10 шілде күні біздің Катонқарағай ауданымыз «ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан бойынша департаменті қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша облыс көлемінде ұйымдастырылған «Адал жол-Честный путь» марафонын Күршім ауданынан қабылдап алды. Эстафета алауы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-Честный путь» кітабы ауданнан ауданға жол тартып отыр. Күршім ауданының әкімінің міндетін атқарушы М.Ж. Қалелов осы кітапты ауданымыздың әкімі аппаратының басшысы А.В. Байгонусовқа тапсырды. Жоспарға сәйкес, эстафета аудан көлемінде 10 шілдеден – 20 шілдесі аралығында өтеді.