Білім мазмұнын жаңарту - уақыт талабы

Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы аясында Катонқарағай ауданында қазақ тілі, ағылшын тілі және робототехника курстары ұйымдастырылып өткізілді. "Өрлеу" акционерлік қоғамының филиалы ШҚО бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының жаттықтырушылары Карибаева А.М., Курманова Ж.С., Жаманкулова А.К. бір ай көлемінде пәндерді жаңартылған білім мазмұнында оқыту тақырыбында дәрістер беріп, тренинг және практикалық сабақтар өткізді. Курс ұстаздарға жаңа леп, тың идеяларды ұсынып, білімді меңгерудің тиімді жолдарын айқындап берді. Мұғалімдер күнделікті сабаққа қысқа мерзімді жоспарды жасаудың құрылымымен егжей-тегжейлі танысып, оны практикалық сабақтарда жасап үйренді. Сонымен қатар көптеген оқыту стратегияларына және алған білімдерін тәжірибеде қолданудың тиімді тәсілдеріне, білім мазмұнын бағалаудың ерекшеліктеріне де тоқталды. Осындай жұмыстар мұғалімдердің өзінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге зор серпін береді.