Мемлекеттік бағдарламалар тиімділігі түсіндірілуде

Аудан әкімінің өкімімен құрылған жұмыс тобы Катонқарағай - адалдық алаңы кеңсесінде Мемлекеттік бағдарламалар ("Бизнестің жол картасы-2020", "Ақниет" аймақтық даму бағдарламасы, қарапайым заттар экономикасы) бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 11 ақпандағы қабылдауға келген Үлкен Нарын ауылының тұрғындары бизнес аясын кеңейту, жаңа жобаларын жүзеге асыру сияқты мәселелерімен келіп, аудан әкімінің орынбасары, жұмыс тобының төрағасы Ж.Сыдықова мен топ мүшелері, тиісті лауазымды орган басшыларынан нақты жауаптар мен қажетті құжаттар бойынша кеңестер алды. Аталмыш шара мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз ісін ашуға немесе бизнесін кеңейтуге ниет білдірген әрбір ауылдық округ тұрғындарымен өткізілетін болады.