Қазақстан Халықтар Ассамблеясының «Бірлік» жобасы аясында өткен еріктілер тобының жұмысынан ақпарат

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерге және қарт азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Катонқарағай аумақтық орталығы » КММ - нің  мамандары мен әлеуметтік қызметкерлері де еріктілер тобымен көмекке мұқтаж жалғызбасты қарттарға волонтерлік көмек көрсетуді бастап кетті.  Волонтерлар жылы аясында  «Біз біргеміз!» ұранымен  2020 жылдың ақпан айында аумақтық орталықтың педагог - мамандары жалғызбасты зейнеткер Ю.М.Плотниковтың ауласындағы қарды шығаруға көмектесті.

Катонқарағай ауылының әлеуметтік қызметкерлері Рыков атындағы орта мектептің  8 сынып оқушыларымен бірлесе отырып, жалғыз басты зейнеткер және тыл еңбеккері Белоусова Татьяна Васильевнаның есігінің алды және сыртқы жағын қардан тазартып берді

Әлеуметтік қызметкер Л.Салабаева  мектеп оқушыларынан құралған «Тимур» командасының көмегімен Коробиха ауылының тұрғыны зейнеткер Осипова Бактыжамал Ержанқызының  үйінің төбесін қардан тазалап берді.