Бейресми жұмыспен қамтылған халықтың қызметін рәсімдеу бойынша аудандық штабтың кезекті отырысы өтті

Катонқарағай ауданының 2018-2019 жылдарға арналған бейресми жұмыспен қамтылған халықтың қызметін рәсімдеу бойынша және ел экономикасына, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту туралы іс-шаралар Жоспарын (Жол картасы) орындау мақсатында Катонқарағай ауданының әкімдігінде 2018 жылдың 11 қыркуйегінде ауланы аралау барысында мәртебесі анықталған тұрғындарды өнімді жұмыспен қамтамасыз етуге өзектендіру, рәсімдеу және тарту бойынша аудандық штабтың отырысы өтті.
Штаб отырысына ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты.
Отырысқа қатысушылар жалдамалы қызметкерлердің еңбек шартын жасасу арқылы еңбек қатынастарын заңдастыру, жеке қосалқы шаруашылығы бар нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жекеменшік кәсіпкер ретінде тіркеу және зейнетақыны ерікті аудару туралы және басқа мәселелер талқыланды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпараттармен халықты жұмыспен қамту орталығының директоры С.З.Елюбаева, мемлекеттік кірістер жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Р.Б.Рахимов баяндады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Л.Ж.Тоқсанова "Еңбек шартың жасаңыздар!" республикалық акциясын жүзеге асыру бойынша жұмысты жандандыру туралы мәселені қозғады.
Штаб төрағасы Р.Т.Құрмамбаевпен халық арасында түсіндіру жұмыстарды жүргізу туралы ауылдық округ әкімдеріне және штаб мүшелеріне тапсырмалар берілді.