Солоновка ауылдық округінде еліміздің Елордасы Астананың 20 жылдығына арналған жасөспірімдер арасында шағын футбол жарысы өтті.

Жарысқа Малонарым және Солоновка ауылының командалары  қатысты. Ойын Солоновка ауылындағы спорт аланында  өттi. Күннің қатты ыстығына қарамастан ойыншыларда жеңіске деген  құштарлық және мерекелік көңіл-күй байқалды. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар ойын барысында өз шеберліктерін көрсете білді.

Жарыстың қорытындысы бойынша І орынды Малонарым ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлектер командасы, ал екінші орынды «Солоновка ІІ» иеленді,үшінші орын «Солоновка ІІІ» командасына берілді.

Солоновка ауылдық округ әкімі Д.Батекенова және аудандық маслихатының  депутаты Ережепов Б.К жарыстың соңында жеңімпаз және жүлдегер командаларын мақтау қағаздарымен   бағалы жүлделермен марапаттады. Сондай-ақ, жарыстың ең нәтижелі ойыншылары марапатталды, оның ішінде: «Үздік қорғаушы» Қуаныш Дидар, «Үздік қақпашы» Зарлықанов Тлек, ал «Үздік шабуылшы» Назаров Мұрагер  атанды.

«Көрермендер көзайымы»  номинациясына  Қадылбек Елжас  ие болды. Өткізілген спорттық іс шара жалғасын табады деп жоспаралануда.