Дәнді- дақылдарды ору  жұмысы аяқталуға  жақын

Биылғы жылдың  қолайсыз ауа-райына қарамастан ауданда дәнді-дақылдар ору жұмысы қарқынды жүргізілді. Ауылдық округтерден түскен жедел ақпараттарға сай, жоспарланған  19,8 мың гектар  егіс алқабының  18,5 мың гектары орылып, аудан бойынша орта есеппен 29,6 мың тонна  астық қамбаға құйылды. Аудан бойынша дәнді-дақылдардың орташа өнімділігі әр гектардан 16 центнерді құрады.

Өсімдік шаруашылығының дамуына мемлекеттік қолдаудың маңызы зор. Биылғы жылы қолданылған  минералды тыңайтқыштардың, гербицидтердің, астық тұқымының   құнын арзандатуға 130,7 млн теңгенің, мал азықтық дақылдардың егістік алқаптарына 11,1 млн теңгенің субсидиялары бөлініп, игерілді.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі