Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіКатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі  ҚР Үкіметінің 17 шілдедегі 2001 жылғы № 970 қаулысына сәйкес құрылды, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарауында.
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркі- Қазақстанның ең ірі паркі, жалпы аумағы 643477 га. Ұлттық парк Шығыс Қазақстан облысында орналасқан.
Парк "Үлкен Алтай" қазақстан-ресей трансшекаралық биосфералық резерваты халықаралық дәрежеге ие. Бұл дәрежені алу мақсатында үлкен жұмыстар атқарылды. Осы бағыттағы жетістік 2014 жылы 12 маусымда Швецияда өткен МАБ ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасы бойынша Халықаралық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында  Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркін Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосу туралы шешім қабылдау болды.
2017 жылы 14 маусымда Парижде "Үлкен Алтай" трансшекаралық биосфералық резерваты номинациясы мақұлданды.
2017 жылы қазақстан-ресей трансшекаралық биосфералық резерваты ретінде ЮНЕСКО Дүниежүзілік   биосфералық резерваттар желісіне қосылды.
Ұлттық парктің ұйымдастырушылық құрылымы келесідей:
Әкімшілік-басқару персоналы, алты бөлім және бес филиал. Парк аумағы 10 орманшылық, 30 шеберлік учаске, 248 инспекторлық айналымға бөлінген. Қорғау қызметінің штаты – 335 мемлекеттік инспекторды құрайды.

Тыныбеков Жанболат Батталович Тыныбеков Жанболат Батталович 1971 жылдың 25-желтоқсанында ШҚО, Катонқарағай ауданы, Чернова ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ, екі жоғары білімі бар. 1989 жылы Чернова орта мектебін бітіріп, еңбек жолын 1989 жылы 29 қыркүйекте ШҚО, Чернова марал-совхозында ағаш ұстасы болып бастады. 1995 жылы Алматы зооветеринарлық институтын бітірген. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына шақырылды. 2004 жылдың ақпан айынан бастап Катонқарағай МҰТП-де Чернова орманшылығында инспектор, орманшы ретінде жұмыс істей бастады. 2006 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген. 2008 жылдың наурыз айында Катонқарағай МҰТП-нің бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2011 жылдың сәуір айынан бастап ШҚО, Катонқарағай ауданы, Ульяновка ауылында "Амир" шаруа қожалығының басқарушысы болып жұмыс істеді. 2011-2012 жылдары ШҚО Катонқарағай ауданы, Аққайнар ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. 2012-2018 жылдары ШҚО, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауыл әкімінің орынбасары болды. 2018 жылдың маусым айында, Катонқарағай МҰТП-нің бас директоры болып тағайындалды. Қазіргі уақытта үш бала тәрбиелеуде.

Телефон: 8 (723 42) 2 13 45
Ресми сайт: www.br.katonkaragai.kz
Қабылдау күндері: Сәрсенбі, бейсенбі 15:00-17:00 сағатқа дейін.

 

Басшылық:

  • Бас директор-1
  • Бас директор орынбасары-1
  • Ғылым бойынша бас директор орынбасары-1

Парк құрылымына келесі бөлімдер мен құрылымдық бөлімшелер кіреді:

  • Орманды қорғау және өңдіру бөлімі – 7
  • Жануар әлемін қорғау және өңдіру бөлімі – 5
  • Ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімі – 5
  • Экологиялық ағарту және өңдіру бөлімі – 6
  • Қаржы  және экономика бөлімі – 6
  • Кадр жұмысы мен ұйымдастыру бөлімі - 5
  • Заңгер – 1
  • ТҚжЕҚ инженері – 1
  • Хатшы – референт – 1
  • Барлығы - 41 адам

Парк филиалдары мен орманшылықтар құрылымы:

  • Филиал директоры – 5
  • Орманды қорғау инженері - 5
  • Орманшы – 10
  • Орманшы көмекшісі – 10
  • Радиобайланыс инженері – 1
  • Бухгалтер-экономист – 1
  • Байланыс диспетчері – 4
  • Орман шебері – 30
  • Тұқым бағы шебері– 1
  • Мемлекеттік инспектор – 248
  • Филиалдар бойынша барлығы – 313
  • Мекеме бойынша барлығы – 354

Өсімдіктер әлемі

  • Парк аумағының 40%-ын (260580 га) орман алып жатыр. Ормандар негізін қылқан жапырақты ағаштар құрайды.
  •  Бұталар флорасының 56-дан астам  түрі бар;
  • Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 1000-нан астам түрлері бар;
  • Олардың ішінде 30-дан астам түрлері Қазақстанның және Дүниежүзілік табиғатты қорғау одағының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер тізіміне енгізілген.

Орманды қорғау және оңдіру саласында өткізілетін негізгі іс-шаралар:

  • Орман өрттерінің алдын алу, дер кезінде байқау және жою іс -шаралары.
  • Ормандарды заңсыз ағаш кесуден, зақымдаудан, ұрлаудан және басқа да орман ҚР заңнамасын бұзулардан, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлерін күзету;
  • Орман зиянкестері мен ауруларының ошақтарын уақтылы анықтау, олардың өсіп-көбеюін болжау және оларға қарсы күресу;
  •  Орманды жанама пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, омарталар орналастыру және т. б.)
  • Тұқым бағында көшет материалын өсіру.

Жануарлар әлемі

Парк аумағында мекендейді:

  • Құстардың 281  түрі (25 түрі Қызыл кітапқа енгізілген Қара Дегелек, Лашын, Қарақұс, Ителгі, Дала Қыраны, ақбас Тырна, Сұр Тырна, сұңқылдақ Аққу);
  • Сүтқоректілердің 69 түрі (5 түрі ҚР Қызыл кітапқа енгізілген-Қар барысы, Сабаншы, Иконников жарқанаты, Тас сусары, Алтай тау текесі);
  • Балықтың 17 түрі (1 түрі ҚР Қызыл кітабына еңгізілген - Таймень);
  • Қосмекенділердің 3 түрі;
  • 10 мыңнан астам омыртқасыздардың түрі  (2 түрі ҚР Қызыл кітабына еңгізілген).

Жануарлар әлемін қорғау және өңдіру саласында өткізілетін негізгі іс-шаралар:

  • Жануарлар әлемін қорғау,өңдіру және пайдалану іс-шаралары;
  • Жануарлар әлемін қорғау, өңдіру және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер және жобалау-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Биологиялық алуан түрлілікті сақтау іс-шараларын өткізу;
  • Сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі бар жануарлар түрлерінің қаза болуын,санының азаюын немесе тіршілік ету ортасының бұзылуын  болдырмау бойынша іс-шаралар.

Ұлттық паркте жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары

  • Табиғатты пайдаланудың әр түрлі режимдерінде табиғи экожүйелер мониторингі («Табиғат жылнамасы»);
  •  ҒЗЖ бойынша халықаралық ынтымақтастық;
  • Ғылыми конференциялар, семинарлар, жиналыстарға қатысу;     
  • Ғылыми жарияланымдар (мақала мен моногафиялар);
  •  КМҰТП ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары;
  • "Табиғат жылнамасы" бағдарламасы бойынша түгендеу және мониторингтік зерттеулер;
  • Катонқарағай МҰТП сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі бар құстардың түрлерін зерттеу;
  •  "Рахман қайнарындағы" өртеңдердің зиянкестері.

Катонқарағай ұлттық паркі Катонқарағай ауданының 30 мектептері, мектеп орманшылықтарымен, мектепке дейінгі мекемелермен, балабақшалармен, экологиялық-туристік клубтармен, жергілікті тұрғындармен үздіксіз жұмыс жүргізуде.

Басқа мекемелермен халықаралық ынтымақтастық:

  • Катун биосфералық қорығы (Ресей Федерациясы)
  • Моңғол Алтай ЕҚТА әкімшілігі (Ульгей, МХР)
  • Ресей WWF (Мәскеу, РФ)
  • Макса Планк ат. Химиялық экология институты (Йена, Германия)
  • РҒА география институты (Мәскеу, РФ)
  • Геттинген университеті (Германия)
  • «Пуща Роминская» ландшафттық паркі (Польша)
  • Жануарлар систематикасы мен экологиясы институты (Новосибирск, РФ)
  • Орталық  - Сібір ботаникалық бағы (Новосибирск, РФ) және т.б.

Экологиялық-ағарту және туристік мақсатта өткізілетін негізгі іс-шаралар:

  • Ерекше қоғалатын табиғи аумақта экскурсияларды ұйымдастыру;
  • Ерекше қоғалатын табиғи аумақ бойынша туриттік машруттар мен соқпақтарды ұйымдастыру және дайындау;
  • Брошюралар, буклеттерді және басқа да мекеме жұмысы туралы ақпараттық материалдарды дайындау және басып шығару;
  • Биосферлық резерватың қызметі мен экологиялық таза өнімін жарнамалау мақсатында жұртшылықпен, жергілікті халықпен жұмыс.
  • Жергілікті халық пен туристер арасында табиғатты қорғау тақырыбында лекциялар, әңгімелер өткізу және табиғат жайлы слайдтар мен ғылыми-танымдық бейнефильмдер көрсету.
  • ЕҚТА мамандарының бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбат беру.
  • Биосфералық резерваттың өтпелі аймағында  қонақ үйлер жүйесін ұйымдастыру және дамыту.

Жергілікті халықтың дәстүрлі табиғатты пайдалану түрлері:

  • Қонақ үйлер, ауылдық туризм;
  • тамақтану орындары (соның ішінде ұлттық ас үй), наубайхана,  бал, қымыз, сүт өнімдерін сату;
  • қолөнер, кәдесый бұйымдары;
  • марал шаруашылығы,  емдік туризм;
  • ара шаруашылығы;
  • Жидек, саңырауқұлақ, жаңғақ және дәрілік өсімдіктер жинау.

Экологиялық туризм түрлері:

  • Шытырман оқиғалы туризм (альпинизм және тау туризмі, треккинг, атты туризм, велотуризм, рафтинг);
  • Танымдық туризм (тақырыптық экскурсия мен турлар);
  • Фототуризм;
  • Жаратылыстану ғылымдары үшін мамандар  (биолог, географ, өлкетанушы, геолог, археологтар және т. б.);
  • Қажылық туризм (Мұзтау тауына саяхат);
  • Ауылдық туризм ( жергілікті тұрғындар қонақ үйлерінде тұру).

Парк аумағында республикалық маңызы бар 9 геологиялық геоморфологиялық және гидрологиялық нысан бар.
Туристер неғұрлым көп баратын 13 туристік маршруттар мен соқпақтар бар. Маршруттардың жалпы ұзындығы 673 км құрайды . Бүгінгі таңда жаңа маршруттар әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ұлттық парк кеңінен ақылы қызмет көрсетеді (қонақ үй қызметтері, жылқы , көлік тұрағын ұсыну, көлік жалға беру,  инспектор-жолсерік қызметі және т. б.).
Биосфералық резерваттардың басты мақсаты биоәртүрлілікті сақтаумен қатар жергілікті қауымдастықтардың орнықты дамуына жәрдемдесу болып табылады. Экологиялық және ауылдық туризмді дамытуға үлкен көңіл бөлініп жатыр. Парктің әкімшілік тарапынан  неғұрлым белсенді тұрғындар, халық шеберлері, кәсіпкерлер, ұлттық парк келушілеріне қызмет көрсетуге ниет білдірген шаруа қожалықтарының басшылары анықталып, қолдауға ие болды.   
Ұлттық парктің туристтік өнімдерін  жарнамалау мақсатында экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары әртүрлі туристік көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысады.
Катонқарағай МҰТП http://br.katonkaragai.kz/ru/ ресми сайтында парк туралы мәлімет берілген, сонымен қатар әлеуметтік желілерде парақшалары бар.: (https://www.instagram.com/katonkaragayskiignpp/ ,  https://www.facebook.com/katonkaragaygnpp/ ).

Қазақстан  Республикасы
Шығыс Қазақстан обласы
Катонқарагай ауданы, Катонқарагай ауылы
О.Бөкей көшесі №115 үй
Тел/факс: 8 (72342) 2-13-45
e-mail: rgu.katongnpp@mail.ru

 

Парақтар өзгертілді: 06-12-2018