«Жаса, жайна  ару  қала»

Катонқарағай  ауылдық  кітапханасында   2018 жылдың 12 маусымында   Астананың  20  жылдығына  орай  С.Ластаев  мектебінің   жазғы  демалыс  лагері  оқушыларының  арасында  «Жаса, жайна  ару  қала»   атты  интернет  - саяхат   өткізілді.

Шара  мақсаты:  Астана  туралы  мағлұмат  беру,  Астананың  көрікті орындарымен  таныстыру .

Астана – еліміздің  бас  қаласы.  Әр  бала  өз  Отаны, туған  жері  туралы  біліп, оны  көркейтіп, қадірлей  білуі  керек.  «Арман  қала  - Астана»  атты  әңгіме  балалар  назарына  ұсынылды.  Балалар   еліміздің  жүрегіне  Астана  қаласына  видеофильм  арқылы   «саяхат»  жасап,  көрікті  жерлерімен  танысты. Шара  соңында  балалар  өз алған  әсерлерімен бөлісіп, ойларын  ортаға  салды.