Катонқарағай аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалында мүмкіндігі шектеулі балалармен және олардың ата-аналарымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткізілген кездесу туралы ақпарат

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыру аясында «Нұр  Отан» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасын жолға қойды. Осы бағытта Катонқарағай аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы 2018 жылдың  шілде айының 26 күні жартылай стационарда қызмет алатын мүмкіндігі шектеулі балалармен және олардың ата-аналарымен кездесу өткізді.

Жобаның мақсаты: мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмірге құлшынысын арттыру, денсаулықтарына көңіл бөлу және олардың мәселерін шешуге көмектесу, мемлекеттік және кәсіподақтық бағдарламалардың орындалуын қадағалау.

Өткізілген шараға «Мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерге және қарт азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Катонқарағай аумақтық орталығы» КММ- нің мамандары, тәрбиешілер шақырылды.

Катонқарағай аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының статистика және есепке алу бөлімінің меңгерушісі А.Е.Шаяхметова, әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші Н.К.Нұрлыбаев және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді бағалау бойынша маман С.Б.Абиева «Кедергісіз келешек» жобасының бағыттары және мақсатымен таныстырып, бұл жоба қоғамның мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектердің мәселелерін түсініп, шешуіне және олардың қоғамда өз орынындарын тауып, білім алып, медициналық және әлеуметтік қызмет алуларына жағдай жасайтынын, қолдау көрсететінін атап өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде үнемі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға  ерекше тоқталып өтеді.

Кездесу соңында «Нұр Отан» партиясының филиалы «Мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерге және қарт азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Катонқарағай аумақтық орталығы» КММ- мен бірлесіп әр балаға сыйлықтар мен жерлес жазушы Ә.Қаңтарбаевтың кітабын сыйлады. Ата- аналар қызмет алушыларға қолдау көрсетіп отырған мекемелерге, «Нұр Отан» партиясының филиалына алғыстарын білдірді.