«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш»

Үлкен Нарын балалар кітапханасында жоспар бойынша балалар жазғы демалысының оқулары басталды. Кішкентай бүлдіршіндерге мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру,  Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу мақсатымен маусымның 04 жұлдызында Қ.Дамитов атындағы орта мектебінің 1-4 сынып балалар арасында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты патриоттық сабақ өткізілді.  Мемлекеттік рәміздердің белгілерін  анықтау сұрақтарға кішкентай оқырмандар қызыға жауаптарын беріп өз ойларын пысықтады. Сабақтың жалғасында балаларды үш топқа бөліп викториналық  сұрақ-жауап, мақал-мәтелдердің, нақыл сөздердін жасырылған жалғасын тап деген ойындар ойнатылып балалар Отан, Рәміздер туралы тақпақтар оқыды.