Аудандық қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ...

Аудандық қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ әлеуметтік және өзге көмекті ұйымдастыру бойынша Комиссияның жұмысы туралы

2018 жылдың 11 қыркүйегінде аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Р. Т. Құрмамбаевтың төралығымен аудан әкімдігінде қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ әлеуметтік және өзге көмекті ұйымдастыру бойынша Комиссияның отырысы өтті.
Комиссияда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету мәселелері талқыланды. 2018 жылы 6 маусымда өткізілген штаб отырысының хаттамалық тапсырмаларын орындау бойынша ақпараттармен №1 пробация қызметінің инспекторлары Н.К. Топенова, №2 пробация қызметінің инспекторлары М.З. Кенжегаринова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Л. Ж. Тоқсанова ақпарат берді
Есеп беру күні пробация қызметінде 65 адам есепте тұр. Жыл басынан халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналастыру үшін 12 адам жолдамамен жіберілді, оның ішінде 2-үі жұмысқа орналастырылды, қысқа мерзімді қайта даярлау курстарына-4 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға-1 адам жіберілді, "Бастау Бизнес"жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша курстарын 1 адам аяқтады.
Сондай-ақ ,квоталық жұмыс орындары бар кәсіпорындар басшыларының ақпараты тыңдалды, олар: мемлекеттік ұлттық табиғи парк, Үлкен Нарын орман шаруашылығы, "Алтай Комхоз Сервис" КМК, мәдениет және халықтың демалыс орталығы.
Сондай-ақ квоталанатын жұмыс орындары бар кәсіпорындар басшыларының ақпараттары тыңдалды, олар: мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Үлкен Нарын орман шаруашылығы, "Алтай Комхоз Сервис" КМК, мәдениет және халықтың демалыс орталығы.
Отырыс қорытындысы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған 2 жұмыссыз азаматтарды квота арқылы жұмысқа орналастыру бойынша шешім шығарылды.