Мейірімділік айлығы аясында медицина қызметкерлерінің шығу жұмыстары  

Қарттар және мүгедектер күніне орай 1 қазаннан 1 қараша аралығында  барлық жерде мейірімділік айлығы өткізілуде. Мейірімділік айлығы аясында орталық аудандық ауруханаға тапсырмалар қойылды: қарт адамдар және мүгедектерге профилактикалық қарау үшін ашық есік күнін және шалғай жатқан елді мекендерге мамандардың барып қарауын ұйымдастыру.    

6 қазан 2017 жылы Ново – Поляковка ауылына профильды мамандар бригадасы барып қарауы бас дәрігер орынбасарының басшылығымен ұйымдастырылды: отоларинголог, хирург, терапевт, СӨС кабинеті дәрігері, дерматолог, лаборант.  Ең алдымен шығу жұмыстарының мақсаты – қарттарға, қимыл-қозғалысы шектелген, жалғыз басты адамдарға кеңестік қарау және стационарлық емдеуге іріктеу үшін жүргізілді. Барлық қаралғандар зейнеткерлер әр түрлі аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрады және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тегін дәрілерін алады.
Аймақ бойынша шаралар жалғасады. Жергілікті денсаулық сақтау ұйымының барлық әрекеттері денсаулық сақтау дамуының мемлекеттік бағдарламасын орындауға бағытталған және басты мақсаты: халық қажеттілігіне қарай денсаулық сақтаудың интеграциялық жүйесіне негізделген медициналық қызмет сапасының қолжетімді, толықтығын қамтамасыз ету. 

СӨС кабинеті дәрігері  Владимир Егоров