Жаңа әліпби – рухани жаңғырудың негізі

2018 жылғы 16 мамыр күні аудан орталығының Достық Үйінде ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Талдау және әлеуметтік маркетингілеу институтымен бірлесе «Жаңа әліпби – рухани жаңғырудың негізі» атты тақырыпта облыстық көшпелі семинар өткізді.  Семинарға Күршім және Зырян аудандарының мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Семинар жұмысын кіріспе сөзбен Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары Р.Т. Құрмамбаев ашып, шараға қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі.  Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы С.С.Қалиғазина семинардың мақсат-міндеттерімен таныстырды.

Теориялық бөлімде Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің философия және саясаттану кафедрасының доценті А.М.Мамырбеков латын әліпбиін енгізудің маңызы, қазақ жазуының тарихы туралы әңгімелеп берді. ЕRUDІТ білім беру-ғылыми орталығының атқарушы директоры А.А.Азатов өткізген практикалық бөлімде семинарға қатысушылар жеке, жұптық және топтық жұмыстарды орындады.

Сондай-ақ олар семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Семинар соңында қатысушылар бір-бірімен пікір алмасты. Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.