Суға шомылу маусымының ашылуы: суға шомылу ережелері. Суда құтқарудың негізгі ережелері.

Жаздың қызып тұрған шағы. Суқоймаларындағы жазғы ойын-сауық пен демалыс өткізу кезі. Айдын шалқарлығы ештеңемен салыстырғысыз. Ол өзіне салқындығымен, таңсықтығымен, сұлулығымен тартады. Алайда көбіміз бұл ортаның адамға қаншалықты қауіпті екендігін сезе білмейміз. Жыл сайын біздің суқоймаларда адамдардың батып кетуін санақ көрсетеді. Суда жүзіп жүргенде өз қауіпсіздігі туралы ешқашан естен шығарма керек.

Демалысыңыз өкінішке айналмас үшін, қарапайым суда жүрудің қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:

таныс емес жерлерге түспеңіз;

балаларды судың жанында қараусыз қалдырмаңыздар;

түңгі уақытта және күн күркіреп тұрғанда түспеңіз;

кемелер мен қайықтарға жақындамаңыз;

суға түсу орнының қоршалған белгілерінен аспаңыз;

таныс емес жерлерге сүңгімеңіздер;

суға көпірден, бөгеттерден, қайықтан, катерлерден секірмеңіздер;

суда ойындар ұйымдастырмаңыздар.

Егер көз алдыңызда адам суға батып бара жатса не істеу керек?

Кез-келген біреуді көмекке шақыру. Айқаймен зардап шегушіні қайраттандыру. Зардап шегушіні құтқаруға кірісу.

 

Зардап шегушіге жақындаудың тәртібі:

тек-қана артынан жүзіп бару;

шашынан немесе киімінің жағасынан ұстап тарту;

басын су бетінде демей ұстап шалқасынан көшіру.

Суға батқан адамды шығарғаннан кейін алғашқы секундтарда не істеу керек?

задап шегушіні етпетінен тізеден асыра жатқызып, аузын тазартып, асқазан мен өкпедегі суды шығару үшін тілдің астын бірден қатты басып қалу керек.

задап шегушіні шалқасынан жатқызып қолдан тысын алдыруға кірісу керек.

Егер задап шегушінің қолқа тамыры соқпаса және қарашығы ұлғайса жүрекке жанама массаж жасауға кірісу қажет.

Суқоймаларында әрекет ету тәртібін орындау, қаза болу ықтималдығының мейілінше жоғалатындығының кепілі болып табылады.

«ШҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ № 36 ӨСБ инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Ж. Н. Темиржанова