ата- аналарымен дөңгелек үстел өткізілді.   
Өткізілген іс-шаралар жайында облыстық, аудандық веб-сайтқа ақпараттар берілді, аудандық «Арай», «Луч» газеттерінің  беттерінде жарияланды.
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің   2010  жылғы  1 ақпандағы  № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында «Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың 2011-2012  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы» құрылды. Осы бағдарлама негізінде жоспар жасалды.
Катонқарағай ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес ұлты қазақ азаматтарының тегін, әкесінің атын және жалқы есімдерді ретке келтіру мақсатында «Тілім менің – тірегім, елім деп соғар жүрегім» атты айлық жарияланып, айлық жоспары құрылып, бекітілді. Бекітілген жоспар барлық ауылдық округтеріне таратылып берілді. Айлықтың өту барысы туралы  ақпарат жергілікті «Арай» - «Луч» газетінің 2011 жылғы 22 ақпандағы №14 санында жарияланды. Айлық барысында «Ұлттық рухтың темірқазығы - тіл», «Тілдің салтанат құруы – ұлттың сақталуы, тілдің тұғырынан таюы – ұлттың жойылуы» тақырыптарында дөңгелек үстел отырыстары өткізілді. Перзентханаларда аналармен дүниеге келген сәбилердің тегі мен әкесінің атын қазақ халқының қалыптасқан тарихи дәстүрлеріне сәйкес жаздыру мақсатында «Сәбиге жарасымды ат қоялық» тақырыбында кітапшалар таратылып берілді.

2013 жылдың 15 сәуірінде «Көрікті жарнама – көркем тіл» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. «Дөңгелек үстел» отырысына тіл мамандары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, халыққа қызмет көрсету саласының мамандары, банк қызметкерлері, байланыс операторлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Мемлекеттік  мекемелердің  мөрлері мен  мөртаңбалары, маңдайша жазбалары, басқа да визуальды деректемелері Қазақстан  Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21 бабына  сәйкестендірілуде. Осыған байланысты ауданда 2013 жылдың 22 наурызы мен 22 сәуірі аралығында көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сай біріздендіру, үйлестіру және қоғамдық бақылауды одан әрі күшейту мақсатында «Мемлекеттік тілге құрмет – Тәуелсіздікке құрмет» тақырыбында айлық өткізілді. Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жергілікті «Арай – Луч» газетімен, Нұр-Отан ХДП мен, аудандық кәсіпкерлік бөлімімен бірлесе отырып арнайы комиссия мүшелерін құрды. Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңының 21-бабына байланысты аудан орталығындағы барлық дүкендерге тексеру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қазақша – орысша жарнама мәтіндерінің үлгілері белгіленген буклеттер дайындап, қызмет көрсету және сауда нысандарына таратылып берілді. Аталған комиссия мүшелерінің қатысуымен аудан жұртшылығы арасында Қазақстан Республикасының  «Тіл туралы» Заңының «Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі» туралы 21-бабының талаптарына сәйкес көрнекі ақпарат құралдарын дұрыс рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

17 қыркүйекте аудандық мәдениет үйінде «Ел бірлігі - тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында Қазақстан халықтары тілдері күніне арналған мереке өткізілді. №22 кәсіптік лицейде «Язык – душа народа» тақырыптық кеш өтті.
Катонқарағай аудандық әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау ісі жөніндегі комиссиясы 2013 жылға арналған  іс-шаралар жоспарын жасап, нақты  жұмыстар атқаруда.
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысы 2013 жылғы жоспар бойынша өткізілуге тиісті тақырыптары бойынша сәйкестендірілген мекемелерге қажет ақпарат алу үшін хаттар жіберіліп, аудандық мектептердің, аудандық денсаулық сақтау, білім беру, ішкі істер бөлімдерінің кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмысы және оларға қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмаудың алдын алу шарлары туралы есептері, келіп түскен іс құжаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы №789 қаулысымен бекітілген «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия» туралы Ережеге сәйкес комиссия отырыстарында қаралады.
Комиссия 2013 жылдың басынан 12 отырыс өткізілді.  3 кешкі мектепке ауыстыру туралы арыз, 6 Аумақтық органдарнен келіп түскен ата-аналық құқығынан айыру туралы іс құжат қаралды.   
Ағымдағы жылдың сәуір айында өткен «Түнгі қаладағы балалар» акциясын өткізу барысында, комиссия мүшелері, ішкі істер бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жөніндегі инспекция тарапынан құрылған  тексерушілер, аудандық «Салауатты өмір салты» кабинетінің қызметкерімен бірлесе, Үлкен Нарын ауылындағы мектептері мен №22 кәсіптік лицейінде  «Қауіпсіздік ережелері» тақырыбына арналған лекциялар оқылып, пайдалы кеңестері кітапшалар таратылды.
Ағымдағы жылдың 1 мамырынан «Салауатты өмір салты» кабинетінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Шылым шегу денсаулыққа зиян» айлығы өткізілді. АІІБ-мен бірлесіп 18 жасқа толмағандарға темекі өнімдері мен алкоголь ішімдіктерін сату фактілерін болдырмау мақсатында Аумақтық органдар тарапынан дүкен сатушыларына ескерту қағаздары беріліп,  түсіндіру жұмыстары  өткізілді.
Қазіргі уақытта аудандық ішкі істер бөлімінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекциясының  есебінде 34 жас өспірім тұр.  
Есепте тұрған жасөспірімдер әр комиссия мүшесіне бекітіліп, олармен және  ата-аналарымен жеке-жеке тәрбиелік, психологиялық жұмыстар жүргізілуде. Жүргізілген жұмыстар туралы комиссия мүшелері әр айдың комиссия отырысында комиссия төрағасына есеп беріп отырады.
Сондай-ақ, аз қамтылған және тұрмысы қолайсыз отбасыларында тәрбиеленіп отырған балалардың тұратын жері бойынша материалдық-тұрмыстық жағдайларын білу үшін рейд жүргізіліп, аталмыш балаларға туберкулез, гепатит (боткина), педикулез және жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулардың алдын алу мақсатында  медициналық тексеру өткізілуде.
Құқықтық тәрбие беру мақсатында барлық  мектептерде  сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер мен диспуттар, прокуратура, АІІБ қызметкерлерімен кездесулер өткізілуде. Осындай жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылы нашақорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ.

2013 жылдың ақпан айында балалардың құқықтарын қорғауға арналған  Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген «Баланың құқықтары туралы», заңдарын және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін қолдану барысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған Аумақтық органдарнің кәмелеттік жасқа толмағандардың инспекторы, оқу бөлімінің әдіскері, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері қатысқан «Әр баланы қорғайық» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді.    
Барлық бұқаралақ топтасу орындарында «Менің таңдауым өмір – stop drugs»  атты нашақорлыққа қарсы тақырыпқа арналған жапсырмалар орналастырылды.
Нашақорлық заттарға тәуелді жеткіншектерді ерте бастан анықтау мақсатында нарколог дәрігерлері, ішкі істер, білім беру  бөлімдерінің қызметкерлері, кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау ісі жөніндегі аудандық комиссия мүшелері бірлесіп, жоспарға сай  ай сайын рейдтер өткізілуде.

2013 жылы 20 маусымда салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің филиалының, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық кітапханада «Бүгін-нашарқорлық өзекті мәселе» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтзкізілді.

2013 жылдың 5 тамызында ҚР-ның Конституция  күніне арналған  Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша «Жасыл ел» бағдарламасының  қатысушыларымен кездесу өкізілді.
Осы аталған іс-шаралардың барлығы жасөспірімдер мен балалар арасында құқық бұзушылықты төмендетуге және оларға құқықтық көмектер мен кеңестер беруге бағытталған.
Катонқарағай ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандар және олардың құқықтарын қорғау ісі жөніндегі комиссияның кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, құқық бұзушылықтың және қадағалаусыздықтың  алдын алуға байланысты қолданып жатқан шаралардың нәтижесінде, олардың арасында нашақорлық қылмысы үшін ішкі істер бөлімінің есебінде тұрған балалар жоқ.
Мәдениет саласында мерекелер қарсаңында мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығының артістері ауданның шалғай ауылдарына концерттік бағдарламамен шықты. Елді мекендердің мәдениет үйлерінде фольклорлық топтардың өнер көрсетуі, Отандық композиторлардың Қазақстанға, оның Астанасына  арналған саздары мен әндерінен мерекелік концерттер өткізілді. Катонқарағай ауданының орталығында музыка мектебінің  шығармашылық есебі өткізілді.
Ауданның барлық елді мекендерінде  мереке  күндері Мәдениет және демалыс орталығының артистері ауданда өткізілетін барлық іс-шараларға қатысып,   мерекелік шерулер, түрлі этностық топтардың әндері, билері мен әдет – ғұрыптарын насихаттайтын мерекелік концерттер, би кештерін ұйымдастырып тұрады.
Ішкі саясат бөлімі  Катонқарағай ауданында өткізілетін барлық мемлекеттік мерекелерінің дайындалу және оны өткізу жөніндегі тұжырымдамасын, бағдарламасын, іс-шаралар жоспарын, сценарийлерін әзірлеп, аудан әкімімен бекітіп, барлық ауылдық округтеріне мемлекеттік мекемелерге жеткізіп, орындалуын бақылап отырады.  

Сонымен қатар, аудан бойынша апта, ай сайын жоспарланған іс-шаралар туралы, мерекелер күндері өткізілген іс-шаралар туралы, күнделікті саяси-қоғамдық жағдай туралы ішкі саясат басқармасына мәлімет жіберіліп тұрды.

 

Парақтар өзгертілді: 13-12-2017