Катонқарағай ауданы аумағында оқу жаттығу жұмыстарының жүргізілуі туралы ақпарат

2018 жылдың 10 қыркүйегінен 14 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының мобильдік дайындық жоспарына сәйкес, Катонқарағай ауданында штабтық-топтық оқу жаттығу жұмыстары жүргізілуде.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты:
1. Аудан аумағындағы ұйымдардың, мекемелердің төтенше жағдайлар орын алған жағдайдағы дайындығын көтеру.
2. Соғыс жағдайындағы мобильдік тапсырмалары мен тапсырыстары бар Мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың дайындықтарын бағалау.
Оқу жаттығу жұмыстарына аудан әкімінің аппараты, аудан бөлімдері, аймақтық ұйымдар тартылды.
Оқу-жаттығу барысында экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, кәсіпкерлік және туризмді дамыту бөлімі, ауылшаруашылық бөлімі, ТҮКШ және жолаушылар көлігі бөлімі және медицина қызметінің баяндамалары тыңдалды.