«Сауатты тұтынушы болыңыз!»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ШҚО, Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, тел: 8(7232)-26-37-40, факс: 8(7232)-57-79-91,  e-mail: oskemen@economy.gov.kz) Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңының (ары қарай-Заң) ережелеріне түсініктеме жүргізеді.

1 сұрақ: Тоңазытқыш сатып алған едік, кепілдік мерзімі 1 жыл. 10 айдан кейін ол мұздатпайтын болды. Дукенге барып едім, сервис-орталығына жіберді, онда жөндеуге қажет қосымша тетік уақытша жоқ екенін айтты. 2 ай өтті, тоңазытқыш сервис-орталығында тұр, бірақ әлі жөнделген жоқ. Дүкен ақшаны қайтаруға қарсы және басқа мамандармен жөндеуді ұсынады. Оындай жағдайда қандай іс-әрекет жасауға болады? Дүкен өкілдерінің тұтынушыға ақшаны қайтарудан бас тартуға құқылары барма?

Жауап: Заңның 30-бабының 5 тармағына сәйкес, сатушы (дайындаушы) кепілді мерзімін белгілеген тауарға қатысты, сатушы (дайындаушы) егер тауардағы кемшіліктер оларды тұтынушыға бергеннен кейін тұтынушының тауарды пайдалану немесе оны сақтау ережелерін бұзуы не үшінші бір тұлғалардың іс-әрекеті немесе еңсерілмейтін күштің салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, тұтынушының талаптарын қанағаттандыруға міндетті.

Заңның 15 бабының 1 тармағына, 17 бабының 2 тармағына, 30 бабының 5 тарамына сәйкес, егер тұтынушы кепілді мерзімде тауардың кемшіліктерін анықтаса, шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалалй соманы қайтаруды талап етуге құқылы. 

Егер сатушы тауарға төленген соманы қайтаруға қарсы болған жағдайда, Заңның 22 бабына сәйкес, тұтынушы тауарды (жұмысты, көрсетілген қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы және осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеу туралы кінә қойып жүгінуге құқылы.

Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінәға күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушы сотқа жүгінуге құқылы.

         2 сұрақ: Тұтынушы электрондық тәсілмен тауар сатылғанда қандай негізгі сәттерге көңіл бөлуі қажет?

         Жауап: Егер тұтынушыны тауардың электрондық тәсілмен сатылу мәселесі қызықтыратын болса, оны Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» заңының 29 бабынан табуға болады.

         Тауарды саты-сатып алу ережелері, соның ішінде қайтару және жеткізу жағдайлары, азаматтық заңдылықтарына сәйкес, және-де Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңымен реттеледі.

         Тауардың электрондық тәсілмен сатылуы кезінде, осы іс-әрекетпен айналысатын ұйым,   сатып алушыға, тұтынушыға ұсынылған  тауарды  толық, анық мінездейтін  каталогтар, буклеттер, проспектылер, фотографиялар немесе басқадай ақпаратты материалдарды ұсынуға міндетті екенін атап өту қажет. Электрондық тәсілмен сатылатын тауарлар туралы ақпарат тұтынушылар мәліметіне   тауарға қосымша берілетін техникалық құжаттамада жеткізіледі. Сондай-ақ, сатушы тауардың электрондық тәсілмен сатылуы туралы ұсыныстың қолданылатын мерзімі туралы сатып алушыны ақпараттандыруға міндетті.

         Сатушы сатып алушыдан электрондық тәсілмен  тауарды сату бойынша келісім жасау ойы туралы хабарлама алған уақыттан бастап, сатушыда тауарды жіберу мен байланыстаы міндеттері пайда болады. Тұтынушы тауарды алу туралы өзінің хабарламасында  міндетті тұрде:  

1)                жеткізушінің толық  фирмалық атауын және мекен-жайын, сатып алушының, немесе ол көрсеткен  тұлағаның (алушының),     аты- жөнін, тегін, тауарды жеткізуге ұсынылған  мекен жайды;

2)                тауардың атауын, артикулын, маркасын, түрлерін, сатып алынатын тауардың жинағына кіретін  заттар саны, таурдың бағасы;

3)    қызмет түрі, орындалу уақыты және құны;

4)    сатып алушының міндеттері.

         Тауарды электрондық тәсілмен сату бойынша келісім, сатушы сатып алушыға  тауар үшін ақшаның  төленгенін расстайтын  чек, немесе басқа құжатты берген уақыттан бастап,  жасалған болып саналады. Егер тұтынушы тауар үшін қолма-қолсыз түрде төлеген болса немесе тауар несиеге сатылғанда, сатушы тауардың жіберілуін құжаттама немесе тапсыру-қабылдау актісін жасау арқылы бекітуге міндетті.     Сатушы тауарды сатып алушыға шартта бекітілген мерзімде және тәртіпте беруге міндетті.   Сатушының тауарды сатып алушыға жеткізу мерзімін бұзғаны үшін, сатушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық заңдылықтарына сәйкес  жауапкершілік жүктелген. Егер шарт сатып алушыға тауарды жеткізіп беру жағдаймен жасалған болса, сатушы шартпен бекітілген мерзімде, сатып алушы көрсеткен орынға, ал егер жеткізу орны көрсетілмеген болса, оның тұратын мекен жайына жеткізуге міндетті. Осыған орай, жеткізілген тауар сатып алушыға тұратын немесе басқа көрсетілген мекен жайы бойынша, сатып алушы болмаған жағдайда –түбіртекті немесе шартың жасалғанын, тауардың жеткізілуін толтырғанды анықтайтын басқадай құжаттарды ұсынған кез келген тұлғаға беріледі. Егер тауарды жеткізуде сатып алушы үшінші тұлғаның қызметін пайдаланатын болса, сатып алушы бұл туралы міндетті түрде ақпараттандырылуға тиіс.

         Сондай -ақ, сатушының сатып алушының келісімінсіз ақылы қосымша жұмыс орындауға (қызмет көрсетуге) құқылы емес екенін  атап өту маңызды. Сатып алушы мұндай жұмыс  (көрсетілген қызмет) үшін төлеуден бас тартуға құқылы,  ал егер төленіп қойған болса, сатып алушы сатушыдан төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы. 

   Егер сатушы тауарға төленген соманы қайтаруға қарсы болған жағдайда, Заңның 22 бабына сәйкес, тұтынушы тауарды (жұмысты, көрсетілген қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы және осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеу туралы кінә қойып жүгінуге құқылы.

Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінәға күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушы сотқа жүгінуге құқылы.

         Тұтынушы өз құқығын қорғау үшін:

        - құқығын бұзушы сатушыға (орындаушыға) сотқа дейінгі жазбаша наразылықпен,

        - тұтынушылар құқығын қорғау бірлестіктеріне,

        - сотқа жүгінуге құқылы. 

Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнамаларымен, тұтынушылардың, не болмаса  тұтынушылар құқығын қорғау бірлестіктерінің сатушыға (орындаушыға) жазбаша наразылықпен жүгінуі- келіспеушіліктерді сотқа дейінгі қарастыру тәртібі, тұтынушылардың құқығын қорғау процесінің міндетті деңгейі ретінде қарастырылған.

Егер сатып алған тауарыңыз бұзылған, ал қызмет сапасыз болса, міндетті түрде Заңға сәйкес өз құқығыңызды пайдаланыңыз.